Шерхан. "Қайрат" қақпашысы "Реалмен" ойыннан соң танылды
«Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрза «Реалмен» ойыннан кейін «Инстаграмдағы» ең танымал қазақстандық футболшыға айналды. Бірнеше күннің ішінде оның жазылушылары бірнеше есе өсіп, 350 мыңнан асып кетті. «Қайрат» «Реалдан» ірі есеппен жеңілсе де, футболшыға алғыс айтқан жанкүйер көп.