Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

09:49 6.4.2020

Тәжікстанда 60 жастағы науқас көз жұмған соң аурухана карантинге жабылды

Жаббор-Расул ауданындағы орталық аурухана. 5 сәуір 2020 жыл.
Жаббор-Расул ауданындағы орталық аурухана. 5 сәуір 2020 жыл.

Жаббор-Расул ауданындағы орталық ауруханада 60 жастағы науқас қайтыс болғаннан кейін Тәжікстан билігі аурухананы карантинге жапты. Аурухананың 11 дәрігері мен медицина қызметкерінен коронавирус белгілері байқалған. Олар Худжанд қаласындағы инфекциялық ауруханаға жатқызылған. Бұл туралы Азаттықтың Тәжік қызметі хабарлады. 31 наурызда пневмониядан қайтыс болды делінген науқастың туыстарының айтуынша, марқұм жақында Қырғызстанға тойға барған.

Науқастың қайтыс болғанын және аурухананың карантинге жабылғанын Озоди радиосына денсаулық сақтау саласы мен құқық қорғау органындағы бірнеше ақпарат көзі растаған.

5 сәуірде кешке ауруханаға барған Озоди радиосының тілшілері аурухана ауласында қорғаныш костюм киім киіп, медициналық маска таққан адамдар жүргенін көрді. Ауруханадағы күзетшілер де маска таққан. Ауруханаға кіруге тыйым салынған. Күзет қызметкерлерінің айтуынша, "екі науқастың дене қызуы көтерілген".

Денсаулық сақтау саласы мамандарының айтуынша, Худжанд қаласындағы инфекциялық ауруханаға жатқызылған 11 дәрігердің дене қызуы көтерілген. Аурухана қызметкерлері олардың жағдайын ауыр деп бағалайды. Барлығы жеке бокстарға жатқызылған.

Тәжікстан билігі әлі күнге дейін елде коронавирус барын жоққа шығарып келеді. Тәжікстан билігінің ресми мәлімдемесіне күмән келтіретін сыншылар да бар.

10:03 6.4.2020

Штаб: Қазақстан ғалымдары коронавирусты анықтайтын тест жүйесін жасап шығарды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

М. Айқымбаев атындағы карантиндік және зоонозды инфекциялар ғылыми орталығы және ұлттық биотехнология орталығы коронавирусты анықтайтын тест жүйесін жасап шығарды деп хабарлады коронавируспен күрес жөніндегі штаб өкілдері. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қысқа уақыт аралығында дайындалған тест жүйесі халықаралық стандартқа сәйкес келеді.

"Әзірленген тест жүйесі мыңдаған азаматымыздың өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектеседі деп сенемін" деді Тоқаев.

12:10 6.4.2020

Қырғызстанда коронавирустан тағы екі адам көз жұмды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстан денсаулық сақтау министрі Сабыржан Абдикаримов 6 сәуірде тағы екі адамның коронавирустан көз жұмғанын хабарлады. Барлығы төрт адам вирустан қайтыс болған.

Қырғызстанда науқастардың жалпы саны 216 адамға жетті:

  • Бішкек қаласы - 25
  • Ош қаласы - 14
  • Ош облысы - 80
  • Баткен облысы - 4
  • Жалалабад облысы - 80
  • Шу облысы - 5
  • Ыстықкөл облысы - 3
  • Нарын облысы - 5

Талас облысында коронавирус тіркелмеген.

13:54 6.4.2020

Қазақстанда тағы 20 адамнан коронавирус табылды

Аурухананы тазалап жүрген жұмысшылар. Көрнекі сурет.
Аурухананы тазалап жүрген жұмысшылар. Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 6 сәуірде түскі сағат 14:49-та 20 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Жамбыл облысында - 1, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Маңғыстау облысында – 2, Қарағанды облысында – 16 адамға вирус жұққаны анықталған.

Елде қазір 604 адамға коронавирус жұқтырды. 45 адам аурудан жазылды. 6 адам қайтыс болды.

Вирус жұқтырған 604 адам мына аймақтарда:

Нұр-Сұлтан қаласы – 219

Алматы қаласы – 116

Шымкент қаласы – 14

Ақмола облысы – 23

Ақтөбе облысы – 11

Алматы облысы – 10

Атырау облысы – 29

Шығыс Қазақстан облысы – 6

Жамбыл облысы – 29

Батыс Қазақстан облысы – 2

Қарағанды облысы – 48

Қостанай облысы – 1

Қызылорда облысы – 37

Маңғыстау облысы – 5

Павлодар облысы – 1

Солтүстік Қазақстан облысы – 25

Түркістан облысы – 28

Тағы

XS
SM
MD
LG