Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

10:12 9.4.2020

ЕО шектеу шарасын 15 мамырға дейін ұзартуға шақырды

Қаңыраған әуежай терминалы. Көрнекі сурет.
Қаңыраған әуежай терминалы. Көрнекі сурет.

Еуроодақтың атқарушы органы - Еуропа комиссиясы коронавирус індетінің жайылуын тежеу үшін одақтың визасыз аймағында қозғалысқа шектеуді кемінде 15 мамырға дейін ұзартуға шақырды.

Еуропа комиссиясының вице-президенті Маргаритис Схинас 8 сәуір күнгі мәлімдемесінде одаққа мүше елдердің әлеуметтік оқшаулану шараларын сәтті жүзеге асырғанын атап өтіп, шектеу шараларын жалғастырудың маңызына тоқталған.

"Алғашқы нәтижесін де көріп отырмыз, сол себепті саяхаттауға шектеу мерзімін ұзарту індеттің жайылу қаупін азайту үшін қажет" деді ол.

Қазір Еуропа Одағы азаматтары, одақ резиденттері, ЕО азаматтарының отбасы мүшелері, транзиттік жолаушылар, дипломаттар, денсаулық сақтау саласы мамандары, гуманитарлық сала өкілдері, отбасы жағдайына байланысты жол жүруге мәжбүр азаматтар ғана одақ аумағына кіре алады.

Бұған дейін Еуроодақтың кейбір мүшелері коронавирустың экономикаға ықпалын азайту үшін шектеу шараларын біртіндеп азайтатынын мәлімдеген еді. Алайда одақтың өзге мүшелері шектеу шараларын азайтса, вирус бұдан да жылдам тарап, мәселе бақылаудан шыға ма деп қауіптенеді.

Одақ аумағында коронавирустан 51 мың адам көз жұмған. Вирустан Италия, Испания, Франция қатты зардап шеккен.

10:47 9.4.2020

Ақмола облысындағы қарттар үйінде 13 адамнан вирус табылды. Бірі 99 жаста

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Денсаулық сақтау министрлігі 9 сәуір таңертең Ақмола облысында 13 адамнан коронавирус табылғанын хабарлаған еді.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, олар Нұр-Сұлтаннан бес шақырым жердегі Аққайың ауылындағы қарттар үйінде тұрады. Оларға 2 сәуірде көз жұмған 1947 жылғы ер адамнан вирус жұққан. Науқастардың арасында 99 жастағы әйел адам да бар.

Басқарманың хабарлауынша, 2 сәуірде 73 жастағы ер адам көз жұмғаннан кейін қарттар үйінің қызметкерлері мен сонда тұратын адамдардан анализ алынып, 34 адамнан коронавирус табылған. Олардың арасында 1963 жылғы орталық қызметкері де бар.

Басқарма дерегінше, вирустан көз жұмған 1947 жылғы ер адам 216 адам байланыста болған.

8 сәуірде Ақмола облысында 1929 жылы туған әйел көз жұмған еді. Дәрігерлер көз жұмғаннан кейін науқаста коронавирус барын анықтаған. Оған да 1947 жылғы ер адамнан коронавирус жұққан деп айтылады.

Ақмола облысында барлығы 56 науқас бар: Целиноград ауданында - 51, Аршалы ауданында - 3, облыс орталығы Көкшетау қаласында - 1, Шортанды ауданында - 1 адамнан вирус табылған.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 764 адам болды.

Қарай отырыңыз: Қазақстан аймақтарында коронавирустың тарау жылдамдығы

12:28 9.4.2020

БҚО-да екі өзбек азаматынан коронавирус табылды

Денсаулық сақтау министрлігі 9 сәуірде таңертең Батыс Қазақстан облысында екі адамнан коронавирус табылғанын хабарлаған болатын. Ресми органдардың айтуынша, екеуі де - Өзбекстан азаматы. Жүк тасымалдаумен айналысатын екі адам Ресейден Қазақстанға қарай шекарадан өткен кезде дене қызуы байқалған. Жедел жәрдем көлігі шақырылып, оқшауланған. Дәрігерлер вирус жұққанын анықтаған. Қазір олар облыстық инфекциялық ауруханада жатыр.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирус табылған өзге елдің азаматтары осында емделетінін айтқан болатын.

Соңғы мәлімет бойынша, Батыс Қазақстан облысында 4 адамнан вирус табылған. Республика бойынша науқастар 759 адам болды.

13:09 9.4.2020

Өзбекстан Ресейден мигранттар салығын кейінге шегеруді сұрады

Мәскеудің Домодедово әуежайында қалып қалған өзбек мигранттары. 29 наурыз 2020 жыл.
Мәскеудің Домодедово әуежайында қалып қалған өзбек мигранттары. 29 наурыз 2020 жыл.

Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі Ресей үкіметіне ресми нота жолдап, өзбек мигранттарына салынатын еңбек салығын төлеуді кейінге шегеруді сұрады. Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы істер министрлігінің ақпарат қызметінің жетекшісі Авазбек Хаджиметов хабарлады.

Ресейдің құзырлы органдары мәселені қарастырып жатыр. Авазбек Хаджиметовтің айтуынша, Ресейде барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысы 30 сәуірге дейін тоқтағандықтан ондағы өзбек мигранттары жұмыссыз, жалақысыз қалған.

2 сәуірде Ресей президенті Владимир Путин коронавирусқа байланысты "жұмыссыз апта" мерзімін сәуір айының соңына дейін ұзартқан болатын. Бұған дейін Ресейдің өзбек диаспорасы Ресейдің ішкі істер министрлігінің көші-қон жөніндегі басқармасына хат жолдап, еңбек патентінің мерзімін ұзартуды сұраған.

Ресми дерек бойынша, Ресейде шамамен екі миллион өзбек мигранты жұмыс істейді.

Тағы

XS
SM
MD
LG