Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-19 коронавирусын пандемия деп жариялады. Қазақстан үкіметі мектеп оқушыларын демалысқа ерте шығарып, мерекелік іс-шара мен ұшақ қатынасына шектеу енгізілетінін хабарлады.
АҚШ мемлекеттік департаменті наурыздың 11-і күні жариялаған Адам құқықтары туралы 2019 жылға арналған есебінде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың билікке әлі ықпал етіп отырғаны, қазіргі үкімет адам құқығын шектеп жатқаны айтылған.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы, Сенат спикері Дариға Назарбаева мен оның ұлының "күмәнді үйі" туралы әділет министрінің пікірі. Мешіт алдында қайыр сұраған белсенді ақшасын "Нұр Отанға" әкелді. Алматыда коронавирустен қорыққан жұрт билік мәліметіне күдікпен қарайды.
Владимир Путин кезекті рет президент сайлауына түсуге кетәрі емесін мәлімдеді. Бұл туралы ол 10 наурызда Мемлекеттік думада айтқаннан кейін, депутаттар Ресей конституциясына тиісті өзгерту енгізуді қолдап дауыс берді. Путиннің өзі ұсынған заң жобасын депутаттар екінші оқылымда қабылдады.
Британ сотында Қазақстанның бұрынғы президентінің үлкен қызы әрі парламент сенатының спикері Дариға Назарбаеваны Лондондағы құны 100 миллион доллардан асатын, күдікті үш жылжымайтын мүліктің иесі деп атады.
Ұлыбританияның қылмыспен күрес жөніндегі агенттігі Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиевке тиесілі болуы мүмкін деген күдікпен Лондондағы зәулім үйді бұғаттады.
Мұнай арзандап, доллардың қымбаттауы үкіметті де, тұрғындарды да алаңдатады. Ағаділдің мәйітін видеоға түсіргендер үстінен іс қозғалды. Коронавирус Еуропаның барлық еліне тарады. Қырғызстанда әйел құқығын талап еткен митинг тағы өтті.
Әлемде тарап жатқан коронавирус пен ОПЕК+ жиынындағы сәтсіздіктен соң мұнай бағасы құлдырап, соның салдарынан долларға шаққандағы теңге бағамы өсті. Мұнайға тәуелді Қазақстан қандай шаралар қабылдамақ?
Қытайда тараған коронавирус әлемнің жүзге жуық еліне тарап, 111 мыңнан астам адамнан табылды. Қаза болғандар саны 3800-ден асып кетті. Әлемді коронавирус қысқан сәтте франциялық аспаз "Коронавирус" деп аталатын тәтті жасады.
9 наурызда Италияда коронавирустан тағы 93 адам қайтыс болды. Елде дерттен көз жұмғандар саны 463 адамға жеткен тұста үкімет бүкіл Италияда карантин жариялады.
2014 жылы Украинада құлаған Malaysia Airlines әуе компаниясының MH17 ұшағының апатына байланысты 9 наурызда Гаагада (Нидерланд) сот басталды.
Италияның солтүстігіндегі 15 аймақ толық карантинге жабылды. Қытайда вирус жұқтырғандар азайып келеді. Оңтүстік Корея да дертке шалдыққандар өткен аптадағыдан сәл төмендегенін хабарлады.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы мақала шыққан соң қылмыстық іс қозғалды. Коронавирустен қауіптенген тұрғындар Тоқаевқа хат жолдады.
Қазақстанның экс-президенті, "Нұр Отанның" лидері Нұрсұлтан Назарбаев астанада жиын өткізіп жатқанда Алматыда белсенділер "Нұр Отан" ғимаратында наразылық білдірді. Қазақстанда коронавирус қаупіне байланысты сегіз мың адам бақылауға алынған. Сайрагүл Сауытбай АҚШ-та сыйлық алды.
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Азат Еуропа/Азаттық радиосы Орталық Азия елдеріндегі әйелдерге "Балалық шағыңызға қандай кеңес берер едіңіз?" деп сұрады.
Әлемнің біраз елінде маскі киген жұрт көбейді.
Тәжікстанда "коронавирус жұқтырғандар" туралы қауесет тараған соң тұрғындар бағасы күрт қымбаттаған азық-түлікті жаппай сатып алып жатыр. Билік елдегі тамақ қоры екі жылға жететінін айтып, халықты тыныштандыруға тырысты деп хабарлайды Азаттықтың Тәжік қызметі - Озоди радиосы.
Иранда бір медбике коронавирустан көз жұмды және дәрігерлердің көбі қауіпті жағдайда жұмыс істеп жатыр. Соған қарамастан дәрігерлер өзін видеоға түсіріп, жұртты мойымауға шақырады. Әлеуметтік желіде олардың билеп жатқан видеолары кең тарала бастады.
Шыңжаңдағы саяси тәрбиелеу лагерьлері жайлы алғаш болып айтқан Қытай қазағы, қазір Швецияда тұратын Сайрагүл Сауытбай АҚШ мемлекеттік департаментінің "Батыл әйелдер" халықаралық сыйлығын (Annual International Women of Courage) алды
Шыңжаңдағы саяси тәрбиелеу лагерьлері жайлы алғаш болып айтқан Қытай қазағы, қазір Швецияда тұратын Сайрагүл Сауытбай АҚШ мемлекеттік департаментінің "Батыл әйелдер" халықаралық сыйлығын (Annual International Women of Courage) алды.
Тағы