Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

09:16 3.4.2020

Тәжікстан билігі "коронавирус жоқ" дейді, сыншылар күмән келтіреді

Душанбедегі қоғамдық көлік және жолаушылар. 26 наурыз 2020 жыл.
Душанбедегі қоғамдық көлік және жолаушылар. 26 наурыз 2020 жыл.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Тәжікстандағы өкілдігінің жетекшісі Галина Перфилеева Тәжікстанда коронавирус табылған жоқ деп мәлімдеді. Оның айтуынша, 700 адам коронавирус тестінен өткен, бірақ ешқайсысынан вирус табылмаған.

Тәжікстан билігі елде коронавирус жоқ деумен келеді. Алайда кейбір сыншылар Қытаймен шекарадағы аумақта тұратын адамдардан коронавирус табылғанын және олардың саны барған сайын артып, вируспен байланысты өлім-жітім көбейгенін айтады. Олардың пікірінше, ресми түрде коронавирус тіркелмеді деп айтылғанмен елде коронавирус мүлде жоқ деп айтуға келмейді. Мұнда билік карантин жарияламай, қоғамдық шараларға тыйым салған жоқ. Жақында мыңдаған тәжік мигранты шетелден оралды. Мәселе тек тестпен байланысты болуы мүмкін.

Сыншылардың айтуынша, үкіметтің ашықтық мәселесі де түрлі сұрақтарға жетелейді: премьер-министр Кохир Расулзода жетекшілігімен өткен дағдарыс тобының күнделікті жиыны жабық жағдайда өтіп, онда не талқыланғаны мүлде айтылмады.

31 наурызда Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Джейми Флай тәжік билігі журналистерге елдегі коронавирус туралы хабар таратуға кедергі келтірді деп сынаған.

10:01 3.4.2020

Қырғызстанда коронавирустан алғашқы науқас қайтыс болды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

2 сәуірде Қырғызстанда 61 жастағы ер адам коронавирустан қайтыс болды деп хабарлады республикалық штаб өкілдері. Науқас Ош облысындағы ауруханада емделген. Жақында шетелден оралып, стационарда карантинде болған. Тестен өтіп, вирус бары анықталған. Науқаста өзге де аурулар болған деп айтылады.

Республикалық штаб өкілдері 3 сәуірде таңертең Қырғызстанда тағы тоғыз адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады. Елде науқастар саны 125 адамға жеткен.

Төрт науқастың жағдайы ауыр, бір адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған деді штаб өкілдері.

Эпидемия басталған уақыттан бері бес адам айыққан. Бұл Қырғызстанда тіркелген алғашқы адам өлімі.

11:12 3.4.2020

СҚО, Қарағанды және Түркістан облысында төрт адамнан коронавирус табылды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 3 сәуір түскі сағат 12.00-де төрт адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Солтүстік Қазақстан облысында - 1, Қарағанды облысында - 1, Түркістан облысында - 2 адамға вирус жұққаны анықталған.

Жалпы науқастар саны 448 адам болды:

  • Нұр-Сұлтанда - 199 адам
  • Алматыда - 91 адам
  • Қызылорда облысында - 26 адам
  • Қарағандыда - 22 адам
  • Атырау облысында - 20 адам
  • Ақмола облысында - 19 адам
  • Шымкентте - 11 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 15 адам
  • Түркістан облысында -16 адам
  • Алматы облысында - 9 адам
  • Жамбыл облысында - 6 адам
  • Ақтөбе облысында - 7 адам
  • Батыс Қазақстан облысы - 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында - 3 адам
  • Павлодар облысында - 1 адам
  • Маңғыстау облысында - 1 адам

Вирустан 27 адам айыққан. 3 адам қайтыс болған. Қазір елдің басым бөлігінде карантин жарияланған. Адамдардың сыртқа шығуына шектеу қойылған.

13:06 3.4.2020

Қазақстанда тағы бес адамнан коронавирус табылды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 3 сәуір күндізгі сағат 14.00-де тағы бес адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Солтүстік Қазақстан облысында - 3, Алматыда - 2 адамға вирус жұққаны анықталған.

Жалпы науқастар саны 453 адам болды:

  • Нұр-Сұлтанда - 199 адам
  • Алматыда - 93 адам
  • Қызылорда облысында - 26 адам
  • Қарағандыда - 22 адам
  • Атырау облысында - 20 адам
  • Ақмола облысында - 19 адам
  • Шымкентте - 11 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 18 адам
  • Түркістан облысында -16 адам
  • Алматы облысында - 9 адам
  • Жамбыл облысында - 6 адам
  • Ақтөбе облысында - 7 адам
  • Батыс Қазақстан облысы - 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында - 3 адам
  • Павлодар облысында - 1 адам
  • Маңғыстау облысында - 1 адам

Вирустан 29 адам айыққан. 3 адам қайтыс болған. Қазір елдің басым бөлігінде карантин жарияланған. Адамдардың сыртқа шығуына шектеу қойылған.

Тағы

XS
SM
MD
LG