Ташкент облысы Зангиат ауданындағы №21 әйелдер колониясының әкімшілігі швейцариялық адвокат Грегуар Манжаны (Gregoire Mangeat) Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримовтің үлкен қызы Гүлнара Каримовамен кездесуге рұқсат етпеген.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің өмірден өткеніне бір жыл толды.
Шілденің 15-16 күндері Австрия астанасы Венада өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының адамзат өлшемдері бойынша қосымша жиынына Қазақстанның ресми орындары қатыспады.
Өзбекстан шығысындағы Наманған қаласының әуежайында Ресейге жұмыс істеуге бара жатқан еңбек мигранттарына молдалар сапар алдында уағыз айтып жүр. Имам оларды жұбайларына адал болуға, діни экстремизмнен аулақ жүруге шақырады.
Наманған әуежайынан Ресейге ұшатын жолаушылар ресми молданың елге адалдық, діни экстремизм мен орыс әйелдер туралы арнайы уағызын тыңдауға мәжбүр.
БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі отырысында Батыс пен Ресей украин тілі туралы заңға байланысты дауласып қалды.
Әуелі ресейшіл сепаратистер "Украинаның ұшағын атып түсірдік" деп мақтана жөнелген. Кейін оның малайзиялық MH17 рейсті жолаушылар мінген әуе көлігі екені анықталғанда сепратистер мен кремльшіл БАҚ-тың сөзі күрт өзгерді.
Иордания королінің қарындасы, Біріккен Араб Әмірліктері премьер-министрінің кіші тоқалының батысқа қашуынан басталған халықаралық дау ушыға түсті.
Осы аптада аймақ басылымдары Атырауда балықтардың жаппай қырылуына байланысты алғашқы соттың қалай өткенін, Шымкент мектептерінде орын жоқ болғандықтан ата-аналардың балаларын мектепке орналастыра алмай отырғанын жазды.
БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі кеңесінің қорытынды сессиясы алдында 22 елдің елшісі Қытайдың аз ұлттарға - ұйғыр, қазақ, татар, қырғыз және өзге түркітілді этникалық топтарға жасап отырған қысымын айыптап, хат жолдады.
Батыс ақпарат құралдары Қазақстан билігінің қытайтанушы Константин Сыроежкинді тұтқындау себептеріне үңіліп, прокурорлардың белсенді Серікжан Біләштің ісін тексеріп болғаны туралы жазды.
Ресейдің Воронеж облысы Борисоглебск қаласында 25 жыл бұрын Тәжікстаннан қоныс аударған орыстардың басым бөлігі тұрады. Өткен ғасырдың 90-жылдары азаматтық соғыстан бас сауғалаған 450-ден астам отбасы осы жерге келген.
Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласа бастаған кейбір жастар қоқан-лоқы мен қысымға кезіккенін айтады.
Украина президенті 10 шілдеде Бориспольда осы қала кеңесінің хатшысы Ярослав Годунокты жиналыстан қуып шықты. Годунок бұрын істі болып, сотталған.
Бейсенбі күні Босния мен Герцеговинада мыңдаған адам 1995 жылғы Сребреница қырғыны кезінде қаза тапқан отандастарын еске алу шарасына жиналды. Арнайы зиратқа жаңадан табылған 33 мәйіт жерленді.
Уәдеге алғанған ондаған пәкістандық қыздың Қытайдағы тағдыры.
11 шілде - дүниежүзілік көші-қон күні. Осы ретте Азаттық Қазақстандағы миграция сальдосының қалай өзгергені жайлы деректер ұсынады.
Қырғызстанның Ыстықкөл облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты. Өзара соқтығысқан екі көліктің бірінде төрт жас жігіт болған, екіншісінде Қырғызстан парламенті депутаты Алиярбек Абжалиевтің ұлы, ел президенті Сооронбай Жээнбековтің туысы Темирлан Токобеков болған.
Астана күні қалада полицияның адамдарды жаппай ұстап жатқан сәтін видеоға түсірмек болған Азаттық тілшілеріне маска киген, қолшатыр ұстаған адамдар бөгет болған.
Түркімен билігі мемлекет қызметкерлерін жазғы демалысты Каспий жағасындағы қымбат Аваза курортында өткізуге міндеттеп жатыр.
Тағы