Қазақстан COVID-19 кесірінен көз жұмғандар мен коронавирус жұқтырғанымен, "ілеспе аурудан" қайтыс болғандар статистикасын екі бөлек жүргізетінін мәлімдеді. Бұған қоса вирус жұққан, бірақ симптомы жоқ адамдарды да жеке тіркеуге көшті. Сарашылар мұндай есеп ауру жайлы жалпы картинаны бұрмалайды дейді.