Алматы әкімдігі қаладағы 27 шағын ауданның атауын өзгертті. Енді үш ауданның аты "Нұр" деп басталады. Атауы өзгерген елдімекендердің біріндегі тұрғындардың жаңа атауға көңілі толмайды.
АҚШ президенті Дональд Трамп жаңа бюджеттен Мексикамен арада дуал тұрғызуға 5,6 миллиард доллар сұрап отыр. Ал конгрестегі Демократиялық партия лидерлері бұл жобаға қосымша ақша бөлуден бас тартты.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет Сириядан оралған қазақтарға қатысты пікір білдірді.
Қырғызстанда 2019 жылдан бастап құқық бұзушылық туралы жаңа кодекс күшіне енді
Жаңа жыл түні Қарағандыда болған оқиғаға қатысты Қазақстан парламентінің депутаттары мен ішкі істер министрлігінің орынбасары не деді? Армения премьер-министрі міндетін атқарушы Никол Пашинян не айтты?
Каримов тұсында ықпалды шенеуніктердің бірі болған Қадыров "бопсалау", "қызметтік өкілетін асыра пайдалану", "пара алу" баптары бойынша айыпталып отыр.
Қарағандыда көшеге шыққан тұрғындар жаңа жыл түнінде жаппай төбелесте мерт болған жігіттің қазасын тергеу барысы жайлы биліктен түсініктеме талап етті.
Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.
Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Канадада өтіп жатқан әлем чемпионатына (20 жасқа дейінгі спортшылар) қатысып жатыр. Қаңтардың 4-і күні Қазақстан Дания құрамасымен ойнайды. Өз топтарында соңғы орын алған екі аутсайдер әлем чемпионатының элитасында қалатын команданы анықтайды.
Тәжікстан ішкі істер министрлігі Таулы Бадахшан аймағындағы бейресми лидерлердің бірі Мамадбокир Мамадбокировтың інісі "бұзақылық" айыбымен ұсталғанын растады.
АҚШ конгресінің өкілдер палатасы демократ Нэнси Пелосиді спикер етіп сайлады.
Ресей АҚШ-тың бұрынғы теңізшісін "тыңшылық жасады" деп айыптап отыр. Ол сотта кінәлі деп танылса, 20 жылға сотталуы мүмкін.
Қырғызстанда кейбір милиция бөлімшелерінде қабырғалары мөлдір материалдан жасалған, видео және аудиоға жазатын құралдармен жабдықталған жауап алатын бөлмелер пайда болды.
Солтүстік Кавказ өңірін мекендеген, 30 жыл бұрын жоғалу қаупі төнген қабардин жылқылары қайта көбейіп, батыс Еуропаға дейін таралып келеді.
2018 жылдың бірінші жартысында Ресейде 324 мыңнан астам адам сотталды, 726 адам ақталды. Соның ішінде ұрлық жасағаны үшін сотталғандар бәрінен көп болды.
2018 жылы Ресейдегі президент сайлауында жеңген Владимир Путин елді алты жыл басқармақ. Соңғы уақытта Путиннің сыртқы саясаттағы әрекеттері көп мәселе тудырып, жағдайды біраз ушықтырып жіберді.
2018 жылы Қазақстанда болған оқиғалардан Азаттық тілшілері түсірген фотосуреттер.
Ресей құрамындағы Хакасия республикасында ФСБ тергеушілері "қылмыс құрамы жоқ" болғандықтан 30 жастағы белсенді Лидия Баинованың үстінен қозғалған қылмыстық істі жапқан
Қазақстан экономикасы 2018 жылы қалай өзгерді? Қырғыз саясаткерлері Атамбаев пен "Апрель" арнасын сотқа берді.
АҚШ президенті Дональд Трамп Иракқа бірінші рет сапармен барды. Ақ үй бұл сапар жайлы алдын-ала хабарламаған
Тағы