Коронавирустан қаза болғандар саны мыңнан асқан тұста Пекин «вирустың таралуын тоқтата алмады» деп бірнеше шенеунікті қызметінен алды.
Орталық Азиядағы шекаралар ұзақ жылдар бойы адам өліміне әкелген қақтығыстар алаңына айналды. Аймақта анклавтар мен эксклавтар қалай болды? Тарихқа және даулы шекаралардағы бүгінгі жағдайға үңіліп көрейік.
Қытай және басқа елдер әлемді алаңдатқан коронавируспен қалай күресіп жатыр? Бұл суреттер ақпанның алғашқы он күнінде түсірілген.
Қазақ-дүнген жанжалында 10 адам қаза тапты, ондаған ғимарат өртенді. Билік бұл жанжалды неге "этникалық қақтығыс" деп атамайды? Қордай ауданындағы оқиғадан соң бірнеше адам қызметінен кетті.
Сарапшылар "Бұл сайлау – Әлиевтің әйелін президенттікке дайындау амалы" деп санайды.
Қордайда жанжалдан қаза болғандардың саны онға жетті.
Жамбыл облысы Қордай ауданында этникалық жанжал болып, ер адамдар ауылдардағы ғимараттар мен үйлерді өртеп, көліктерді қиратқан. 7 ақпан кешкісін шыққан жанжалдан жүздеген адам көршілес Қырғызстанға қашты.
Ақпанның 7-сі күні Жамбыл облысы Қордай ауданына қарасты бірнеше елді мекенде тұрғындар арасында жанжал болды.
Алматы тұрғыны консулдықтан "Қытайда қамалған інісі" жайлы ақпарат талап етті. Назарбаев әуежайының еден жуушылары жұмыс жағдайына шағымданды. Экологтар мен белсенділер Алматының ауасы денсаулыққа қауіпті екенін айтады.
Батыс Ауғанстандағы бұл елді мекен «жесірлер ауылы» деп аталады. Герат провинциясының Адрасқан ауданындағы Мир Әли ауылында тұратын 50 шақты әйелдің күйеулері Иран шекарасынан заңсыз есірткі тасу кезінде қаза болған немесе өлім жазасына кесілген.
Башқұртстан прокуратурасы "Башқұрт" ұлттық ұйымын "экстремистік" деп танып, тыйым салуын сұрап сотқа арызданды. Бұған дейін құзырлы орган "Башқұрт" ұйымына "экстремистік қызметпен айналысуға болмайтыны" туралы ескерту жіберген. "Башқұрт" ұйымы белсенділері онымен келіспейді.
АҚШ Сенаты президент Дональд Трампқа импичмент жариялауды қолдамады. Сенатта көпшілік дауысқа ие республикашылдар Трампқа "билік өкілетін теріс пайдалану" және "Конгресс жұмысына кедергі келтіру" айыптары негізсіз тағылған деп тапты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Қытайдың және Батыс басылымдарының «жүздеген адамның өмірін алған коронавирусты емдейтін теңдессіз дәрі табылды» деген ақпаратын растамады.
Ақордаға бармақ болған борышкерлердің жолын арнайы жасақ бөгеді. Бір жыл бұрын өрттен қаза тапқан бес баланың рухына ас берілді. Үкімет заңсыз ұтыс ойынына және "лоторея" сөзін пайдалануға тыйым салмақ.
АҚШ президенті елдегі жағдай туралы жыл сайынғы жолдауын жариялады. Өзі басқарған кезде ел экономикасы жетістіктерге жеткенін мәлімдеген Дональд Трамп соңғы жарты жылда Конгрестің көп уақытын алған импичмент дауы туралы ештеңе айтқан жоқ.
Алматы облысында тағы екі бала өрттен көз жұмды. Қытайда коронавирустан қаза тапқандар көбейіп барады. Қазақстанда қауіпті індетті жұқтырған адам жоқ. Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты сынап, пикет өткізген шымкенттік белсенді сотталды.
Қытайдың Ухань қаласында алғаш рет тіркелген коронавирус жүздеген адамның өмірін қиды, мыңдаған адам ауруханаға түсті және вирус басқа елдерге де тарап жатыр. Коронавирус жайлы бірнеше фактіні ұсынамыз.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Өзбекстанды "адам құқықтары саласындағы прогресі" үшін мақтап, екі ел арасындағы қарым-қатынасқа "тамаша әріптестік" деген баға берді. Құқық қорғаушылар Өзбекстандағы адам құқықтары мен бостандықтарының ахуалына әлі де алаңдайды.
Тағы