Accessibility links

Ресей ұзаққа ұшатын дрондарын жетілдірген болуы мүмкін


Ирандық "Шахед" дроны
Ирандық "Шахед" дроны

Ресей билігі алысқа ұшатын дрондарын жетілдірген болуы мүмкін. Енді мұндай дрондар қозғалып жүріп нысандарға соққы жасай алады деп жазды The War Zone.

Сәрсенбі күні ресейлік әскери "Изнанка" телеграм-арнасы ресейлік дрондардың Чернигов облысы Бобровица қаласында қозғалып бара жатқан пойызға соққы жасағаны туралы видео жариялады. Видеода дрондардың әуелі локомотивке соққы жасап, кейін вагондарға шабуылдағаны көрінеді.

"Дрондар қозғалып жүріп нысанаға соққы жасап, Украина қарулы күштерінің ұшағынан айналып өтіп, өздерін атып түсіруге мүмкіндік бермеді" деп Настоящее время жазбадан үзінді келтіреді.

Украиналық "Мілітарний" жобасының жазуынша, ресейлік әскерилер шабуылдау үшін Shahed дронының түнде көретін камерамен жабдықталған жаңа моделін пайдаланған.

The War Zone жазуынша, бұл Shahed-дің жаңа түрі болуы мүмкін. Бірақ мұндай жағдайда технологияның жетілдірілгені жөнінде айтуға болады, себебі әдетте дронда бір орында тұратын нысандарға соққы жасау үшін пайдаланылып келген.

Бұған дейін Financial Times Ресей "Искандер-М" мен "Кинжал" ракеталарын да жетілдіре алғанын жазған: енді олар әуелі стандартты траекториямен ұшып, ізінше күрт бағытын өзгертеді не маневр жасайды, осылайша Patriot жүйесіне өзін атып түсіруге мүмкіндік бермейді. Осының нәтижесінде Украинаның баллистикалық ракеталарды атып түсіруі тамызда – 37 пайызға дейін, қыркүйекте 6 пайызға дейін қысқарған.

XS
SM
MD
LG