Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

13:18 5.4.2020

Елде тағы 18 адамнан вирус табылды

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 5 сәуір сағат 14.05-тегі дерегіне сай, елде тағы 18 адамнан коронавирус тiркелдi: Алматы қаласында – 5, Қарағанды облысында – 4 адам, Түркістан облысында - 4 адам, Ақмола облысында – 3 адам, Атырау облысында - 1, Қызылорда облысында 1 адам.

Осылайша Қазақстанда вирус жұқтырғандар 569 адамға жетті:

Нұр-Сұлтан қаласы – 219

Алматы қаласы – 115

Қызылорда облысы – 31

Қарағанды облысы – 31

Түркістан облысы – 29

Жамбыл облысы – 28

Солтүстік Қазақстан облысы – 25

Атырау облысы – 23

Ақмола облысы – 23

Шымкент қаласы – 13

Ақтөбе облысы – 10

Алматы облысы – 10

Шығыс Қазақстан облысы – 5

Маңғыстау облысы – 3

Батыс Қазақстан облысы – 2

Қостанай облысы – 1

Павлодар облысы – 1

Елде 36 адам Covid-19 дертінен айықты. Алты адам қайтыс болды.

14:27 5.4.2020

Шымкентте коронавирустан қайтыс болған ер адам жайлы не белгілі?

Шымкентте коронавирус жұқтырып қайтыс болған 1964 жылы туған ер адам – Түркістан облысы Мақтарал ауданы Атакент ауылының тұрғыны. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Басқарманың дерегінше, ол 28 наурыз күні 31 жастағы ұлымен бірге Мәскеу-Шымкент-Алматы бағыты бойынша жүк көлігімен келе жатқанда қала шетіндегі блокбекеттен өтпек болған. Тексеру кезінде дене қызуы көтерілгенін анықтаған дәрігерлер жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізген. Ал ұлы жүк көлікпен Алматыға қарай кеткен.

Кейін науқастың жағдайы күрт нашарлап, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Ол 5 сәуір түн ауа қайтыс болған. Денсаулық сақтау басқармасы марқұмның бұрын туберкулезбен ауырғанын, пневмония мен қант диабеті шалдыққанын айтады. Коронавирус оның жағдайын қиындатып жіберген.

Жүк көлігімен Алматыға жеткен ұлы сол қалада станционарға жатқызылған.

Қазақстанда қазір 569 адамнан коронавирус табылды. 36 адам дерттен айықты. Алты адам қайтыс болды.

4 сәуірде Түркістан және Ақмола облысында екі адамның вирустан көз жұмғаны белгілі болды. 31 наурызда Нұр-Сұлтанда 50 жастағы ер адам қайтыс болған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны көз жұмған еді.

15:30 5.4.2020

Шымкентте бір, Қарағандыда үш науқастың жағдайы ауыр

Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған бір адамның жағдайы ауыр. 12 науқастың жағдайы бірқалыпты. Бұл туралы Шымкент қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы Әбдіманап Түгелбаев айтты.

Бұл қалада барлығы 14 адамнан вирус табылған. 5 сәуірде бір адам қайтыс болды. Ол 28 наурыз күні 31 жастағы ұлымен бірге Мәскеу-Шымкент-Алматы бағыты бойынша жүк көлігімен келе жатқанда қала шетіндегі блокбекеттен өтпек болған. Тексеру кезінде дене қызуы көтерілгенін анықтаған дәрігерлер жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізген. Марқұм бұдан бұрын қант диабеті, пневмония және туберкулезбен ауырған. Коронавирус оның жағдайын қиындатып жіберген.

Ал Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, аймақта коронавирус жұқтырған үш науқастың жағдайы ауыр, біреуінің жағдайы орташа ауыр. Олар жансақтау бөлімінде жатыр. Басқарма төрт науқас та бұрын коронавирустан көз жұмған қарағандылықпен байланыста болғанын айтады.

5 сәуірдегі дерекке сай, Қарағанды облысында 31 адамнан вирус табылды. Оның біреуі қайтыс болды.

Қазақстанда қазір 569 адамнан коронавирус табылды. 36 адам дерттен айықты. Алты адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сәуірдің алғашқы он күнінде елде вирус тарау шегіне жетіп, кейін азая бастайды деп болжайды. Министрдің есебінше, елде 3500 адамға вирус жұғуы мүмкін.

Қазақстанда 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. Елдің басым бөлігінде карантин.

19:52 5.4.2020

Шымкентте коронавирустан қайтыс болған тұрғын жерленді

5 сәуір күні Шымкентте короновирустан қайтыс болған Түркістан облысы Мақтарал ауданы Атакент ауылының 1964 жылы туған тұрғыны қала шетіндегі христиан зиратына жерленді. Бұл туралы Азаттыққа қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Түлебаев айтты.

Әбдіманап Түлебаевтың сөзінше, жерлеу рәсіміне арнайы мамандардан бөлек төрт туысының қатысуына рұқсат етілді. Оларға Мақтарал ауданынан карантинге жабылған Шымкент қаласына кіріп-шығуына мүмкіндік берілді.

- Жерлеу рәсімінде індетке қатысты барлық қауіпсіздік шарасы сақталды. Мамандар мен марқұмның туыстары арнайы киімдер киді, қабір дәріленді, - деді департамент басшысы.

Департаменттің дерегінше, марқұм 5 сәуір күні түн ауғанда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Ол 28 наурыз күні 31 жастағы ұлымен бірге Мәскеу-Шымкент-Алматы бағыты бойынша жүк көлігімен келе жатқанда қала шетіндегі блокбекеттен өтпек болған. Тексеру кезінде дене қызуы көтерілгенін анықтаған дәрігерлер жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізген. Марқұм бұдан бұрын қант диабеті, пневмония және туберкулезбен ауырған.

Ал жүк көлігімен Алматыға кеткен ұлы қазір сол қаладағы ауруханада оқшауланған.

Департамент Шымкентте короновирусқа шалдыққан 55 жастағы науқастың да жағдайы ауыр екенін, жан сақтау бөлімінде жатқанын хабарлады. Қалада вирус жұқтырғандар саны 14 адамға жеткен. Науқастармен қарым-қатынаста болған мыңға жуық адам оқшауланып, дәрігерлердің бақылауына алынған.

4 сәуір күні түнде Шымкентте карантин жарияланған. Қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, аса бір қажеттілік болмаса адамдардың көшеде жүруіне тыйым салынған.

Тағы

XS
SM
MD
LG