2017 жылы Ярославль түрмесінде отырып шыққан Евгений Макаров пен Руслан Вахапов колониядағы азаптау туралы айтқан. 2018 жылы күзетшілердің қамалғандарды қинап жатқан видеосы тарап кетті. Макаров пен Вахапов қазір бостандықта.
Еуропа одағының сыртқы істер және қауіпсіздік саясат бойынша жоғарғы өкілі Федерика Могерини Бішкектегі "Еуропа одағы – Орталық Азия" форумынан кейін Азаттыққа сұхбат беріп, 6 шілде күнгі Қазақстандағы адамдарды жаппай ұстау оқиғасы жайлы пікір білдірді.
Астана күні "рұқсат етпеген митинг өткізгені үшін" ұсталған кейбір азаматтар 10-15 тәулікке қамалса, кейбіріне сот айыппұл салды.
Шілденің 6-сы күні елде астана күні аталып өтіп жатқанда елдің бірқатар ірі қалаларында полиция "рұқсат етілмеген митингіге" шыққан жүздеген азаматты ұстады.
6 шілде Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкентте полиция жүзден астам адамды ұстады. Бұл күні Қазақстанда тыйым салынған ҚДТ қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әблязов халықты билікке қарсы наразылық шарасына шақырған. Қазақстан билігі Әблязов акциясын заңсыз деп санайды.
Тбилисиде маусымның 20-сынан бері үкіметке қарсы наразылық шаралары жалғасып жатыр. Шеруді бірнеше жас белсенді ұйымдастырған. Олардың наразылыққа шығуына не түрткі болды?
Шілденің 5-і күні түстен кейін Арыс қаласында тағы бір-екі снарядтың жарылғаны белгілі болды. Бір апта бұрын үйлеріне оралған кейбір тұрғындар бала-шағаларын қалаға әлі әкелмегенін, қаладағы жағдайдың қауіпсіз екеніне көзі жетпей отырғанын айтты.
Билікті сынаған үш белсендіні үйқамақтан абақтыға ауыстырды. Сенат спикері Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтан Назарбаевтың "өз-өзіне қол салмақ болғаны" хабарланды. 9 маусымдағы наразылықтан кейін жазаланғандар сотқа шағымданды.
Ресей билігі сүңгуір аппаратта болған өрттен 14 теңізшінің қаза болғанын хабарлады. Қорғаныс министрлігі әзірге бұдан басқа ақпарат берген жоқ. Тірі қалғандар бар-жоғы да белгісіз.
Bellingcat зерттеу ұйымының пайымдауынша, Ресейдің бұрынғы әскери агенті Сергей Скрипальге шабуылды Лондон орталығындағы қонақүйден ресейлік ГРУ офицері Денис Сергеев бақылап отырған. Бұған дейін ақпарат құралдары «ГРУ-да жұмыс істейтін Сергеевті Қазақстанда туған Ресей азаматы» деп жазған.
Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін.
Осы аптада аймақ баспасөзі 40 жыл бұрын Целиноградта (Нұр-Сұлтан) болған жастар наразылығы мен Қостанайдағы қазақ мектебі төңірегіндегі дау туралы жазды.
Шымкент әкімі мен Арыстың наразы тұрғындары мешітте кездесті.
Арыстағы жарылыстан кейін қаладан қашқан отбасының хикаясы. 24 маусымда Арыста әскери қойма жарылып, қаладан 39 мың тұрғын өз күштерімен қаланы тастап кеткен. Мыңдаған тұрғын қазір Шымкенттегі эвакуациялық пунктерде тұрып жатыр.
Маусымның 24-25 күндері Өзбекстандағы танымал шоу-бизнес өкілдері әлеуметтік желідегі парақшаларында елдің бірінші президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримованы мадақтап, оның тезірек бостандыққа шығуын тілеп отырғанын жазды.
Маусымның 24-і күні Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери қоймада қару-жарақ пен оқ-дәрі жарылып, екі адам қаза тапты. Жетпіс адам зардап шекті. Азаттық тілшісі сөйлескен әскери сарапшылар Арыстағы қоймада совет заманынан қалған қару сақталғанын айтады.
Маусымның 24-і күні таңертең Арыс қаласындағы әскери қоймада шыққан өрт жарылыстарға ұласып, бір адам қаза тауып, ондаған адам зардап шекті. Түркістан облысы әкімі төтенше жағдай жариялап, қаладан ондаған мың адам эвакуацияланды.
Маусымның 22-сі Грузия астанасы Тбилисиде мыңдаған адам Ресейге қарсы шеруге шығып, шенеуніктердің отставкасы мен кезектен тыс сайлау өткізуді талап етті.
Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.
Тағы