Ресей президенті Путиннің ресми өкілі Кирилл Дмитриев АҚШ-қа барған. Бұл туралы дереккөздеріне сілтеп РИА "Новости" агенттігі мен америкалық CNN және Axios сайттары хабарлады.
Бұл сапар жайлы ресми хабарланбаған. Дмитриевтің сапары АҚШ президенті Дональд Трамптың екінші рет президенттікке келгелі Ресейге салған санкциясымен тұспа-тұс келді.
CNN телеарнасы дереккөздеріне сілтеп, Дмитриев АҚШ президенті әкімшілігімен Мәскеу мен Вашингтонның қарым-қатынасы жайлы "ресми келіссөз" жүргізбек. Ал Axios тілшісі Барак Равид дереккөзінің ақпаратына сүйеніп, Дмитриев Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткоффпен кездеседі дейді.
Кирилл Дмитриев бұған дейін Ресей мен АҚШ-тың Сауд Арабиясындағы келіссөздеріне қатысқан еді.
Осы аптаның басында АҚШ Украинадағы соғысқа байланысты Ресейдің "Роснефть" және "Лукойл" компанияларына санкция салған. Ал Трамп Путинмен Будапеште өтуі тиіс кездесудне бас тартқан.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ АҚШ "Лукойл" мен "Роснефтке" санкция салды