Стамбулдағы қырғызстандық студенттер, мигранттар және кәсіпкерлер қаланың тарихи бөлігі Тақсим алаңы маңында "Ақ қалпақ" мерекесін атап өтті.
Ресейде 18 наурызда өтетін президент сайлауында дауыс берушілердің қарасын көбейту үшін Қырым түбегі тұрғындарын қорқытып-үркітіп жатыр. Бұл жайлы Қырым татарлары ұлттық қозғалысы белсендісі Нариман Желал айтып берді.
Қазақстан президентінің бес әлеуметтік бастамасын қолдаушы да, сынаушы да бар. Петропавлда 170 отбасы апатты үйде тұрып жатыр. Бүгін Әлихан Бөкейханның туған күні.
Владикавказдағы Совет үкіметіне дейін шииттер тұрғызған мешіт ғимаратында СССР кезінде планетарий болған. Қазір билік планетарийді қалпына келтірмек. Бірақ мұсылмандар қарсы.
4 наурызда Словакияда коррупцияны зерттеген журналист Ян Куциак пен оның қалыңдығын жерледі. Оларды ақпан айының соңында белгісіз біреулер атып кеткен болатын.
Бүгін Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтті. Отырысқа ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев келіп қатысып, өзінің жаңа әлеуметтік саясаты жайлы айтты.
20-ғасыр басындағы қоғам қайраткері, "Алашорда" автономиялық үкіметі төрағасы Әлихан Бөкейхановтың өмірі менр күресі
Тәжікстан Білім және ғылым министрлігі елдің жоғары оқу орындарында талапкерлерге жазғызатын эссе тақырыптарының тізімін бекітті. Олардың арасында "Пешвои миллат- ҳомии миллат" ("Ұлт лидері – ұлт қорғаушысы") немесе "Пайравони Пешвои миллатем!"("Біз – Ұлт лидерінің ізбасарымыз") деген эссе тақырыптары бар.
Словакияның жетекші саясаткерлерінің қылмыс әлемімен байланысы туралы зерттеу жүргізген журналистің қазасы елден тысқары жерлерде де резонанс тудырды. Журналистке қарсы жасалған қастандықтың үлкен саяси салдары болуы мүмкін.
Флоридадағы атыс, Сириядағы соғыс, Пхенчхандағы олимпиада. 2018 жылдың ақпанындағы оқиғалардан фототоптама.
АҚШ астанасы Вашингтонда Орталық Азиядан шыққан екі азамат ұсталды. Олар Шешенстанға контрабандалық жолмен қару-жарақ сатты деп айыпталған. Бұл туралы Associated Press ақпарат агенттігіне сілтеме жасап вашингтондық WJLA басылымы хабарлады.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов ұлы Сердар Бердімұхаммедовпен кезекті рет жұрт алдына шықты. Әкесі мен ұлы елде ұйымдастырылған спорт жарысына қатысты. Мемлекеттік басылымдар бұл оқиғаны "ұрпақтар мұрагерлігінің символы" деп атады.
Пекинде Қытай коммунистік партиясының 19 шақырылымдағы орталық комитетінің үшінші пленумы ашылды. Ал жексенбі күні орталық комитет ҚХР конституциясына түзету енгізу ұсынысын ресми түрде жариялады. Комитет конституциядан «Коммунистік партия төрағасы мен оның орынбасары қызметін екі мерзімнен артық атқара алмайды» деген сөйлемді алып тастауды ұсынады.
Үш жыл бұрын қастандықтан қаза тапқан ресейлік оппозиционер Борис Немцовтың атында Вашингтонда алаң ашылды.
Түркіменстанда ұн бағасы қымбаттағалы әдетте үй жануарлары мен құстарға беретін кебекке сұраныс өсті.
Қазақстанда ұсталған Қырғызстан депутаты Дамирбек Асылбекуулуның әкесі Асылбек Супатаев Астана Бішкекке ұсынған мәліметтерге қатысты сұхбат берді.
Алматы облысында бірнеше үйді су басты. Ақтөбеде тағы бір автобус апатқа ұшырады. Ресейде оппозициялық саясаткерді еске алу шарасы өтті.
Ақтөбе облысының Хромтау ауданында Өзбекстан азаматтары мінген жолаушы автобусы аударылып, бірнеше адам жараланды. Жол апаты 25 ақпан күні сағат 20:40 шамасында Хромтау ауданының Жазық ауылы тұсында «Самара – Шымкент» жолында болған.
Ресей миграциялық заңды бұзды деп айыптап Өзбекстанға қайтармақ болған журналист, өзбекстандық Әли Феруз Германиядан саяси баспана алды. Жарты жыл Ресейде абақтыда отырып шыққан ол басынан кешкендері жайлы айтып берді.
Тағы