Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

13:18 23.10.2020

Қазақстанға ұшып келген жолаушыларда ПТР-тест қорытындысы болуы тиіс

Бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов қол қойған жаңа қаулыға сәйкес, мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктерінде шектеу шаралары күшейеді. Қазақстанға ұшып келетін жолаушыларда соңғы үш ішінде тапсырылған ПТР-тест қорытындысы болуы тиіс. 5 жасқа дейінгі балаларға анықтаманың қажеті жоқ.

Әуежайларда жолаушылардың дене қызуы өлшенеді. Дене қызуы жоғары жолаушылар инфекциялық стационарларға жіберіледі.

10:48 23.10.2020

Covid: Қазан айының басынан бері Қырғызстанда науқастар өсімі үш есеге ұлғайған

Қырғызстанда өткен тәулікте 582 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Шамамен 6,3 млн халқы бар Орталық Азиядағы мемлекет шілде айының ортасынан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандарды да Covid статистикасына қосып, есептеп келеді. Наурыз айынан бері барлығы 54 588 адам Covid ауруына шалдыққан.

Коронавируспен күрес жөніндегі респуьликалық штаб мәліметінше, қазан айының басынан бері тәуліктік науқастар өсімі 3,3 пайызға ұлғайған. 1 қазанда бір күнде - 172 науқас табылса, 10 қазанда - 307 науқас, 22 қазанда 582 науқас тіркелген. Соңғы үш күнде көрсеткіш күрт ұлғайған.

Бір күнде 4 адам (Ош, Жалалабад, Баткен облыстары мен Бішкек қаласының тұрғындары) қайтыс болған. Эпидемия басталғалы бері 1 126 адам көз жұмған. 18 тамызда денсаулық сақтау министрлігі Covid статистикасын қайта қарап шыққаннан кейін адам өлімінің үштен бірі қысқарған. Министрлік статистикадан алынған адамдар өліміне "коронавирус емес, басқа ауру себеп болды" деп мәлімдеді.

Өткен тәулікте 324 адам жазылған, індет кезінде барлығы 47 050 адам жазылған. Қазір стационарда - 3 139 адам, амбулаторлық жағдайда 2 719 адам емделіп жатыр.

10:47 23.10.2020

Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 6 адам қайтыс болды

22 қазанда Қазақстанда 186 адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны анықталды. Бір күнде 27 адам жазылып, пневмонияның осы түрінен 1 адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің таратқан ақпараты бойынша, 1 тамыздан бері 36 567 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан, 28 390 адам жазылған, 391 адам қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пневмониясына шалдыққандарды Covid cтатистикасына қосуға кеңес бергенмен Қазақстан үкіметі құлақ аспай келеді. Елде коронавирус жұққаны ПТР тестімен расталғандар мен клиникалық белгілері бойынша коронавирусқа шалдыққандар (коронавирус пневмониясы) есебі бөлек жарияланып жатыр.

22 тамызда коронавирус жұққаны тестпен расталғандар арасында 5 адам қайтыс болған. Наурыз айынан бері коронавирустан барлығы 1811 адам көз жұмған.

Қазір 2 782 адам коронавирустан емделіп жатыр, 211-і - бала. Стационарда - 2 205 адам, амбулаторлық жағдайда 577 адам емделіп жатыр. 101 адамның жағдайы - ауыр, 10 адамның жағдайы - өте ауыр, 13 адам жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатыр.

07:10 23.10.2020

Өткен тәулікте 179 адамнан коронавирус анықталды, Алматыда науқастар күрт көбейді

22 қазанда Қазақстанда 179 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Денсаулық сақтау министрлігінің таратқан ақпараты бойынша, бейсенбі күні ең көп науқас Алматы қаласында (44) тіркелген. Шығыс Қазақстан облысында - 20, Нұр-Сұлтан қаласында - 20, Павлодар облысында - 20, Қарағанды облысында 16 адамнан коронавирус анықталған.

Елде наурыз айынан бері 110 086 адамға коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталған: 105 мыңнан астамы жазылған. 1806-ы қайтыс болған. Бұл статистикаға коронавирус жұқтырған бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген 600-ден астам адам өлімі енгізілмеген.

Covid жөніндегі ұлттық статистикаға 1 тамыздан бері есебі жүргізіліп келе жатқан коронавирус пневмониясына шалдыққандар саны енгізілмей отыр. 1 тамыздан 22 қазанға дейін аурудың бұл түрі 36 мыңнан астам адамнан анықталып, 390-ы қайтыс болған.

Джонс Хопкинс университеті Қазақстанның ресми дерегіне сүйеніп, тек Covid тестімен расталған науқастардың дерегін көрсетсе, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid пен коронавирус пневмониясы дерегін біріктіріп көрсетіп отыр.

Екі деректі қосқанда Қазақстанда вирус жұқтырғандар 146 мыңнан асады.

Тағы

XS
SM
MD
LG