Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

14:34 26.10.2020

Ресейде бір күнде 17 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте Ресейде (аннексияланған Қырымды қосқанда) 17 347 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Бұл індет басталғалы бері бір күн ішінде тіркелген ең жоғары көрсеткіш.

Жексенбі күні Мәскеуде 5 224 адамнан коронавирус табылған. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 769 адамға көп. Ресей астанасында науқастардың жалпы саны 400 мыңнан асты. Қаладағы №15 аурухананың бас дәрігері Валерий Вечорко РБК арнасына берген сұхбатында "егер сәуір-мамыр айларында күніне орташа есеппен 160-180 науқас ауруханаға түскен болса, қазір бұл көрсеткіш 200-ден асты" деген.

Өткен тәулікте Санкт-Петербургте 715 адамға коронавирус жұққаны анықталған, Мәскеу облысында 499 науқас тіркелген. Эпидемия басталғалы бері әлемде коронавирус жұқтырғандар 1,5 миллионнан асты.

25 қазанда Covid диагнозы қойылған науқастар арасында 219 адам өлімі тіркелген, 7 574 адам жазылған. Пандемия басталғалы бері барлығы 26 269 адам қайтыс болған, 1 146 096 адам жазылған.

Сбербанк сервисінің мәліметі бойынша, Ресейдің ірі қалаларында тұрғындар дәріханаға алдыңғы аптамен салыстырғанда 70 пайызға жиірек хабарласқан.

Коронавирусқа екі аймақ басшысы шалдыққан. Кузбасс губернаторы Сергей Цивилев медициналық көмек ұйымдастыру кезінде жіберген қателіктері үшін денсаулық сақтау министрлігінің аумақтық басқармасының басшысы Олег Евсті қызметінен кетірген. Оның алдында әлеуметтік желіде Новокузнецкідегі мәйітханалардың толып кеткені жайлы видео тараған еді.

08:57 26.10.2020

Қазақстанда бір күнде 166 адамнан коронавирус анықталды, 6 адам қайтыс болды

25 қазан күні Қазақстанда 166 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның басым бөлігі (140) – вирус жұқтырғаны Covid тестімен расталғандар (U07.01 коды). Өткен тәулікте Covid тесті теріс нәтиже берген, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмонияға (U07.02) шалдыққан 26 науқас анықталған.

Коронавирусқа шалдыққаны Covid тестімен расталған 140 науқастың 25-і - Шығыс Қазақстан облысында, 23-і - Нұр-Сұлтан қаласында, 15-і Алматы қаласында тіркелді. Жексенбі күні Шымкент қаласы, Қызылорда облыстарында коронавирус ешкімнен табылмаған.

Індет басталғалы елде барлығы 110 542 адамның коронавирус жұқтырғаны Covid тестімен расталған: 105 мыңнан астамы жазылған, 1825 адам қайтыс болған, бесеуі жексенбі күні көз жұмған.

Өткен тәулікте коронавирус пневмониясына шалдыққан науқастар арасында 1 адам өлімі тіркелген. 1 тамыздан бері пневмонияның осы түрінен 394 адам қайтыс болған.

Дүниежүзілік аурулар классификациясында U07.02 коды берілген коронавирус пневмониясының есебін Қазақстан билігі тек 1 тамыздан бері жүргізіп отыр. Сол уақыттан бері 36 921 науқас коронавирус пневмониясына шалдыққан.

Коронавирусқа шалдыққаны Covid тестімен расталған, бірақ «ілеспе аурудан қайтыс болды» деген жүздеген адам бұл статистикада көрсетілмеген.

16:07 25.10.2020

Ресейде бір күнде 16 710 адамның Covid-ке шалдыққаны анықталды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейде өткен тәулікте 16 710 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Тәулік ішінде 229 адам коронавирустан айыға алмай қайтыс болған. Бұл туралы елдегі жедел штабтың мәліметіне сілтей отырып Interfax агенттігі хабарлады.

Тәулік дерегі бойынша өзге аймақтардан бірнеше есе озып тұрған Мәскеуде 4455 науқас, 68 Covid өлімі тіркелген. Одан кейінгі орындарда Санкт-Петербург (709) және Мәскеу облысы (491).

Тәулік рекорды 23 қазан күні жаңарды. Сол күні елде 17 340 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды.

Елде індет басталғалы барлығы 1 513 877 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталған. Оның ішінде 1 138 522 науқас айыққан, 26 050 адам қаза тапқан.

Роспотребнадзор қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте 550 мың Covid тесті тапсырылған. Осымен тапсырылған тест саны 57,3 миллионға жеткен.

Ресей әлем бойынша коронавирустан ең қатты зардап шеккендер елдердің бірі саналады. Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, Қазақстанның солтүстіктегі көршісі коронавирус жұқтырғандар бойынша АҚШ, Үндістан және Бразилия елдерінен кейін төртінші орында.

Бірінші орында тұрған АҚШ-та 8,5 миллион, Үндістанда 7,8 миллион және Бразилияда 5,3 миллион науқас тіркелген.

16:05 25.10.2020

Covid-тің ушығуынан Польша ұлттық стадионы госпитальге айналды, ауруға президент Дуда да шалдықты

Польша президенті Анджей Дуда.
Польша президенті Анджей Дуда.

Польша президенті Анджей Дуданың Covid тесті оң нәтиже берді. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Блажей Спихальский хабарлады. Айтуынша, мемлекет басшысының халі жақсы.

Дуданың коронавирус ауруына шалдығуы Польшада Covid індетінің ушығуына тұспа-тұс келді. Елде вирус жұқтырғандар мен аурудан қайтыс болғандар саны күрт артып отыр. Өткен тәулікте елде 13 632 Covid науқасы тіркелген. Бұл – рекордтық көрсеткіш.

23 қазандағы мәліметке қарағанда, елде 119 054 адам емделіп жатыр. Сол күні Дуда Варшавадағы госпитальге айналып жатқан ұлттық стадионды көріп қайтан еді.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, індет басталғалы Польшада барлығы 241 946 адамның вирус жұқтырғаны расталған.

Вирус жұқтырғандар қатарынан артуы денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс салмақ түсіріп, адамдар жалғыз Covid қана емес, өзге де аурулардың қайтыс болып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, емдейтін адам тапшы. Үкімет жедел госпитальдер ашуға дайындалып жатыр. Бірақ емдеуге жұмылатын дәрігерлер мен медқызметкерлердің қайдан алынатыны белгісіз.

Тағы

XS
SM
MD
LG