Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

10:56 27.9.2020

Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 1 миллионға жуықтады

Медицина қызметкерлері COVID-19 ауруының бар-жоғын анықтайтын мобильді тестілеу орталығында. Нью-Йорк, 17 қыркүйек 2020 жыл.
Медицина қызметкерлері COVID-19 ауруының бар-жоғын анықтайтын мобильді тестілеу орталығында. Нью-Йорк, 17 қыркүйек 2020 жыл.

Коронавирус ауруынан қайтыс болғандардың дүние жүзі бойынша саны 1 миллиондық межеге жетуге таяп қалды. Өткен жылдың соңында Қытайда пайда болған Covid инфекциясын 33 миллионға жуық адам жұқтырды. Пандемия салдарынан көптеген ел қатаң карантин шектеулерін енгізіп, онысы әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелер тудырды.

Еуропада вирустың тарауы қайта өршіп отыр. Испания, Франция және Ұлыбритания елдерінде вирус жұқтырғандардың тәуліктік саны рекордтық көрсеткіштерге жетіп жатыр. Денсаулық мамандары күз бен қыста жағдай одан әрі ушығады дейді.

"Екінші толқын біз ойлағаннан жылдам келіп жатыр" деді Франциядағы дәрігерлер ордені ұлттық кеңесінің жетекшісі Патрик Буэ Journal du Dimanche журналына берген сұхбатында.

Еуропаның бірнеше елінде карантин шектеулері қайта енгізіліп, денсаулық сақтау хаттамалары жаңарып жатыр. Испания астанасы Мадридтің аурудан қатты зардап шеккен аудандарында қатаң шектеулер жарияланса, Францияда ресторандар мен барлардың жұмыс істеу уақыты шектелді.

Еуропаның шығыс бөлігіне келсек, Ресейде Covid науқастарының тәуліктік саны 22 маусымнан бергі ең үлкен көрсеткіш болып отыр. Елде тәулік ішінде 7,523 адамның вирус жұқтырғаны расталған. Covid науқастарының жалпы саны 1 143 571-ге жетті. Ресей вирус жұқтырғандардың саны бойынша төртінші орында, бірақ елде Covid марқұмдарының саны 20 мың ғана деп көрсетілген. Бұл Covid өлімі дерегі қаншалық дәл деген сұрақ тудырып отыр.

10:55 27.9.2020

ПТР тесті растаған дерек. Қазақстанда 64 адамнан Covid инфекциясы анықталды

Медициналық маска таққан әйел Алматы көшелерінде. 8 қыркүйек 2020 жыл.
Медициналық маска таққан әйел Алматы көшелерінде. 8 қыркүйек 2020 жыл.

26 қыркүйек күні Қазақстанда коронавирус жұқтырғаны ПТР тестімен анықталған 64 науқас тіркелді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысы тәулік көрсеткіші бойынша бірінші орында. Облыста бір күнде 17 науқас анықталған. Нұр-Сұлтанда 10, Солтүстік Қазақстан облысында 5 науқастың вирус жұқтырғаны расталған. Қалған өңірде науқас саны беске жетпейді. Шымкент қаласында, Түркістан және Қызылорда облыстарында науқас тіркелмеген.

Вирус жұқтырғаны ПТР расталған науқастар 107 723-ке жетті.

Аймақ бойынша жағдай мынадай:

Алматы қаласында – 14370 (+3),
Нұр-Сұлтан қаласында -14074 (+10),
Атырау облысында – 11076 (+4),
Қарағанды облысында – 10255 (+4),
Шығыс Қазақстан облысында - 8678 (+17),
Батыс Қазақстан облысында – 6854 (+2),
Шымкент қаласында -5188 (+0),
Алматы облысында – 4959 (+2),
Жамбыл облысында – 4124 (+2),
Солтүстік Қазақстан облысында – 4081 (+5),
Павлодар облысында – 3905 (+4),
Қостанай облысында – 3481 (+3),
Ақмола облысында – 3480 (+4),
Түркістан облысында – 3374 (+0),
Маңғыстау облысында – 3340 (+2),
Қызылорда облысында – 3242 (+0),
Ақтөбе облысында – 3242 (+2).

Қазақстанда үкіметтің Covid статистикасы күмәнмен қарайтындар көп. Олар вирус жұқтырғандар саны үкімет айтқан саннан әлдеқайда көп деп санайды. Жаздың алғашқы екі айында пневмония ауруы мезгілсіз өршіп кетті. Жергілікті дәрігерлер пневмония науқастарының ПТР тесті теріс шығып жатқанын айтып, бірақ коронавирустың белгілері байқалып отырғанын айтты. Бірақ ДСМ тек ПТР тестіне сүйенетінін айтты. 2020 жылдың алғашқы алты айында 256 мың адам пневмонияға шалдықты. Оның қаншасы бактериялық, қаншасы вирустық екені айтылмады. Дегенмен бұл науқастардың ешбірі коронавирус статистикасына қосылмады.

Үкімет тек 1 тамыздан бастап ПТР тестімен расталмаған коронавирус пневмониясының дерегін жүргізе бастады. 26 қыркүйектегі мәлімет бойынша пневмонияның бұл түріне 32 223 адам шалдыққан. Бұл дерек те Covid жөніндегі ұлттық статистикаға қосылмай отыр.

18:06 26.9.2020

Науқас саны 3,5 есе аз, өлім саны 2,2 есе көп. Қыркүйектегі Covid дерегі "пневмониямен" салыстырылды

Маска таққан жігіт Алматының орталық көшелерінде. 8 қыркүйек 2020 жыл.
Маска таққан жігіт Алматының орталық көшелерінде. 8 қыркүйек 2020 жыл.

1-25 қыркүйек аралығында ПТР тестімен расталған коронавирус ауруына 1787 адам шалдықса, зертханалық талдаумен расталмаған коронавирус пневмониясына 6499 адам шалдыққан. Осы аралықтан Covid-тен 125 адам, коронавирус пневмониясынан 55 адам қайтыс болған. Яғни Covid дерегін коронавирус пневмониясы дерегімен салыстырса, науқас саны 3,5 есе аз, бірақ өлім саны 2,2 есе көп болып шығады.

Осы аралықта күн сайын орташа есеппен 71 адамнан Covid, 259 адамнан коронавирус пневмониясы анықталып отырды. Covid-тен күн сайын орташа есеппен 5 адам, коронавирус пневмониясынан 2,2 адам қайтыс болған.

Министрлік Covid науқастарының саны 3,5 рет аз болып, өлімінің саны 2,2 есе көп болуының себебі жөнінде мәлімдеме жасамады.

Қазақстан үкіметі вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталмаған коронавирус пневмониясы науқастарының есебін 1 тамыздан бері жүргізіп келеді. Бұл науқастардың диагнозы ауру белгілері бойынша анықталады. 1 тамыздан 25 қыркүйекке дейін 32 223 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. Оның ішінде 26 965 адам жазылған, 347 адам қайтыс болған.

Мамандар арасында коронавирус пневмониясының есебін жүргізу деп кеш басталды деген пікір бар. Қазақстанда жаздың алғашқы екі айында шығу тегі белгісі пневмония қатты өршіп, ауруханалар науқастарды қабылдап үлгере алмай, дәріханаларда тапшылық пайда болды. Жергілікті дәрігерлер пневмония науқастарынан коронавирус белгілері байқалғанын, бірақ ПТР тестінің нәтижесі теріс шығып жатқанын айтып, дабыл қаққан.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 1 қаңтар мен 2 тамыз аралығында 256 мың адам пневмонияға шалдыққан. Бұл – өткен жылғыдан 3,3 есе көп көрсеткіш. Оның 35 мыңы маусымда, 152 мыңы шілдеде ауырған. ДСМ мұның ішінде нешеуі коронавирус пневмониясы екенін айтпады. Министрлік бар болғаны 1-8 шілде аралығында пневмония 56,8 мың адамнан анықталғанын, соның 39,7 мыңында коронавирус белгілері болғанын айтты.

17 шілде күні ДСМ жергілікті медбелсенділердің талабы мен халықаралық қауымдастықтың назарынан кейін коронавирус пневмониясының есебін жүргізе бастап, оны Covid статистикасына қосатынын мәлімдеді. Бір күн бұрын Қырғызстан үкіметі де дәл осындай мәлімдеме жасады. Алайда Қырғызстан коронавирус пневмониясы есебін келесі күннен жүргізе бастап, оны Covid статистикасына бірден қосты. Ал Қазақстан үкіметі есепті 1 тамыздан бастайтынын айтты. Тамыздың басына қарай, коронавирус пневмониясының қарқыны бәсеңдеп, індет ауқымы тарылып қалған болатын.

1 тамызда Қазақстан үкіметі коронавирус пневмониясының есебін жүргізуді бастады, бірақ оны уәде етілгендей коронавирус статистикасына қоспады. Ресми ақпарат бойынша, Қазақстанда барлығы 107 659 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған. Оның 102 530-ы жазылған, 1719-ы қайтыс болған.

10:53 26.9.2020

ПТР растаған дерек. Covid науқастары 69 адамға артты, 4 адам қайтыс болды

Маска тақан әйел қала орталығындағы көшеден өтіп барады. Алматы, 8 қыркүйек 2020 жыл.
Маска тақан әйел қала орталығындағы көшеден өтіп барады. Алматы, 8 қыркүйек 2020 жыл.

25 қыркүйек күні Қазақстанда 69 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР-тестімен расталды. Осы күні 4 Covid науқасының қайтыс болғаны белгілі болды. Бұл туралы коронавируспен күрес жөніндегі ресми ақпарат көзі саналатын coronavirus2020.kz Telegram каналы хабарлады.

Ең жоғары тәулік көрсеткіші Шығыс Қазақстан облысында (17) және Нұр-Сұлтан қаласында (14) тіркелген. Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында бес-бестен науқас анықталған. Шымкент қаласында, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында науқас тіркелмеген.

Елде вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастар саны – 107 659.

Аймақ бойынша жағдай мынадай:

  • Алматы қаласында - 14367(+3 науқас жаңадан қосылды),
  • Нұр-Сұлтан қаласында -14064(+14),
  • Атырау облысында - 11072(+5),
  • Қарағанды облысында - 10251(+5),
  • Шығыс Қазақстан облысында - 8661 (+17),
  • Батыс Қазақстан облысында - 6852(+2),
  • Шымкент қаласында -5188(+0),
  • Алматы облысында - 4957(+2),
  • Жамбыл облысында - 4122(+2),
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 4076(+5),
  • Павлодар облысында - 3901(+4),
  • Қостанай облысында - 3478(+3),
  • Ақмола облысында - 3476(+5),
  • Түркістан облысында - 3374(+1),
  • Маңғыстау облысында - 3338(+0),
  • Қызылорда облысында -3242(+0),
  • Ақтөбе облысында -3240(+1).

Науқастардың 102 530-ы жазылған, 1719-ы қайтыс болған. Билік 1 тамыздан бастап ПТР тестімен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония есебін жүргізе бастады. Пневмонияның бұл түрі өткен тәулікте 232 науқастан анықталды. Науқастардың жалпы саны 32 223-ке жетті. Оның 26 965-і айыққан.

Елде ресми статистикаға күдік келтіретіндер көп. Олар коронавирус жұқтырғандардың шынайы саны үкімет санынан әлдеқайда көп деп санайды.

Тағы

XS
SM
MD
LG