Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

19:59 5.4.2020

Нұр-Сұлтанда алты адам Covid-19 дертінен айықты

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Нұр-Сұлтанда Covid-19 дертінен тағы алты адамның айыққанын хабарлады. Елде барлығы 42 адам аурудан жазылды.

21:15 5.4.2020

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 580-нен асты

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 5 сәуір сағат 22.05-тегі дерегіне сай, елде тағы 15 адамнан коронавирус табылды: Алматы қаласында –1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Атырау облысында –​ 6, Қызылорда облысында – 6 адам, Қарағанды облысында 1 адам.

Министрлік Нұр-Сұлтанда алты адамның Covid-19 дертінен айыққанын мәлімдеді. Елде қазір 584 адамға коронавирус жұқтырды. 42 адам аурудан жазылды. 6 адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сәуірдің алғашқы он күнінде елде вирус тарау шегіне жетіп, кейін азая бастайды деп болжайды. Министрдің есебінше, елде 3500 адамға вирус жұғуы мүмкін.

Қазақстанда 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. Елдің басым бөлігінде шектеу қойылған. 6 сәуірден бастап Ақтөбе қаласы карантинге жабылады.

07:26 6.4.2020

Өзбекстан өкпені жасанды желдету аппаратын шығара бастайды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Өзбекстан Словакияның "Chirana" және ресейлік компаниялармен бірігіп, мамыр айынан бастап өкпені жасанды желдету аппараты мен наркозбен тыныс алу құрылғыларын шығара бастайды. Бұл туралы инновациялық даму министрлігі хабарлады.

Министрліктің айтуынша, өндірісті орналастырудың алғашқы кезеңінде шетелдік әріптестер 3 млн доллар көлемінде инвестиция құйып, 30 жұмыс орнын ашады. Екінші кезеңде 5-6 млн доллар көлемінде қаржы құйып, шамамен 100 жұмыс орны ашылады.

"Өкпені жасанды желдету аппараты қазір әлемнің 12 елінде шығарылады. Біздің аппараттар бір саты емес, үш саты бойынша желдетеді. Өзбекстанда мұндай зауыттың болуы мемлекеттің медициналық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді" деді CHIRANA+ компаниясының бас директоры Василий Шимко.

Өзбекстан өнімді Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Ауғанстанға шығаруды жоспарлап отыр.

Соңғы дерек бойынша, Өзбекстанда 342 адамнан коронавирус табылған. 2 адам көз жұмған. 30 адам айыққан.

09:07 6.4.2020

Алматыда екі науқас жазылып шықты

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 6 сәуірде 1997 және 1998 жылы туған екі науқастың жазылып шыққанын хабарлады. Олардың бірі 15 наурызда Стамбул - Алматы бағыты бойынша ұшып келген. Екіншісі коронавирус жұққан науқаспен байланыста болған. Қалада барлығы 21 науқас дерттен айыққан. Олардың екеуі - бала. Ауруханадан шыққандар 14 күндік карантинге жіберіледі.

Қазақстан бойынша коронавирустан жазылып шыққандардың саны 44 адам болды.

Алматыда 116 адамнан коронавирус табылған. Қазір инфекциялық ауруханаларда 96 науқас емделіп жатыр. 79 адамның жағдайы орташа. Екі ересек адамның жағдайы - өте ауыр. Екі адамның жағдайы - ауыр. 13 адамның халі - орташа ауыр.

Тағы

XS
SM
MD
LG