Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

12:53 29.9.2020

Індет кезінде қашықтан оқыған студенттер тәжірибесі

20 жастағы Бақберген Сапаш Сүлеймен Демирел атындағы университеттің фотожурналистика факультетінде үшінші курста оқиды. Оқуына жыл сайын 800 мың теңге төлейді. Бақберген онлайн оқу кезінде университет бағдарламасынан қалып қоймау үшін несиеге ноутбук алған. Алматыда өмір сүру қымбат болғандықтан Түркістаннан 40 километр жердегі туған жері – Үлгілі ауылына оралған.

Бақберген Сапаш.
Бақберген Сапаш.

Бақберген 130 үйден тұратын ауылына интернет келгенін Алматыда жүргенде естіген. Бірақ іс жүзінде ауылдағы интернеттің жылдамдығы жарытып білім алуға мүмкіндік бермейтінін түсінген. Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

12:47 29.9.2020

Мәскеуде коронавирусқа байланысты оқушыларды екі апта демалысқа жібереді

Мәскеу мэрі Сергей Собянин коронавирус жұқтырғандардың артуына байланысты мектеп оқушыларын екі апта демалысқа жіберетінін хабарлады. 5-18 қазанда оқушылар оқымайды. Қала мэрінің ресми сайтында осыған байланысты ақпарат жарияланды. Әдетте Ресей мектептерінде күз айындағы демалыс бір аптаға созылады.

"Санитар дәрігерлердің ұсынысымен күзде тұмау-сырқаулар мен Covid-ке шалдыққандардың көбеюіне байланысты күз кезіндегі демалыс уақытын екі аптаға созу туралы шешім қабылдадым" делінген Собянин мәлімдемесінде.

Бұл уақыт аралығында қашықтан оқу болмайды. Қосымша білім беру мекемелерінің жұмысы да екі аптаға тоқтатылады. Балабақшалар әдеттегі режим бойынша жұмыс істей береді.

Ресейде мектеп оқушылары 1 қыркүйектен бастап дәстүрлі форматпен оқи бастаған еді, алайда кейінірек кейбір аймақ билігі эпидемиологиялық ахуалға байланысты оқушыларды қашықтан оқуға көшірген.

25 қыркүйекте Мәскеу билігі 65 жастан асқандар мен созылмалы аурумен ауыратындар және аяғы ауыр әйелдерге үйден шықпауға кеңес берген. Қала мэрі үйден шыққан зейнеткерлерге айыппұл салмауға да уәде берген. Ірі кәсіпорын қызметкерлеріне қашықтан істеуге кеңес берілді. Мәскеуде дүкендер мен қоғамдық көлікте адамдар маска тағып жүруге міндетті.

"Открытые медиа" сайтының жазуынша, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының көбеюіне байланысты Ресей билігі карантин шараларын енгізу мәселесін талқылап жатыр. Егер бір күнде анықталған науқастар саны 10 мыңнан асса және жаңа науқастар саны жазылғандардан көп болса, карантин енгізіледі.

28 қыркүйекте Ресейде бір күнде 8135 адамнан коронавирус табылған. Маусым айынан бері бір күнде осынша көп науқас анықталмаған. Бір күнде 61 адам коронавирустан қайтыс болған. Індет басталғалы бері 20 385 адам көз жұмған. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 1,2 млн-нан асқан. Ресей коронавирус ауруына шалдыққандар саны жағынан әлемде АҚШ, Үндістан, Бразилиядан кейін төртінші орында тұр.

09:32 29.9.2020

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 4 адам қайтыс болды

28 қыркүйекте Қазақстанда 10 адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны анықталды. Пневмонияның осы түрінен бір адам қайтыс болды. Бір күнде 16 адам жазылып шықты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандар 32 500 адамға жеткен. 27 073-і жазылған. 351 адам қайтыс болған.

Дүйсенбі күні коронавирус жұққаны ПТР-тестпен расталған науқастар арасында 3 адам қайтыс болған. Наурыз айынан бері 1728 адам көз жұмған.

Қазір коронавирус ауруынан 3 300 емделіп жатыр, 46-ы – бала. Стационарда – 1 906 адам, амбулаторлық жағдайда 1 394 адам емделіп жатыр. 92 адамның жағдайы ауыр, 12 науқастың жағдайы өте ауыр. 21 адам жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатыр.

Елде коронавирус пневмониясы бөлек есептелгенге дейін яғни, 1 тамызға дейін 8 ай ішінде 256 мың адам пневмонияға шалдыққан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,3 есе көп. Оның 35 мыңы маусымда, 152 мыңы шілдеде ауырған. ДСМ мұның ішінде нешеуі коронавирус пневмониясы екенін айтпады. Министрлік бар болғаны 1-8 шілде аралығында пневмония 56,8 мың адамнан анықталғанын, соның 39,7 мыңында коронавирус белгілері болғанын айтты.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирустан қайтыс болғандар 1 миллионнан асқан. Індет басталғалы бері барлығы 33,2 млн адам коронавирус ауруына шалдыққан. 23 млн адам жазылған. Денсаулық сақтау саласы сарапшыларының пікірінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар мен одан қайтыс болғандар саны ресми деректен әлдеқайда көп болуы мүмкін, себебі қажетті дәрежеде тест жүргізіліп отырған жоқ және кейбір елдер тарабынан індет ауқымын жасыру талпынысы да байқалған.

08:20 29.9.2020

Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар бір миллионнан асты

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирустан қайтыс болғандар бір миллионнан асты. Үкіметтер індеттің тарамауына барынша күш салып, екінші толқынынан да қауіптеніп отыр.

Денсаулық сақтау саласы сарапшыларының пікірінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар мен одан қайтыс болғандар саны ресми деректен әлдеқайда көп болуы мүмкін, себебі қажетті дәрежеде тест жүргізіліп отырған жоқ және кейбір елдер тарабынан індет ауқымын жасыру талпынысы да байқалған.

Қыркүйек айында өзге елдермен салыстырғанда Үндістанда вирус жұқтырғандар мен коронавирустан қайтыс болғандар көбірек тіркелген. Соңғы мәлімет бойынша, мұнда 6 млн-нан астам адамнан коронавирус табылған, 95 мыңнан астам адам қайтыс болған. Егер көбею тренді қайталана берсе, келесі айда Үндістан вирус жұқтырғандар саны жағынан әлемде бірінші орында тұрған АҚШ-тан асып түседі. АҚШ-та Covid-тен 205 мың адам қайтыс болған, бұл – әлем бойынша адам өлімінің бестен бір бөлігіне тең.

Коронавирустың жаңа түрі былтыр жыл соңында Қытайда пайда болып, әлемге тараған. Көптеген вакциналар сынақтан өткізіліп жатыр, алайда мамандар індеттің беті қайтатын түрі көрінбейді дейді. Күн сайын орташа есеппен 5 мың адам өлімі тіркеліп жүр.

Тағы

XS
SM
MD
LG