Орал қаласының 38 жастағы тұрғыны Ерік Жұмабаев саяси реформалар талабымен қала орталығына шығып, бірнеше рет наразылық акциясын өткізген. Мүгедек арбасындағы белсенді "қайта-қайта" пикет өткізуге дайын екенін айтады.
Азат Еуропа/Азаттық радиосы (АЕ/АР) медиакорпорациясы Азаттық тілшілеріне аккредитация бермей отырған Қазақстан үкіметін сынап, биліктің бұл ісін соңғы кезде журналистердің жұмысына жасалып жатқан кедергілердің жалғасы деп атады.
Полицейлердің жол ережесін бұзғанын видеоға түсірген оралдық блогер Айболат Бөкеновті полиция департаменті де, әкімдік қаржысына жұмыс істейтін газеттің қызметкері де сотқа берген. Ақпанның 18-і күні Бөкенов тағы да тергеуге алынғанын естіді.
Қазақстанның әр өңірінде белсенділер жаппай ұсталып жатыр. "Полициямен төбелесіп, Қордайдағы жанжалға түрткі болған" ағайынды дүнгендер қамалды.
Ұлыбританиялық ВВС арнасы мен америкалық Associated Press ақпарат агенттігі редакциясына түскен 137 беттік құпия құжатта Шыңжаңның 311 тұрғынының жеке өмірі, отбасы, діни ұстанымы туралы деректер және не үшін лагерьге қамалғаны жайлы деректер бар.
Сирияның солтүстік-шығысындағы түрмелер мен лагерьлерде мыңдаған ер, әйел және бала қамауда отыр.
Әзербайжан полициясы халықаралық бақылаушылардың сынына қалған өткен аптадағы парламент сайлауының қорытындысына наразылық акциясы қарсаңында оппозициялық партияның үш басшысы мен жүзден астам белсендіні ұстады.
Жамбыл облысында болған ұлтаралық жанжалдан кейін міндеттерінің бірін "ұлтаралық келісімді сақтау және нығайту" деп көрсететін Қазақстан халқы ассамблеясына сын көбейді. Бұл орган қажет пе, жоқ па? Азаттық осы сұрақты ассамблея өкілдері мен сарапшыларға қойып көрді.
Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны қаперлеріңізге тағы бір мәрте саламыз.
Осы аптада аймақ баспасөзі Батыс Қазақстан облысында қытайлық компанияның деректерді өңдейтін дата орталық сала бастағанын жарыса жазды, әкімдердің халыққа есеп беру жиындарынан хабар таратты.
Қазақстанда тыйым салынған ҚДТ қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әблязов шақырған митинг қарсаңында белсенділер ұсталып жатыр. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Назарбаевтың жазбасына пікір білдірді.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені әрі парламент сенатының спикері Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтан Назарбаев Ұлыбританиядан саяси баспана сұрайтыны туралы Facebook әлеуметтік желісіне мәлімдеме жариялады.
Коронавируске байланысты карантинде тұрған Жапониядағы кемеде төрт қазақстандық бар. Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан шешесі мен атасын сынап, жазба жариялады.
Жапонияның Йокогама қаласының жағасында коронавирустан соң карантинге жабылған Diamond Princess круизінде Қазақстанның төрт азаматы бар. Бұл туралы 13 ақпанда Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Осыдан 30 жыл бұрын, 1990 жылы 12 ақпанда совет әскері Душанбедегі Тәжік ССР-і Компартиясы Орталық комитетінің ғимараты алдына жиналған наразы жұртқа оқ атып, 26 адам қаза тапқан. 400-ден астам адам жараланған еді.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон туған Даңғара кентіне соңғы жылдары көп мөлшерде инвестиция салынды. Қазір бұл елді мекенді облыс орталығына айналдыру ісі қолға алынған.
Қырғызстандағы ауылды жерде алтын іздеушілер Нарын өзеніндегі мұз үстімен өтіп бара жатыр. Олар бала-шағасын асырау үшін "бір түйір болса да алтын тауып алсақ" деп үміттенеді.
11 ақпанда кешке Теміртауда Қарағанды ГРЭС-1 (КарГРЭС-1) электр станциясына иелік ететін жеке компанияның күлден жасаған бөгетін су жырып, Нұра өзенінің су күлмен араласып, ластанды. Билік ГРЭС жұмысын тексермек.
Ресейдегі өңірлік соттың жеті белсендіні ұзақ мерзімге түрмеге жабу туралы «қатал» үкімі әлеуметтік желіде наразылық туғызып, сот шешімін сталиндік кезеңнің «жұртқа сабақ беру» мақсатындағы жазалау әдістеріне теңегендер де табылды.
Қазақ-дүнген жанжалынан соң кім қамалғанын үкімет неге айтпайды? Bek Air ұшағы соғылған үй иесін сотқа берген. Коронавирустан өлгендер саны мыңнан асты.
Тағы