Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

17:25 3.4.2020

Коронавирус Қостанай облысына да жетті

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 3 сəуір сағат 18:10-дағы дерегі бойынша, елде тағы жеті адамнан вирус табылды. Вирус жұқтырғандардың бірі Қостанай облысында. Бұл - Қостанайда дертке шалдыққан алғашқы адам. Бұдан бөлек, Түркістан облысында үш адам, Жамбыл облысында екі адам, ШҚО-да бір адамға вирус жұқты.

Осылайша, Қазақстанның барлық аймағында коронавирус табылды.

Қазір Қазақстанда 460 адамнан вирус табылды:

  • Нұр-Сұлтан – 199,
  • Алматы – 93,
  • Қызылорда облысы – 26,
  • Қарағанды облысы – 22,
  • Атырау облысы – 20,
  • Ақмола облысы – 19,
  • Түркістан облысы – 19,
  • СҚО –18,
  • Шымкент – 11,
  • Алматы облысы – 9,
  • Жамбыл облысы – 8,
  • Ақтөбе облысы – 7,
  • ШҚО – 4,
  • БҚО – 2,
  • Павлодар облысы – 1,
  • Қостанай облысы – 1,
  • Маңғыстау облысы – 1.

Қазақстанда 29 адам дертінен айықты. Үш адам қайтыс болды.

19:26 3.4.2020

Қазақстанда онлайн сабақ болмайды

Қазақстан білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елдегі интернеттің онлайн сабақ өткізуге мүмкіндігі жетпейтінін мойындады. Осылайша Қазақстанда оқушылар сабақты онлайн емес, қашықтан оқиды.

“Бүкіл елді онлайн-стриминг арқылы қосу мүмкін емес екенін көзіміз жетті. Интернеттегі шешілмеген мәселелер барда онлайн сабақ өткізу тиімсіз. Көп ата-ана интернетке қосыла алмады. Байланыс үзіліп кетті. Қазақстандағы интернет 2,5 миллион баланы онлайн оқытқанға қауқарсыз екенін көрдік. Сондықтан онлайн сабақ өткізудің қажеті жоқ деп ойлаймыз. Онлайн сабақ болмайды, оның орнына басқа механизмдерді пайдаланамыз” деді Аймағамбетов.

Қазақстандық оқушылар 6 сәуірден бастап телеарналар арқылы, “Күнделік”, “Білімленд”, “Дарын онлайн” платформалары арқылы оқи бастайды. Кейбір елдімекендерге оқу құралдарын “Қазпошта” жеткізбек. Бейнесабақтар "Балапан", "Ел арна", "Алматы" телеарналары арқылы көрсетілмек. "Қазақ радиосынан" да сабақтар жүреді.

Қазақстанда коронавирус тарауына байланысты мектеп оқушылары ертерек каникулға шыққан.

19:35 3.4.2020

Түркістан облысы мен Қостанай облысында вирус жұқтырғандар жайлы не белгілі?

Қостанай облысы әкімдігінің дерегінше, 1991 жылы туған әйел адамнан коронавирус табылған. Ол 23 наурызда Шарм-әл-Шейх – Алматы рейсмен ұшып келген. Алматыда алынған анализі таза болған. Кейін ол Отар стансасынан пойызға отырып, Қостанайға келген. Қостанайда да одан анализінен коронавирус табылмаған. Тек 12-күні ғана коронавирус анықталған. Онымен бірге Египеттен ұшып келген үш адамның және пойызда болған 12 адамның анализінен вирус табылған жоқ.

Ал Түркістан облысында жұма күні вирус табылған үш адамның екеуі – 2019 жылы туған бала және оның шешесі. Олар вирус жұқтырған адаммен байланыста болған.

20:44 3.4.2020

Елде 464 адамға вирус жұқты

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 3 сəуір сағат 21:40-тағы дерегі бойынша, елде тағы төрт адамнан вирус табылды. Олардың үшеуі - Нұр-Сұлтанда, біреуі - Маңғыстау облысында.

Елде барлығы 464 адамнан коронавирус табылды. 29 адам дертінен айықты. Үш адам қайтыс болды. Елде ауруханада жатқан 11 науқастың жағдайы ауыр.

Тағы

XS
SM
MD
LG