Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

07:20 7.4.2020

Коронавирус жұқтырған Борис Джонсон интенсивті терапия палатасына ауыстырылды

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон.
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон интенсивті терапия палатасына ауыстырылды деп хабарлады BBC сайты.

Соңғы бірнеше сағатта премьер-министрдің денсаулығы нашарлап, дәрігерлер оны жасанды тыныс алу аппаратына жақын жерге орналастырған.

SkyNews арнасының хабарлауынша, науқас есін біледі, бірақ жағдайы нашарлағандықтан дәрігерлер сақтық жасап, жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 19.00-де Борис Джонсонды өкпені жасанды желдету аппаратына жақын жерге ауыстырған.

Джонсон премьер-министр міндетін уақытша орындауды сыртқы істер министрі Доминик Раабқа тапсырған.

Жексенбі, 5 наурызда "коронавирус инфекциясы белгілері байқалған" 55 жастағы Борис Джонсон Әулие Фома ауруханасына жатқызылған болатын. Он күн бұрын британ үкіметі жетекшісінің дене қызуы көтеріліп, коронавирусқа шалдыққаны хабарланған еді.

07:47 7.4.2020

Қазақстанда 8 адамнан коронавирус табылды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 7 сәуір таңертеңгі сағат 8:35-те 8 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтанда - 1, Қызылорда облысында - 4, Атырау облысында - 3 адамға вирус жұққаны анықталған.

Жалпы науқастар саны 670 адамға жетті:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 222
  • Алматы қаласы – 119
  • Шымкент қаласы – 19
  • Ақмола облысы – 42
  • Ақтөбе облысы – 11
  • Алматы облысы – 10
  • Атырау облысы – 32
  • Шығыс Қазақстан облысы – 6
  • Жамбыл облысы – 40
  • Батыс Қазақстан облысы – 2
  • Қарағанды облысы – 48
  • Қостанай облысы – 1
  • Қызылорда облысы – 54
  • Маңғыстау облысы – 5
  • Павлодар облысы – 1
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25
  • Түркістан облысы – 33.

46 науқас (Нұр-Сұлтанда - 24, Алматыда - 21, Солтүстік Қазақстан облысында - 1) айыққан. Алты адам көз жұмды.

08:45 7.4.2020

Қызылорда облысында Сырдария ауданынан коронавирус табылды

Қызылорда қаласындағы "Қазпошта" бөлімшесі қақпасындағы жазу. 6 сәуір 2020 жыл.
Қызылорда қаласындағы "Қазпошта" бөлімшесі қақпасындағы жазу. 6 сәуір 2020 жыл.

Денсаулық сақтау министрлігі 7 сәуірде таңертең Қызылорда облысында 4 адамнан коронавирус табылғанын хабарлаған. Coronavirus2020.kz сайтының Телеграм арнасындағы мәлімет бойынша, үш науқас - Қызылорда қаласында, бір науқас Сырдария ауданында тұрады.

Қызылордадағы үш адам коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған адамдар ретінде карантиндік стационарда жатқан. Ал Нұр-Сұлтанда болған Сырдария ауданының тұрғынынан келгеннен кейін жедел респираторлық вирус инфекциясы белгілері байқалғандықтан провизорлық стационарға жатқызылып, бақылауға алынған.

"Қазіргі кезде науқастардың жағдайы - бірқалыпты. Хаттамаға сәйкес емделіп жатыр. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынады" делінген хабарламада.

Соңғы мәлімет бойынша, Қызылорда облысында коронавирус жұққан 54 науқас анықталған: Қызылорда қаласында – 9, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшы ауданында – 4, Шиелі ауданында – 24, Сырдария ауданында - 1 адамнан коронавирус табылған.

Сәуір айының басында Қызылорда қаласы мен Жаңақорған ауданы карантинге жабылып, қала мен аудан аумағында қозғалыс шектелген.

7 сәуір таңертеңгі мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 670-ке жеткен.

09:17 7.4.2020

Біртанов аймақта вирус жұқтырғандар саны көбейгенін айтты

Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 20 науқастың жағдайы - ауыр, жеті адам жасанды демалу аппаратына қосылған деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

"6 науқас қайтыс болған, 46 адам жазылды. Қазір 670 науқас бар, 20 адамның жағдайы - ауыр, жеті адам жасанды демалу аппаратына қосылған" деді Біртанов сейсенбі күнгі үкімет отырысында.

Оның айтуынша, 6 сәуірде үш науқастың жағдайы жақсарғандықтан аппараттан ажыратылған. 88 адамның жағдайы - орташа ауыр, 510 науқастың жағдайы жақсы.

"Қазақстан бойынша науақстармен байланыста болған 19 112 адамның 97 пайызы табылып, оқшауланған" деді министр.

Біртановтың сөзіне қарағанда соңғы кезде аймақта вирус жұқтырғандар саны көбейген.

"Бір күнде ел бойынша вирус жұқтырғандар 13 пайызға өсті. Қарағанды облысында 16 жаңа науқас анықталды, науқастар саны бір күнде 50 пайызға көбейді. Қызылорда облысында 13 жаңа науқас - 35 пайызға көбейді. Жамбыл облысында 12 жаңа науқас - науқастар саны 43 пайызға көбейді. Қазір ең үлкен көрсеткіш аймақтарда" деді министр.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 670 адамнан коронавирус табылған. 6 сәуірде коронавируспен күрес жөніндегі штаб 120 медицина қызметкеріне коронавирус жұққанын хабарлаған болатын.

Тағы

XS
SM
MD
LG