Осы аптада аймақ баспасөзі сайлаудан кейін "заңсыз ұсталған бірнеше азаматтың" полиция үстінен арыз түсіргенін, Қостанайда атақты өлкетанушы-фотограф, Ашаршылық және қуғын-сүргін жылдарындағы деректі суреттердің авторы Дмитрий Багаев көрмесі ашылғанын жазды.
Президент Тоқаев "креативті" деп бағалаған белсенді жастар билікке талап қойып жатыр. "Мұрағат" пен "мұражай" сөздері кімге ұнамайды? Ресей депутатының Грузия парламентіне келуіне халық наразы болды.
Грузияда ресейлік депутаттың ұлттық парламентте өткен жиында төрағаның орындығына отырып алуы жаппай наразылыққа түрткі болды. Мыңдаған адам Тбилиси көшесіне шықты. Полиция наразыларды тарату үшін арнайы құралдар қолданды.
Грузия парламентіндегі жиынды ресейлік депутаттың төраға орындығына отырып жүргізуі Тбилисиде жаппай наразылыққа ұласты.
Былтыр ғана оппозициялық сипатта құрылған "Жаңа Қазақстан" форумы тарады. Алматыда тағы бір базар бұзылмақ. Бұған саудагерлер наразы. Қазақстанда ұлттық бірыңғай тест басталды.
Украинаның Донецк облысына құлаған малайзиялық "Боинг" ұшағының апатқа ұшырау себебін зерттеген бірлескен тергеу тобы алғаш рет Нидерланд билігі бастаған қылмыстық іс бойынша күдікке ілінген төрт азаматтың аты-жөнін атады.
Митингіде ұсталғандар полиция әрекетіне шағымданып жатыр. Әкімдікті сотқа берген белсендінің арызы қайта қаралды. Қызметтік көлікті тастап, велосипедке көшетінін айтқан әкімдер сөзінде тұрды ма?
Қырғызстанда елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тиіспеушілік мәртебесінен айыру мәселесі бойынша парламент депутаттарынан құралған арнайы комиссия жұмысын аяқтады.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жайлы интернеттегі контентке жұрт қандай пікір білдіреді? Қолданушылар Тоқаевтың желідегі парақшаларына не жазады? Президент оларды оқи ма? Ақорда сайтына пікір қалдыруға бола ма? Азаттық шолу жасап көрді.
Тәуелсіз бақылаушы сайлауды қайта өткізуді талап етеді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қоғам мен билікті жақындата ала ма? ІІМ митингіде төрт мың адам ұсталғанын айтады. Мұхтар Әблязов бұған не дейді?
48 жастағы Андрей Кобышев 2017 жылы наурыздың ортасында жоғалып кетті. Наурыздың 12-сі күні туысы Петр Кравченкоға хабарласқан ол аяғы ауырып тұрғанын айтып, таныс фельдшердің телефонын сұраған. Петр Андрейге сұраған нөмірді жібергенін, бірақ өзімен қайта сөйлесе алмаған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews арнасына берген сұхбатында елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен үш жарым жыл бұрын президенттік қызмет туралы талқылағанын айтты.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "елде митингіге рұқсат беретін заң қабылданатынын" айтады. Белсенділер не дейді? Қазақстанда жаңа министрлер тағайындалды.
Өзбекстанның бұрынғы президентінің жиені Иман Каримова түрмедегі анасының қысым көріп, медициналық көмекке мұқтаж болып отырғанын айтады. Билік Гүлнара Каримоваға қысым көрсетілетінін жоққа шығарады.
15 маусымда Душанбеде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті өтті.
Оралдағы сайлау учаскелерінің басым бөлігін бақылаған тәуелсіз бақылаушылар ресми нәтижемен келіспей отыр.
Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.
Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының саммиті аяқталды.
Гонконгте бірнеше күннен бері миллионға жуық адам «қылмысқа күдіктілерді Қытай, Макао және Тайпейге беру туралы заңға» қарсы наразылыққа шықты. Маусымның 13-і күні Гонконгте мемлекеттік мекемелер уақытша жұмысын тоқтатты.
Нұр-Сұлтанда ұсталып, Шахтинскіде қамалғандар босап шықты. 12 маусымда кешкісін Алматыда полиция жүзден астам адамды ұстады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана, Батыс Қазақстан облысының әкімін, білім және ғылым министрін ауыстырды.
Тағы