Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

17:30 7.4.2020

Ақша да, тамақ та жоқ. COVID-19 постсовет елдерінің жұртын уайымға салды

Карантин жарияланып, жүріс-тұрыстың шектелуі кедей шаңырақтарға қиын тиген. Бұрынғы совет одағы елдерінде ресми жұмысы жоқтардың көбі табысынан қағылған, кейбірі баспанасынан айырылған. Көмек беруі тиіс қайырымдылық ұйымдары да жабылып жатыр.

Ақша да, тамақ та жоқ. COVID-19 постсовет елдерінің жұртын уайымға салды Ақша да, тамақ та жоқ. COVID-19 постсовет елдерінің жұртын уайымға салды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:08 0:00

19:28 7.4.2020

Қазақстандағы 7 сәуірдегі жағдайға шолу

Құрметті оқырман Азаттықтың жазбаша Live парақшасында енді ғана кірсеңіз, 7 сәуірдегі жағдайды бір шолып шығыңыз

  • Алматыда кейінгі бір күн ішінде “карантин режиімін бұзды” деген айыппен 26 адам қамалды, 32 адамға айыппұл салынды.
  • Короновирус жұқтырып, денсаулығы нашарлаған Түркістан облысының екі тұрғыны Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілді. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Түркістан облысында жұқпалы аурулар ауруханасы жоқ болғандықтан науқастар Шымкентке жіберілгенін айтты.
  • Қазақстандық құқық қорғаушылар халықаралық қауымдастықты Қазақстан билігін карантин кезінде саяси тұтқындарды босатып, саяси қудалауды тоқтатуға көндіруге шақырды.
  • Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, елде Covid-19 дертіне шалдыққандарды не карантиндегілерді емдеген 67 дәрігерге вирус жұққан. Олардың біреуінің халі ауыр. Тоғызының жағдайы орташа ауыр.
  • 7 сәуір 20.30-дағы мәліметке сай, Қазақстанда 685 адамға вирус жұқты. 50 адам дерттен айықты. Алты адам қайтыс болды.
  • Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, Қазақстанда 20 науқастың жағдайы ауыр. Үшеуі жасанды демалу аппаратына қосылған.
21:23 7.4.2020

Карантинге қарамастан жәрдемақы кезегі азаймай тұр

Төтенше жағдай жарияланып, қозғалысқа шектеу қойылса да, Қазақстан қалаларында жәрдемақы алу үшін пошта мен банк алдында кезекке тұратындар азаймады. Олардың кейбірі бірнеше күннен бері шот аша алмай жүргенін, бірі жәрдемақыға құжат тапсыра алмай жатқанын айтады. Әлеуметтанушы Толғанай Үмбетәлиева "билік жәрдемақы беріледі деуден бұрын, оның қалай үлестірілетінін ойластырып алуы керек еді" дейді.

"Билік көмекті қалай беретінін ойластырып алуы керек еді"
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:08 0:00

23:20 7.4.2020

Қызылорда облысында 12 адамнан вирус табылды. Аймақта 66 науқас бар

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 7 сәуір 23:40-тағы мәліметіне сай, Қызылорда облысында 12 адамнан коронавирус табылды. Аймақта қазіргі 66 адам дертке шалдықты. Бұдан бөлек, министрлік Нұр-Сұлтанда тағы бір адамның аурудан жазылғанын мәлімдеді.

Қазақстанда қазір 697 адамнан вирус табылды. 51 адам (Нұр-Сұлтанда 28, Алматыда 21, СҚО мен Ақтөбе облысында бір-бірден) дерттен айықты. 6 адам қайтыс болды.

Тағы

XS
SM
MD
LG