Алматыда тағы бір науқас қайтыс болды. Елде 10 адам көз жұмды
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 10 сәуір 20.15-тегі дерегіне сай, Алматы қаласында коронавирус жұқтырған 1963 жылғы науқас қайтыс болды.
Министрлік елде тағы алты адамнан (Атырау облысында екеу, Алматы қаласы, Павлодар облысы, Қызылорда облысы, Түркістан облысында бір-бір адамнан) коронавирус табылғанын хабарлады.
Елде қазір 808 адамнан вирус табылды. 10 адам қайтыс болды. 64 адам дерттен айықты.
Қазақстанда тағы төрт адамға вирус жұқты
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 10 сәуір 22.25-тегі дерегіне сай, елде тағы 4 адамнан коронавирус табылды: Нұр-Сұлтан қаласында - 2 адам, Жамбыл облысында - 1 адам, Атырау облысында 1 адам.
Елде вирус жұқтырғандар 812 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 228
- Алматы қаласы – 123
- Қызылорда облысы – 105
- Ақмола облысы – 61
- Қарағанды облысы – 61
- Шымкент қаласы – 31
- Атырау облысы – 48
- Жамбыл облысы – 46
- Түркістан облысы – 35
- Солтүстік Қазақстан облысы – 25
- Ақтөбе облысы – 11
- Алматы облысы – 10
- Маңғыстау облысы – 9
- Шығыс Қазақстан облысы – 6
- Батыс Қазақстан облысы – 6
- Павлодар облысы – 4
- Қостанай облысы – 3
Әлемде вирустан қайтыс болғандар жүз мыңнан асты
Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар жүз мыңнан асты. Джон Хопкинс университетінің дерегінше, 11 сәуірде вирус жұқтырғандар 1,7 миллион адамға жеткен. 102 мыңнан астам адам қайтыс болған.
Испания, Франция, Италия, Ұлыбританияда күн сайын жүздеген адам өліп жатыр. Еуропада 64 мыңнан астам адам вирустан көз жұмған.
АҚШ-та шамамен 18 700 адам вирустан қайтыс болды. Мұнда 500 мыңнан астам адамнан вирус табылған. Бұл әлем бойынша ең жоғары көрсеткіш.
10 сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп 100 мың адам қайтыс болуы мүмкін деген дәрігерлер болжамымен келіспейтінін айтты. Қазір АҚШ-тың Нью-Йорк Штаты вирустан қатты зардап шегіп жатыр.
Трамп жұма, 10 сәуір күнгі брифинг кезінде "вируспен күресудің агрессивті стратегиясы нәтижесін көрсетті" - вирус жұқтырғандар алғаш рет азая бастады деп мәлімдеді. Ол сонымен бірге 14 сәуірде АҚШ экономикасын қалпына келтіру бойынша шұғыл топ құрылатынын айтты.
Еуропа мен өзге мемлекеттер коронавирустың экономикаға ықпалын азайту үшін шектеу шараларын жұмсарту туралы айта бастады. Мысалы, Испания келесі аптадан бастап кейбір кәсіпорындардың жұмысын қалпына келтіруді жоспарлап отыр.
Алайда денсаулық сақтау саласы сарапшылары шектеу шаралары жұмсарса, вирус жұқтырғандар саны күрт көбеюі мүмкін деп алаңдайды.
Сарапшылар коронавирусты анықтайтын тест жетіспегендіктен және кейбір үкіметтер ақпаратты жасырғандықтан вирус жұқтырғандар ресми деректен әлдеқайда көп болуы мүмкін деп санайды.
Қазақстанда 28 адамнан коронавирус табылды
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 11 сәуір таңертеңгі сағат 10:00-де 28 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Алматыда - 5, Нұр-Сұлтанда - 1, Қызылорда облысында - 11, Атырау облысында - 11 адамға вирус жұққан.
Жалпы науқастар 840 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 229
- Алматы қаласы – 128
- Қызылорда облысы – 116
- Ақмола облысы – 61
- Қарағанды облысы – 61
- Түркістан облысы – 35
- Солтүстік Қазақстан облысы – 25
- Ақтөбе облысы – 11
- Алматы облысы – 10
- Атырау облысы – 45
- Шығыс Қазақстан облысы – 6
- Жамбыл облысы – 46
- Шымкент қаласы – 31
- Батыс Қазақстан облысы – 6
- Қостанай облысы – 3
- Маңғыстау облысы – 9
- Павлодар облысы – 4
Қазақстанда барлығы 10 науқас қайтыс болған. 10 сәуір түнде Алматы қаласында коронавирус жұқтырған 1963 жылғы науқастың қайтыс болғаны хабарланды.
Барлығы 64 адам айыққан.