Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

09:00 25.9.2020

Коронавирус пневмониясы: Тағы 231 науқас анықталды, Covid-ті қосқанда 5 адам қайтыс болды

24 қыркүйекте Қазақстанда коронавирусқа ұқсас пневмонияға 231 адамның шалдыққаны белгілі болды. Өткен тәулікте пневмонияның бұл түрінен бір адам қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

1 тамыздан бері 31991 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 347 адам қайтыс болған, 26 914 адам жазылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің 23 қыркүйек күнгі мәліметі бойынша, тамыздың басынан бері Нұр-Сұлтан (3845), Алматы (3072), Шығыс Қазақстан облысы (4382), Қостанай облысында (2815) коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққандар көп тіркелген.

Өткен тәулікте коронавирус жұққаны ПТР тестімен расталған 4 адам қайтыс болған. Наурыз айынан бері 1715 адам көз жұмған.

Қазір 3 515 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. 40-ы – бала. Стационарда – 1 804, амбулаторлық жағдайда 1 711 адам емделіп жатыр. 98 адамның жағдайы ауыр, 13 адамның жағдайы – өте ауыр, 22 адам аппарат тыныс алу аппаратына қосылған.

Елде коронавирус пен коронавирус пневмониясына шалдыққандарды қосқанда барлығы 139 581 адам Covid-пен ауырған. 129 мыңнан астамы жазылған. Кемінде 2062 адам қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігі елде эпидемиологиялық ахуал тұрақталды дегенмен пневмония статистикасы құбылып тұр, коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны тұрақты түрде артып жатыр.

07:17 25.9.2020

Қазақстанда өткен тәулікте 61 адамнан коронавирус табылды

24 қыркүйекте Қазақстанда 61 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрлік коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталғандар мен расталмағандар (пневмония) санын бөлек жариялап жүр. Жоғарыда айтылған науқастар алғашқы топқа кіреді. Бірақ екеуі де Covid болып саналады.

Бейсенбі күні ШҚО-да 18 науқас анықталған. Қалған облыстар мен қалалардағы көрсеткіш оннан аспайды. Шымкент қаласы, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында бірде-бір науқас тіркелмеген.

Осылайша коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталғандар саны 107 590 адамға жетті. Басым бөлігі жазылған. Наурыз айынан бері 1711 адам қайтыс болған. Бұл статистикаға "ілеспе аурулардан" қайтыс болған жүздеген адам өлімі енгізілмеген. 1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына шамамен 31 760 адам шалдыққан. 346 адам қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қазақстанда 139 289 адам коронавирус ауруына шалдыққан. 2043 адам қайтыс болған.

Статистика комитетінің мәліметінше, биыл қаңтар мен шілде айында былтырғы жылмен салыстырғанда адам өлімі көп болған. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мұны індетпен байланыстырғанмен адам өлімінің нақты себептері айтылмады.

20:08 24.9.2020

Қазақстанда коронавирус ахуалы қандай?

  • 24 қыркүйектегі ресми дерек бойынша, Қазақстанда 139 мыңнан аса адам індетке шалдығып, 2040-тан аса адам қайтыс болды. Бұл есепке анализінен коронавирус табылғандар да; анализі теріс, бірақ клиникалық белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққандар да енген.
  • Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде коронавирус жұқтырған және коронавирустық пневмонияға шалдыққан 129 мыңнан аса адам дерттен айықты.
  • Министрліктің дерегінше, қазір елде коронавирус жұқтырған 3495 адам емделіп жатыр. Олардың 1810-ы ауруханада, 1685-і үйде. Вирус жұқтырып емделіп жатқандар арасында 36 бала бар.
  • 95 науқастың жағдайы ауыр. Оның 15-інің халі өте ауыр. 23 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
  • Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, қыркүйектен бері облыста 4 оқушыдан коронавирус табылған. Олар – Шемонаиха ауданының 4-сынып оқушылары, Көкпекті ауданының 11-сынып оқушысы және Алтай ауданының 2-сынып оқушысы. Қазір Шемонаиха, Алтай аудандарындағы екі мектептің кезекші сыныптары және Көкпекті ауданындағы бір мектеп 14 күнге карантинге жабылған.
  • Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов егер елде індеттің екінші толқыны болса 162 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін деп болжайды. Сөзінше, 2,2 миллион адам қолдауға мұқтаж болуы мүмкін.
10:44 24.9.2020

Коронавирус пневмониясына шалдыққан 228 адам анықталды, Covid-ті қосқанда 5 адам қайтыс болды

23 қыркүйекте Қазақстанда коронавирусқа ұқсас пневмонияға 228 адамның шалдыққаны белгілі болды. Өткен тәулікте пневмонияның бұл түрінен бір адам қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

1 тамыздан бері 31760 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 346 адам қайтыс болған, 26 805 адам жазылған.

Денсаулық сақтау министрлігі 23 қыркүйекте алғаш рет аймақтағы пневмония ахуалын көрсететін статистика жариялады.

1-23 қыркүйек аралығында пневмонияға шалдыққандардың аймақ бойынша саны мынадай:

Нұр-Сұлтан - 3845
Алматы қаласы - 3072
Шымкент - 732
Акмола облысы - 934
Ақтөбе облысы - 1281
Алматы облысы - 1530
Атырау облысы - 1392
Шығыс Қазақстан облысы - 4382
Жамбыл облысы - 1747
Батыс Қазақстан облысы - 1045
Қарағанды облысы - 2101
Қостанай облысы - 2815
Қызылорда облысы - 901
Маңғыстау облысы - 877
Павлодар облысы - 1877
Солтүстік Қазақстан облысы - 1164
Түркістан облысы - 1472.

Өткен тәулікте коронавирус жұққаны ПТР тестімен расталған 4 адам қайтыс болған. Наурыз айынан бері 1711 адам көз жұмған.

Қазір 3 495 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. 36-сы – бала. Стационарда – 1 810, амбулаторлық жағдайда 1 685 адам емделіп жатыр. 95 адамның жағдайы ауыр, 15 адамның жағдайы – өте ауыр, 23 адам аппарат тыныс алу аппаратына қосылған.

Елде коронавирус пен коронавирус пневмониясына шалдыққандарды қосқанда барлығы 139 289 адам Covid-пен ауырған. 129 мыңнан астамы жазылған. Кемінде 2057 адам қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігі елде эпидемиологиялық ахуал тұрақталды дегенмен пневмония статистикасы құбылып тұр, коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны тұрақты түрде артып жатыр.

Тағы

XS
SM
MD
LG