Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

10:45 14.9.2020

Батыс Қазақстан облысындағы ауылда індет қайта өршіп, карантин күшейтілді

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының әкімшілік орталығы Федоровка ауылында карантин күшейтілді. Соңғы аптада бұл ауылда он адамнан коронавирус табылған.

12 қыркүйектен бастап елді мекенде азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, сауда орталықтары жабылған. Қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс істеуіне тыйым салынған. Тек сыртта орындары бар 30-дан аспайтын шағын дәмханалар ғана жұмыс істеп жатыр. Тұрғындар мейрамхана, дәмхана, асханалардан тамақты тек сатып алып кете алады. Азық-түлік дүкендері ашық.

Билік спорт алаңдары, саябақтар мен алаңдарды жапқан. Қоғамдық көлік жұмысының уақыты да шектелген. 65 жастан асқан адамдарға көшеге өте қажет жағдайда ғана шығуға кеңес берілген.

Жабылған базар.
Жабылған базар.

Батыс Қазақстан облысында ресми статистика бойынша, наурыз айынан бері 6 809 адамнан коронавирус табылған, 100 адам қайтыс болған. Коронавирусқа ұқсас пневмонияға қанша адамның шалдыққаны белгісіз. Денсаулық сақтау министрлігі аймақтағы жағдай туралы жеке мәлімет беруге уәде бергенмен әзірге уәдесін орындамады.

Санитар мамандар облыстағы эпидемиологиялық ахуалды "салыстырмалы түрде тұрақты" деп бағалайды.

Коронавирус жұқтырғандар санының азаюына байланысты билік 17 тамыздан бастап шілде айының басында енгізген карантин шараларын жеңілдете бастаған еді.

Батыс Қазақстан облысы вирус жұқтырғандар саны жағынан республикада бесінші орында (Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары және Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарынан кейін) тұр.

Соңғы мәлімет бойынша, елде коронавирус пен covid-ке ұқсас пневмонияға шалдыққандар саны 136 513 адамға жеткен. Кемінде 1999 адам қайтыс болған.

10:26 14.9.2020

Covid пен пневмония. Қазақстанда бір күнде 11 адамның қайтыс болғаны расталды

13 қыркүйекте Қазақстанда коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққан тағы 77 адам анықталды, пневмонияның осы түрінен 7 адам қайтыс болды. Бір күнде 30 адам жазылған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

1 тамыздан бері коронавирусқа ұқсас пневмонияға 29 658 адам шалдыққан, 328 адам қайтыс болған, 6 853 адам жазылған.

13 қыркүйекте коронавирус инфекциясынан 4 адам қайтыс болған. Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны ПТР тестімен расталған 1671 адам көз жұмған. Денсаулық сақтау министрлігі жүздеген адам өлімін бұл статистикаға енгізбеген. Ведомство олардың өліміне коронавирус емес, "ілеспе аурулар" себеп болды деп мәлімдеген.

Қазір 4 557 адам covid-тен емделіп жатыр, 37-і - бала. Стационарда - 2 306 адам, амбулаторлық жағдайда 2 251 адам емделіп жатыр. 121 адамның жағдайы ауыр, 22 науқастың жағдайы - өте ауыр, 23 адам жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатыр.

Қазақстанда коронавирус пневмониясына шалдыққандар жоғарыда айтылған көрсеткіштен әлдеқайда көп болуы мүмкін, себебі вирус пневмониясы Қазақстанда маусым және шілде айларында өршіген. Ведомство бұған дейін жалпы пневмония статистикасынан оларды айырып, ажырату мүмкін емес екенін айтып, нақты қанша адамның вирус пневмониясына шалдыққаны анықталмады деген.

08:04 14.9.2020

Қазақстанда бір күнде 52 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

13 қыркүйекте Қазақстанда тағы 52 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бір күнде 12 адам жазылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысы мен Атырау облысында әрқайсында 11 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Қалған қалалар мен облыстарда тіркелген науқастар саны оннан аспайды. Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларында бірде-бір науқас тіркелмеген.

Маска таққан қыз коронавирус індеті жайлы ескерту жазылған баннердің жанынан өтіп барады. Алматы, 11 қыркүйек 2020 жыл.
Маска таққан қыз коронавирус індеті жайлы ескерту жазылған баннердің жанынан өтіп барады. Алматы, 11 қыркүйек 2020 жыл.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстан бойынша Covid-19 жұқтырғандар 106 855 адамға жетті. Алайда бұған Covid-19 ауруына ұқсайтын, бірақ ПТР-тест қорытындысы коронавирус белгісін таба алмаған пневмониямен ауырғандар енгізілмеген. Олардың саны құбылып тұр. Коронавируспен ​байланысты адам өлімі де азаймай отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қазақстанда 136 384 адамға коронавирус жұққан. Кемінде 1948 адам қайтыс болған.

Қазақстанда ресми статистикасына күмән келтіретіндер аз емес. Олар ПТР-тест аймақтардың барлығын қамтымайтынын, маусым мен шілдеде ауруханалар науқасқа лық толып, бос орын болмағандықтан, аурудың жеңіл және орташа түріне шалдыққандардың көбі дәрігерге бармай, үйінде емделгенін айтады.

08:39 13.9.2020

Пневмонияға шалдыққан 346 адам анықталды, covid-ті қосқанда 7 адам қайтыс болды

12 қыркүйекте Қазақстанда коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққан тағы 346 адам анықталды, пневмонияның осы түрінен 1 адам қайтыс болды. Бір күнде 36 адам жазылған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

1 тамыздан бері коронавирусқа ұқсас пневмонияға 29 581 адам шалдыққан, 321 адам қайтыс болған, 6 823 адам жазылған.

Коронавирус жұққандарды емдейтін аурухана. Көрнекі сурет.
Коронавирус жұққандарды емдейтін аурухана. Көрнекі сурет.

12 қыркүйекте коронавирус инфекциясынан 6 адам қайтыс болған. Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталған 1667 адам көз жұмған. Денсаулық сақтау министрлігі жүздеген адам өлімін бұл статистикаға енгізбеген. Ведомство олардың өліміне коронавирус емес, "ілеспе аурулар" себеп болды деп мәлімдеген.

Қазір 4 521 адам covid-тен емделіп жатыр, 35-і - бала. Стационарда - 2 353 адам, амбулаторлық жағдайда 2169 адам емделіп жатыр. 129 адамның жағдайы ауыр, 22 науқастың жағдайы - өте ауыр, 27 адам жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатыр.

Қазақстанда коронавирус пневмониясына шалдыққандар жоғарыда айтылған көрсеткіштен әлдеқайда көп болуы мүмкін, себебі вирус пневмониясы Қазақстанда маусым және шілде айларында өршіген. Ведомство бұған дейін жалпы пневмония статистикасынан оларды айырып, ажырату мүмкін емес екенін айтып, нақты қанша адамның вирус пневмониясына шалдыққаны анықталмады деген.

Тағы

XS
SM
MD
LG