Штаб-пәтері Вашингтонда орналасқан Freedom House халықаралық ұйымы биылғы есебінде «Қазақстанды отыз жылдай басқарған Нұрсұлтан Назарбаев президенттіктен кетіп, орнына Қасым-Жомарт Тоқаев келген соң елде басталған наразылық шараларын билік күшпен басты» деп мәлімдеді.
Қазақстаннан босқын мәртебесін ала алмаған Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбай халықаралық сыйлықты иеленді. Шыңжаңдағы қазақтар мәселесімен айналысатын тіркелмеген "Нағыз Атажұрт еріктілері" ұйымы жабылатынын мәлімдеді.
«Қазатомөнеркәсібі» компаниясының бұрынғы басшысы, 11 жыл қамауда отырған Мұхтар Жәкішев шартты жазамен бостандыққа шығады. Жәкішевті босату шешіміне Тоқаев ықпал етті ме? Белсенділер өзге де "саяси тұтқындарға" бостандық сұрайды.
Бішкекте саясаткер Садыр Жапаровты түрмеден босатуды талап еткен жүздеген адам қатысқан наразылық шеруін полиция жас ағызатын газ бен су шашып таратты. Жиырмадан астам адам зардап шеккен. Шеруден соң арасында экс-депутат бар бірнеше адам қамалған.
Қазақстандық құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп атайтын Мұхтар Жәкішевтің шартты жазамен мерзімінен ерте қамаудан босатуды сұрап жазған үшінші өтінішін сот қанағаттандырды. Прокурор он жылдан астам уақыт бойы түрмеде отырған тұтқынды босатуға қарсы болды.
Қытай билігі Шыңжаңдағы ұйғырларды әлемге танымал брендтер өнімін шығаратын фабрикаларға мәжбүрлі түрде жұмысқа жіберген. Бұл туралы Австралия стратегиялық саясат институтының (ASPI) есебінде айтылады.
Түркия Ресей қолдайтын Сирия үкіметінің әскери базаларын атқылап, бірнеше ұшағын құлатты. Түркия президентә Режеп Тайып Ердоған "бұл басы ғана" деді. Сирия қарулы күштері де түрік ұшақтарын атып түсіргенін айтты. Сириядан қашқан мигранттар Еуропа шекарасында тосқауылға ұшырады.
Коронавирус жұқтырған елдерде 95 мыңдай қазақстандық жүр. Ішкі істер министрі 1 наурыздағы митингіде қанша адам ұсталғанын айтты. Түркия мен Ресей қолдайтын Сирия армиясы арасындағы қақтығыс күшейді.
Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны үш мыңға жетті. 2 наурыздағы дерек бойынша, вирус 89 мың адамға жұққан. Covid-19 дерті Қытайдан асып, әлем елдеріне тарап жатыр. Қазір бұл вирус 60-тан астам елде табылды.
Оппозициялық топтар "митинг өтеді" деп жариялаған көктемнің алғашқы күні бірнеше қалада ондаған белсендіні полиция ұстады. Әкімдік ғимараттары мен алаңдарда күзет күшейіп, интернет байланысы нашарлады.
Әлемдік ақпарат құралдары Қазақстанда ақпанның 22-сі күні өткен үкіметке қарсы наразылық акциясы қатысушыларын жаппай ұстаудың елдің саяси өмірі мен 2021 жылға жоспарланған парламент сайлауына әсерін және астаналық тергеу изоляторында көз жұмған белсенді Дулат Ағаділдің өлімінен кейін туған жағдайды
Полиция Нұр-Сұлтандағы тергеу абақтысында қайтыс болды деп хабарлаған белсенді Дулат Ағаділ жерленгеннен кейін әлеуметтік желіде марқұмның денесіндегі "жарақаттар" жайлы видео тарады.
Дулат Ағаділдің денесіндегі көгерген тұсы қоғамда күдік тудырды. Құқық қорғаушылар мен белсенділер абақтыда азаптау көп екенін айтады. Қырғызстанның бір азаматы коронавирус жұқтырған. Монғолия президенті карантинге жатқызылды.
Қытайдың Ухань қаласынан тараған коронавирус қазір әлемнің 50-ден астам еліне тарады.
Полиция Нұр-Сұлтандағы тергеу абақтысында қайтыс болды деп хабарлаған белсенді Дулат Ағаділ жерленгеннен кейін әлеуметтік желіде марқұмның денесіндегі "жарақаттар" жайлы видео тарады. Прокуратура шұғыл брифинг өткізіп, ресми сараптама қорытындысын күтуге шақырды.
Нұр-Сұлтан абақтысында ақпанның 25-і күні қаза тапқан белсенді Дулат Ағаділді Талапкер ауылында ақтық сапарға шығарып салды.
Үндістан астанасы Делиде хиндилер мен мұсылмандар арасындағы діни қақтығыстан кем дегенде 32 адам мерт болып, 200-ден астам адам жараланған. Бұл жанжалға не түрткі болды?
Тергеу абақтысында көз жұмған белсенді Дулат Ағаділмен Талапкер ауылында өткен қоштасу рәсіміне мыңнан аса адам қатысты. Бірнеше қалада марқұмды еске алуға жиналғандар билікті айыптады. Нұр-Сұлтанда жиырмадан аса наразыны полиция ұстады.
Нұр-Сұлтан қаласында сот екі адвокат Ерлан Ғазымжанов пен Аманжол Мұхамедияровты ашық сот отырысынан аудио-видеожазба жариялағаны үшін лицензиясынан айырды.
Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында көз жұмған Дулат Ағаділ жаназасына бармақ болғандарды полиция ұстап жатыр. АҚШ мемлекеттік департаменті белсенді қазасына байланысты көңіл айтты және тергеу тиянақты өтетініне сенім білдірді. Митингі туралы заң жобасын құқық қорғаушылар тағы сынады.
Тағы