Сйсенбіде Пентагон өкілі коалиция әуе күштерінің Сирияның Дейр-эз-Заур (Дейр-эз-Зор деп те жазылады - ред.) провинциясында үкіметті қолдайтын әскерилерге берген соққысы өзін-өзі қорғау актісі болатын деп мәлімдеді. Бұған қоса, ол коалиция келешекте әлгіндей арандатуларға жауап ретінде күш қолданатын болады деп ескертті. Америкалық сарапшылардың сөзінше, бұл эпизод Барак Обаманың әкімшілігіне қарағанда, АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Сирияда әлдеқайда қатал стратегия ұстанатынын Дамаск пен Мәскеудің әлі де болса жете түсінбей отырғанын көрсетеді. Сириядағы жанжал барысына бұл жаңа бағыттың тигізер салдары үлкен болуы мүмкін.