Transparency International ұйымы Орталық Азия елдерінің жемқорлық индексін жариялады. Онда Қазақстанның көрсеткіші былтырмен салыстырғанда жақсарған. Ұйымның мәліметінше, Қазақстанның рейтингіде үш сатыға көтерілуіне Қаңтар оқиғасынан кейін азаматтық белсенділіктің артуы ықпал еткен.