Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

16:30 29.10.2020

Шетелден келген ПТР-тесті жоқ қазақстандықтар 7 күн карантинге жіберіледі

Қазақстан бас санитар дәрігері қол қойған жаңа қаулыда осылай деп жазылған. Бұған дейін елге оралғандар карантинде екі күн болуы тиіс деген ереже болған.

Коронавирус табылғандары инфекциялық стационарға жатқызылады. Ал коронавирус жұқпағаны туралы анықтамасы жоқ шетел азаматтары ұшаққа жіберілмейді.

14:17 29.10.2020

1 қарашада ШҚО-да блокбекеттер қойылады

Коронавирус жұқтырғандар күрт көбейген Шығыс Қазақстан облысында 1 қарашадан бастап облыс аумағына блокбекеттер қойылады. Облыстың тауар және қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жетекшісі міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаев 29 қазанда осылай деп хабарлады.

28 қазанда облыста бір күнде 139 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған еді. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда үш есеге көп.

Тұңғышбаев облыста эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына тұрғындар мен кәсіпкерлердің карантин шарттарын сақтамауы себеп болып отыр деп санайды. Бұған қоса, облыстың бас санитар дәрігері көрші елдерден жолаушы және жүк тасымалының үзілмеуі де жағдайдың нашарлауына әсер етіп отыр дейді.

Ол дегенмен кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріхана, банк, халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей беретінін айтты.

Жаңа қаулы жақын арада жарияланады деп айтылады.

13:05 29.10.2020

БҚО-да денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің ұсталғаны хабарланды

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Болатбек Қайыпов парақорлық бабы бойынша күдікке ілініп, ұсталды. Қазақстанның батыс өңірінен ақпарат тарататын "Мой город" сайты 29 қазанда осылай деп хабарлады. Әзірге толық емес ақпарат бойынша, шенеунік 7 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Облыстың бас дәрігері уақытша қамау изоляторына қамалды деп айтылады.

Болатбек Қайыпов.
Болатбек Қайыпов.

"Мой город" сайтының жазуынша, Қайыповқа қатысты тергеу амалдары басталғаны жайлы ақпарат осыған дейін де тараған. Алайда қыркүйек айының басында облыстық денсаулық сақтау басқармасы ақпаратты жоққа шығарған. Дегенмен басқарма қадағалау органдарының коронавируспен күреске бағытталған шараларға қаржы жұмсау мәселесін тексеріп жатқанын растаған.

29 қазанда Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Қайыповтың ұсталғаны жайлы ақпараттан хабарсыз екенін жеткізген. Ал шенеунік орнында жоқ болып шыққан. Батыс Қазақстан облысының жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күрес қызметі де әзірге түсініктеме бермей отыр.

Осыған дейін денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев "қаражатты ысырап ету" бабы бойынша күдікке ілініп, ұсталған еді. Ақпарат бойынша, тергеу органдары шенеунікті "ақпараттық жүйе құруға бөлінген 500 миллион теңгеден астам қаражатты ысырап қалды" деп айыптап отыр. Қыркүйек айының соңында бұл іс бойынша тергеу амалдарының жалғасып жатқаны хабарланды.

Елде коронавирус індеті өршіп, денсаулық сақтау саласына сын көбейген шақта аймақтағы денсаулық сақтау басқармасы мамандары да жиі ауысып жатыр. Осыған дейін Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Камалжан Нәдіров қызметінен кеткен.

10:32 29.10.2020

Коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте Қазақстанда 174 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, 1 адам қайтыс болды. Бір күнде 43 адам жазылды.

1 тамыздан бері Қазақстанда 37 379 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан, содан бері 397 адам қайтыс болған, 28 659 адам жазылған.

Бұл – коронавирус жұққаны ПТР-тестімен дәлелденбеген, бірақ клиникалық белгілері бойынша Covid-ке ұқсас науқастар есебі. Қазақстан билігі коронавирус пневмониясына шалдыққандарды Covid статистикасына қоспай келеді.

Өткен тәулікте коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталған науқастар арасында 5 адам өлімі тіркелген. Наурыз айынан бері қайтыс болғандар саны 1840 адамға жетті.

Қазір 3201 адам коронавирустан емделіп жатыр, 287-і – бала. 117 науқастың жағдайы ауыр, 13 адамның жағдайы өте ауыр, 15 адам жасанды аппаратпен тыныс алып жатыр.

Елде коронавирус пен коронавирус пневмониясына шалдыққандарды қосқанда 148 479 адам болады.

Тағы

XS
SM
MD
LG