"Арқанкерген" шекара бекетінде "15 адамды өлтірді" деп айыпталған Владислав Челах ақталып шыға ма? Петропавл тұрғындары қоғамдық көліктің жұмысына наразы.
Президент Дональд Трамп жариялаған АҚШ-тың зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің жаңа стратегиясында Солтүстік Кореяның қауіп төндіріп отырғаны, ал Ресей, Иран мен Қытайдың әскери қуатын күшейтіп жатқаны айтылған.
Кісі қолынан қаза тапқан қорықшы Ерлан Нұрғалиев жерленді. Марқұмның денесін Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Баршын ауылындағы қорымға қойды. Қаралы жиынға келген ауыл шаруашылық министрінің өкілі Ерлан Нұрғалиевты "Ерлігі үшін" медаліне ұсынғандарын айтты.
Халықаралық Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы "World Report 2019" есебін жариялады. Құжатта 90-нан астам елдегі адам құқықтары ахуалы сарапталған. HRW Қазақстандағы азаматтық қоғамның, сөз бостандығы мен кәсіподақтардың шектеуге ұшырағанын жазған.
Тәжікстан салық комитеті тұрғындар жиі пайдаланатын мессенджерлер байланысын қымбаттататын жаңа төлем тәртібін енгізгісі келеді.
Ян Палах 50 жыл бұрын Прага орталығында өзін-өзі өртеп, қаза тапты. Бұл оқиға әлемдік БАҚ арқылы дүйім жұртқа жайылды. Бірақ Палахқа дейін, я одан кейін де Совет Одағының Чехословакияға басып кіруіне қарсылық ретінде өртеніп өлген, бірақ атаусыз қалған адамдар бар еді.
Денис Теннің анасы қайта тергеу жүргізуді талап етеді. Президент сөзі мен Ұлттық банк дерегі неге сәйкеспейді?
Тәжікстан ислам орталығының ғұламалар кеңесі ер адамдардың қауқарын күшейтетін дәрі пайдалануға рұқсат беретін пәтуа шығарды.
Қазақстанда интернет неге жиі бұғатталады? Астана іргесіндегі мектепте жылу жоқ. Ауғанстанда тағы да жарылыс.
АҚШ президенті Дональд Трамп "Ресейге ешқашан жұмыс істемегенін" мәлімдеді. Ол мұны Ресей президенті Владимир Путинмен байланысы жайлы мәселені қозғаған БАҚ жарияланымдарына жауап ретінде айтты.
Иранда Қырғызстаннан ұшып шыққан Boeing 707 жүк ұшағы құлап, 15 адам қаза тапқаны хабарланды.
Иранда Қырғызстаннан ұшып шыққан Boeing 707 жүк ұшағы құлап, 15 адам қаза тапқаны хабарланды. Бір адам аман қалған.
Камчаткада шенеуніктер жергілікті ителмендер қауымынан аймақтың ең басты көрнекті орны – ашық аспан астында орналасқан "Пимчах" музейі тұрған жер телімін босатуды талап етті.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен өткізген келіссөзінің егжей-тегжейін өз әкімшілігі қызметкерлерінен бүкпегенін айтады. Ол "еш нәрсені құпия ұстап отырмағанын" мәлімдеген.
Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін.
Түркіменстан мемлекеттік телеарнасы жарты сағаттық бағдарламасында президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің бейнесін 52 рет көрсетіп, аты-жөні немесе қызметін 34 рет атады.
Бизнесмен Михаил Ходорковский және ол құрған "Досье" орталығы Орталық Африка Республикасындағы (ОАР) ресейлік үш журналистің өліміне қатысты жүргізген зерттеудің алдын ала қорытындысын жариялады.
Қытай билігі 12 елдің дипломаттарын шақырып, Шыңжаңдағы лагерьлерді көрсетті. Саяси тәрбиелеу орталығына Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Үндістан, Пәкістан, Индонезия, Малайзия, Таиланд, Кувейт дипломаттары ғана шақырылған.
Ресей Жапония елшісін шақырып, "екі ел басшыларының кездесуі қарсаңында Токио жағдайды ушықтыруға тырысып отыр" деп айыптады.
Қытай бірнеше елдің дипломаттарын Шыңжаңдағы "саяси тәрбиелеу орталықтарына" апарып көрсеткен. Олардың арасында Қазақстан мен Қырғызстан дипломаттары да бар.
Тағы