Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей президенті Владимир Путин 2019 жылдың соңына дейін Украинаның шығысындағы атысты тоқтату режимін толық енгізіп, тағы да тұтқын алмасуға келісті. Тараптар бұл туралы Парижде өткен "норман төрттігі" саммитінен соң мәлімдеді.
ҰҚК "қазақ-қытай шекарасынан заңсыз өтті" деген айып тағылған Қастер Мұсахан мен Мұрагер Әлімұлын Қытайға беру керек пе?
9 желтоқсанда Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (WADA) атқару комитеті Ресейді төрт жылға олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарынан шектеді.
Парижде "норман төрттігі" саммиті басталар алдында Киевтегі Украина президенті әкімшілігінің қасына жиналған жүздеген адам наразылық акциясын өткізді. Владимир Зеленскийдің әкімшілігі орналасқан көшеде бірнеше шатыр мен сахна пайда болды.
7 желтоқсанда Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь президенті Александр Лукашенко Сочиде екі елдің экономикалық интеграциясын талқылап жатқанда Минскіде жүздеген адам қарсылық шарасына шықты.
Осы аптада аймақ баспасөзі жарылыстан қираған Арыс қаласын қалпына келтірген кейбір құрылысшының жалақы ала алмай, билікке шағымданғанын хабарлады. Бұған қоса, Өскемендегі сайт біліктілік тестінен құлаған мұғалімдердің "арманы" туралы жазды.
5 желтоқсанда түстен кейін суретші Асхат Ахмедьяров Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырым жайлы айтқанына байланысты Украина халқынан кешірім сұрау үшін Украинаның Қазақстандағы елшілігі алдына барды.
Орталық Азия елдерінің астаналарындағы ауа қаншалықты лас?
Швеция заңындағы саңылауды пайдаланып мыңдаған заңсыз мигрант сол елде жұмысқа орналасып, еркін өмір сүріп келген. Швецияның TV4 арнасы мен Азаттық радиосының бірлескен зерттеуі осыны анықтады.
Қызылорда - Құмкөл бағытындағы жолда 35 жолаушысы бар автобус аударылды. Әкімшілік полиция өкілінің мәліметі бойынша, жол апатынан сегіз адам мерт болып, жиырмадан астам адам зардап шеккен. Апат болған жол жабық тұр.
Пекин 2 желтоқсанда штаб-пәтері АҚШ-та орналасқан үкіметтік емес халықаралық құқық қорғау ұйымдарына "Қытайдың арнайы әкімшілік аймағындағы (Гонконг) көтерілісті қолдағаны үшін" санкция салды. Бұл – Қытайдың АҚШ президенті Дональд Трамптың Гонконгтегі наразылықты қолдайтын заңына "жауабы".
Азаттық шенеуніктерден, депутаттардан және жұрттан пікір сұрап көрді.
Өзбекстан соты әкімшілік қамауға алынғаннан кейін жүйке аурулары диспансеріне мәжбүрлеп жатқызылған блогерді босатуды сұраған адвокаттың өтінішін қанағаттандырмады. Заңгер сот шешіміне шағым түсіретінін айтады.
Қырғызстанның шетелге қашқан бұрынғы президентінің немересі Руслан Бакиев ата тегін "Петров" деп өзгерткені жайлы Беларусь басылымы хабарлады. Қазір ол атасы Құрманбек Бакиев тәрізді сол елде тұрып жатыр.
Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо "Шыңжаңдағы лагерьлерде қазақтар қамауда отыр" деген ақпаратты "жалған" деді.
Қырғызстан экс-президенті Алмазбек Атамбаев пен әйелінің кәсіпкер Хабибула Әбдіқадырмен түскен суреті желіде тарады. Әбдіқадырдың есімі "Кедей елден жүздеген миллион ақшаны қалай алып шыққан?" атты журналистік зерттеуде аталады. Зерттеуде 2011 жылы оған Қазақстан паспорт берілгені айтылған.
"Қазақстанның демократиялық партиясын" құрғысы келетін бастамашыл топ өз жақтастарымен бірнеше қаладағы жиынындарында "арандатушылар" кедергі жасады деп айтады. Олар "мұның артында билік тұр" деп санайды. Демпартия құрғысы келетіндердің жиындары қалай өтті?
Бішкекте бейбіт митингіге шыққандар биліктен кеден саласындағы жемқорлықты жойып, шынайы реформалар жүргізуді талап етті. Акцияға Азаттық, OCCRP және Kloop бірлесіп жүргізген зерттеуде жарияланған деректер себеп болды.
24 қарашада Журналистердің халықаралық зерттеу консорциумы (ICIJ) "Қытай билігіне тиесілі" құпия құжатты жариялады. "Телеграмма" деп аталатын құжатта Пекиннің Шыңжаңдағы лагерьлерге қамалатын адамдарды анықтау жолы, саяси тәрбиелеу орталықтарының қалай басқарылатыны жазылған.
Танымал өзбек әншісі Лола Юлдошеваның соңғы клипінен тыңдармандар мен сыншылардың көбі "әлеуметтік наразылық" пен Өзбекстандағы цензураны сынайтын "революционерлік сипат" байқаған.
Тағы