Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

20:27 6.4.2020

Қытай мен Ресей COVID-19 індетін пропагандаға айналдырды

Коронавирус індеті кезінде әлемнің алпауыт елдері арасында ақпарат соғысы жүріп жатыр. Әсіресе, Қытай мен Ресейдің пропаганда машинасы батыс елдерін айыптауын үдеткен. АҚШ сенаторы Қытайдың әрекетін «коронавирус індетін пропоганда қоқысына» айналдырды деп айыптады.

Қытай мен Ресей COVID-19 індетін пропагандаға айналдырды
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:56 0:00

21:05 6.4.2020

Қазақстанда 46 адам коронавирустан аяқты

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысында бір адам COVID-19 дертінен жазылды. Осылайша елде елде 46 адам дерттен айықты: Нұр-Сұлтанда - 24 адам, Алматыда - 21 адам, СҚО бір адам.

23:09 6.4.2020

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 662 адамға жетті

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 6 сәуір 23.25-тегі мәліметіне сай, елде тағы 33 адамнан коронавирус табылды. Олардың 13-і Қызылорда облысында, бесеуі Шымкент қаласында, бесеуі Түркістан облысы, бесеуі Жамбыл облысында, үшеуі Алматы қаласында, екеуі Нұр-Сұлтанда.

Қазақстанда қазір 662 адамға жұқты. Алты науқас қайтыс болды. 46 адам дерттен айықты: Нұр-Сұлтанда - 24 адам, Алматыда - 21 адам, СҚО бір адам.

23:53 6.4.2020

Шымкентте вирус жұқтырған науқастың әке-шешесі мен әйелі де дертке шалдықты

6 сәуір күні Шымкент қаласында короновирус табылған бес адам бір отбасыдан. Олар – бұдан бұрын Нұр-Сұлтан қаласынан Шымкентке келгенде короновирус жұқтырғаны анықталған ер адамның туысы.

Қала әкімдігінің дерегінше, 24 жастағы ер адамның әкесі, шешесі мен ағасы, әйелі мен баласы вирус жұқтырған. Олар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр.

6 сәуірде де Түркістан облысында бес адамнан короновирус табылды. Вирус жұқтырғандардың бәрі – Нұр-Сұлтан қаласынан Петропавл-Қызылорда пойызымен келген Жетісай қаласы тұрғынының жақыны. Олардың бірі – 2 жасар сәби.

Дүйсенбідегі мәлімет бойынша, короновирус жұқтырғандар саны Шымкентте – 19 адамға, Түркістан облысында 33 адамға жетті.

4 сәуірде Шымкент қаласы карантинге жабылған. Қалада арнайы рұқсат қағазы жоқ адамдардың көшеге шығуына тыйым салынған. Түркістан облысында тұрғындардың бәріне маска киіп жүру міндеттелген. Бірнеше ауылға карантин жарияланған. Екі аймақта да бірнеше блокбекет қойылған.

6 сәуірдегі мәліметке сай, Қазақстанда 662 адамнан вирус табылған. 46 адам дерттен айықты. Бес адам қайтыс болды.

Тағы

XS
SM
MD
LG