Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

17:30 14.10.2020

Науқас аз тіркелген аймақтарда карантин күшейтілді. Министр бұған "саясаттың қатысы жоқ" дейді

Қазақстан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Қазақстан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой науқас аз тіркелген аймақтарда карантин шараларын күшейту себебін түсіндірді.

- Кез келген шешімді қабылдар кезде қажетті шараларға жүгінеміз. Әрбір аймақта жергілікті бас санитар дәрігер жабу-жаппау туралы шешім шығарады. Ақтау, Маңғыстау облыстарына келсек (соңғы уақытта мұнда науқас аз тіркелсе де, карантин шаралары күшейтілген - ред.), мұнда жалпы 3 362 адамға коронавирус жұққан. Аймақтың R көрсеткіші жоғары - 1,4. Сондықтан қосымша шаралар күшейтілген. Бұған саясаттың еш қатысы жоқ. Мәселе тек коронавирус жұқтырғандар мен науқастар санының арту ықтималдығы жайлы болып отыр, сол себепті шектеу шаралары енгізіліп жатыр, - деп мәлімдеді Алексей Цой 14 қазан күнгі брифинг кезінде.

Қазақстанда үш облыс: Маңғыстау, Атырау және Солтүстік Қазақстан облысында (бірнеше елді мекен жабылған) 13 қазаннан бастап карантин шаралары күшейтілген.

Шенеуніктер аймақта коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді дейді. Өткен тәулікте Атырау облысында - 9, Солтүстік Қазақстан облысында 12 адамнан коронавирус табылған. Ал Маңғыстау облысында бір науқас тіркелген. Карантинді күшейтер кезде Маңғыстауда мүлде науқас тіркелмеген.

Маңғыстау облысының бас санитар дәрігері Ғазиз Надуев алдыңғы аймен салыстырғанда қазан айында жағдай алаңдарлық дейді.

14 қазаннан бастап Нұр-Сұлтанда да карантин күшейтілді. Қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысымен мемлекеттік орган қызметкерлерінің кемінде 60 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшуі тиіс. Қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс істеу уақыты қысқарды. Қоғамдық көлік жұмысы шектеледі.

Қазақстан індеттің екінші толқынына дайындалып жатыр. Билік коронавирус жұқтырғандар санының көбеюіне негізінен әуе рейстерінің қалпына келуі және адамдардың маска тақпауы себеп болуы мүмкін дейді.

14 қазанда Азаттық тілшісінің сұрағына жауап берген денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жағдай ушығып кетсе, желтоқсан мен қаңтар айларында қатаң карантин енгізілуі мүмкін дейді.

Қазақстанда өткен тәулікте 83 адамнан коронавирус анықталған, 5 адам қайтыс болған. Елде коронавирус жұққаны ПТР тестімен расталған адамдар саны 108 мыңнан асты. Наурыз айынан бері 1776 адам қайтыс болған. Қазақстан билігі коронавирус пневмониясына шалдыққандарды Covid статистикасына қосқан жоқ. 1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына шалдыққан 35 234 адам анықталған, 27 978 адам жазылған, 373 адам қайтыс болған.

13:34 14.10.2020

"Өлсек өлерміз..." Депутаттар індеттің екінші толқынына дайындық жайлы не дейді?

Қазақстанда вирус жұқтыру қаупі артқаны айтыла бастады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "елде пандемияның екінші толқыны басталуы мүмкін" деп ескертеді. 14 қазанда министр вирус жұқтырғандар артқан бірнеше қалада карантин күшейгенін хабарлады. Азаттық мәжіліс депутаттарынан "билік екінші толқынға дайын ба?" деп сұрап көрді.​

"Өлсек өлерміз..." Депутаттар індеттің екінші толқынына дайындық жайлы не дейді?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:12 0:00

10:23 14.10.2020

Нұр-Сұлтанда карантин шаралары күшейтіледі

Нұр-Сұлтанда 14 қазаннан бастап коронавирусқа байланысты карантин шаралары күшейтіледі.

Билік шешіміне сәйкес, жергілікті атқару органдары мен квазисектордағы кәсіпорын қызметкерлерінің кемінде 60 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшеді. Жеке компаниялар да қызметкерлерін онлайн жұмыс істеуге көшіруі тиіс.

Қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты кешкі 22.00-ге дейін қысқартылады. Ғимарат ішінде 30-дан артық орын болмауы тиіс.

Заңгер мен нотариус, консалтингтік фирмалар, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, туроператорлар кеңсесі және қызмет көрсету саласындағы өзге де мекемелер таңертеңгі сағат 9 бен кешкі 18 аралығында жұмыс істейді.

Жәй күндері азық-түлік емес заттар сататын сауда орындары кешкі сағат 18-ге дейін жабылуы тиіс.

Қоғамдық көлік жексенбі күні істемейді.

10:11 14.10.2020

Бір күнде коронавирус пневмониясына шалдыққан 321 адам анықталды, 3 адам қайтыс болды

13 қазан күні Қазақстанда коронавирус пневмониясына шалдыққан 321 адам анықталды. Пневмонияның осы түрінен 3 адам қайтыс болды. 269 адам жазылды. 14 қазан таңертең денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада осындай мәлімет жазылған.

Қазақстан 1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына арнайы код беріп, есебін бөлек жариялап келеді. Содан бері коронавирус пневмониясына шалдыққан 35 234 адам анықталған, 80 пайызға жуығы немесе 27 978 адам жазылған. Екі айдан астам уақыт ішінде 373 адам қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігі пневмонияның бұл түрін ДДСҰ мен қазақстандық белсенділердің қысымынан соң коронавирустың салдарынан пайда болған ауру деп тануға мәжбүр болған. Бұл ауруға шалдыққандарда әдетте Covid белгілері байқалғанмен ПТР тесті теріс нәтиже көрсетеді.

Өткен тәулікте коронавирус жұққаны ПТР тестімен дәлелденген 83 адам анықталған, 5 адам қайтыс болған. Ресми мәлімет бойынша, наурыз айынан бері коронавирус жұққаны ПТР тестімен дәлелденген 108 984 адам анықталған. 104 346 адам жазылған. 1776 адам қайтыс болған.

Қазір 2 862 адам коронавирустан емделіп жатыр: 88-і - бала. 2 073 адам - стационарда, 789 адам амбулаторлық жағдайда емделіп жатыр. 79 адамның жағдайы ауыр, 12 адамның жағдайы өте ауыр, 12 адам жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатыр.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар 38 миллионнан асқан. 26,3 миллион адам жазылған. 1 млн 84 мың адам қайтыс болған.

Тағы

XS
SM
MD
LG