Былтыр Қазақстаннан көшкен 45 мыңнан астам адамның көпшілігі – орыстар. Зерттеушілер халықтың, әсіресе жастардың көшуіне бұл елде дамуына мүмкіндіктің жоқтығы, жемқорлық, адам құқықтарының бұзылуы, экономикалық жағдайдың нашарлауы мен білім сапасының төмендеуі себеп болып отырғанын айтады.