Желтоқсанның 16-ы күні Нұр-Сұлтанда билікке талабын жеткізуге Ақордаға бара жатқан топ адамды полиция жаппай ұстап, автобусқа күштеп салып, алып кетті. Билік бұған дейін осы күні рұқсат етілмеген шеруге шықпау жайлы ескерткен. Мейрам қарсаңында елде оннан астам белсенді әкімшілік қамауға алынған.