Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

14:53 12.9.2020

Қазақстанда жұма күні Covid-19 бен "коронавирусқа ұқсас" пневмониядан жеті адам қайтыс болған

Қазақстанда 11 қыркүйекте Covid-19 вирусын жұқтырған бес адам мен денсаулық сақтау министрлігі "коронавирус инфекциясы болуы ықтимал" деп атайтын пневмониядан екі адамның қайтыс болғаны тіркелген.

Covid-19 індеті кезінде қайтыс болған адамдардың зираты. Ақтөбе, 7 тамыз 2020 жыл.
Covid-19 індеті кезінде қайтыс болған адамдардың зираты. Ақтөбе, 7 тамыз 2020 жыл.

Covid-19 коронавирусы алғаш рет тіркелген наурыз айынан бері Қазақстанда осы вирустың кесірінен, ресми мәлімет бойынша, 1661 адам қайтыс болған. Бірақ бұлардан бөлек, ПТР-тест қорытындысы коронавирус жұқтырғанын анықтаған, бірақ өлімінің себебі басқа деп көрсетілген жүздеген адам тағы бар. Билік оларды ресми статистикаға қоспады.

Билік "коронавирусқа ұқсас" пневмонияға шалдыққан және содан қайтыс болғандарды 1 тамыздан бастап жеке есеп бойынша тіркеп бастаған. Содан бері елде осы дертпен 29 235 адам ауырып, 320 адам қайтыс болған. Коронавируске ұқсайтын пневмониядан қайтыс болған, ПТР-тест талдауы Covid-19 жоғын анықтаған марқұмдарды тамызға дейін ресми статистикаға қоспай келді.

10:23 12.9.2020

Қазақстанда бір күнде 300-ден астам адамнан "коронавируске ұқсас" пневмония анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте "коронавирусқа ұқсас" пневмонияға шалдыққан, бірақ ПТР-тест қортындысы Covid-19 вирусы жоғын анықтаған 307 науқас тіркелген. Бұл туралы 12 қыркүйекте денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Жұма күні пневмонияның осы түрінен екі адам қайтыс болған.

1 тамыздан бері елде осындай пневмониямен 29 235 адам ауырған, 320 науқас көз жұмды. 6787 адам дерттен айыққан.

COVID-19 қаупі туралы жарнаманың жанынан өтіп бара жатқан адам. Алматы, 11 қыркүйек 2020 жыл.
COVID-19 қаупі туралы жарнаманың жанынан өтіп бара жатқан адам. Алматы, 11 қыркүйек 2020 жыл.


Елде пневмонияның бұл түрі жаз басталғалы өршіп кеткен. Бірақ денсаулық сақтау министрлігі ондай пневмонияға шалдыққан және содан қайтыс болғандарды 1 тамыздан бастап жеке есеп бойынша тіркеп келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда әдеттен тыс пневмонияның өршуін Covid-19 диагнозын дұрыс қоймаумен байланыстыр, ал қазақстандық дәрігер белсенділер билікті "статистикамен ойнамауға" үндеген. Осыдан кейін министрлік пневмонияны коронавирус салдары деп мойындауға мәжбүр болған. Алайда осыған қарамастан, денсаулық сақтау министрлігі пневмониямен ауырғандар және одан қайтыс болғандар туралы мәліметті Covid-19 статистикасына қоспай, жеке жариялайды. Министрлік маусым мен шілде айларында пневмониямен ауырған және қайтыс болғандарды жалпы статистикаға қоспауының себебін "коронавирусқа ұқсайтын" пневмонияны өзге түрлерінен (бактерия, зең, түрлі қоздырғыш вирус әсерінен болатын) ажыратудың қиындығымен түсіндірген.

08:04 12.9.2020

Елде Covid-19 жұқтырғандар 106 729 адамға жетті

Қазақстанда тәулік ішінде коронавирус жұққаны ПТР-тест қорытындысы бойынша анықталған 68 адам анықтылды. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

11 қыркүйекте ПТР-тест қорытындысы бойынша 68 адамнан коронавирус белгісі анықталды деп хабарлады сенбі күні Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі.

Оның ішінде 18 жағдай Шығыс Қазақстан облысында тіркелген.

Алматы қаласында сегіз жағдай, Алматы және Қарағанды облыстарында – жетіден, Атырау облысында – алты жағдай тіркелген. Қалған облыстардағы көрсеткіш беске жетпейді. Нұр-Сұлтанда үш адамға коронавирус жұққаны анықталған.

Алматы көшесінде кетіп бара жатқан адам. 11 қыркүйек 2020 жыл.
Алматы көшесінде кетіп бара жатқан адам. 11 қыркүйек 2020 жыл.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстан бойынша Covid-19 жұқтырғандар 106 729 адамға жетті. Алайда бұған коронавирус инфекциясы болуы ықтимал жағдай – Covid-19 ауруына ұқсайтын, бірақ ПТР-тест қорытындысы коронавирус белгісін таба алмаған пневмониямен ауырғандарды қоспаған. Елде осындай пневмония жаз басталғалы өршіп кеткен еді. Бірақ денсаулық сақтау министрлігі ондай пневмонияға шалдыққан және содан қайтыс болғандардың есебін 1 тамыздан бастап қана жүргізіп келеді. Кейінгі 41 тәулікте елде «коронавирусқа ұқсас» пневмониямен ауырған 29 928 науқас тіркелген, 318 адам қайтыс болды. Министрлік 11 қыркүйекте тіркелген пневмония статистикасы әлі жариялаған жоқ.

Қазақстанда кейінгі бірнеше аптада коронавирус жұқтырғаны анықталғандар азайып келеді. Тамыздың ортасында тәулігіне бірнеше жүз адамнан коронавирус анықталатын, қыркүйекте ондайлардың саны жүзге жетпейді. Алайда пневмония көрсеткіші өсіп барады – тәулігіне бірнеше жүз науқас тіркеледі.

Қазақстанда ресми статистикасына күмән келтіретіндер аз емес. Олар ПТР-тест аймақтардың барлығын қамтымайтынын, маусым мен шілдеде ауруханалар науқасқа лық толып, бос орын болмағандықтан, аурудың жеңіл және орташа түріне шалдыққандардың көбі дәрігерге бармай, үйінде емделгенін айтады.

АҚШ-тың Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, қазірге дейін әлемде Covid-19 коронавирусы 28,3 миллион адамға жұққан. 19 миллион адам дерттен айығып, 913 мың адам қайтыс болған.

17:16 11.9.2020

Зерттеу: Ресейліктердің жартысына жуығы коронавирус вакцинасын салдырмайды

Ресейліктердің 45 пайыздан астамы қай елде жасалмасын – коронавирус вакцинасын ешқашан салдырмайды. Жоғарғы экономика мектебі жүргізген зерттеу осыны көрсеткен. Зерттеуді РБК сайты жариялады. Қыркүйек айының басында жүргізілген сауалнамаға елдің әр аймағынан 18 бен 75 жас аралығындағы 9 мың адам қатысқан.

Екпеден бас тартқандардың төрттен бір бөлігі екпенің қаншалықты тиімді, қауіпсіз болатынын білгісі келетінін, сол себепті вакцинация процесін бақылайтынын айтқан. Ал төрттен бір бөлігі екпе салдыруға мүлде қарсы. Ал осы топтың шамамен 19 пайызы биыл екпе салдырмайтынын, келесі жылы шешім қабылдайтынын айтқан.

Ер адамға екпе егіп жатқан медицина қызметкері. Көрнекі сурет.
Ер адамға екпе егіп жатқан медицина қызметкері. Көрнекі сурет.

Індет басталғалы бері Ресейде эпидемияның қаупі ұлғайтылып көрсетеді деп санайтындар көбейген. Мамыр айының соңында ресейліктердің үштен бір бөлігі осылай десе, қыркүйек айының басында олардың үлесі 43 пайызға жеткен.

Сауалнамаға қатысқан әрбір бесінші адам Ресей эпидемияның екінші толқынын бастан кешіріп жатыр деп санайды. Зерттеуге сәйкес, Мәскеуде әрбір үшінші адам осылай деп ойлайды.

11 тамызда Ресей президенті Владимир Путин клиникалық сынақтың үшінші кезеңі аяқталмай жатып, Ресейдің коронавирус вакцинасын әлемде бірінші болып тіркегенін мәлімдеген. "Справочник врача" (Дәрігер анықтамалығы) сервисінің мәліметінше, сауалнамаға қатысқан дәрігерлердің жартысы ресейлік коронавирус вакцинасының қауіпсіз екеніне сенбейтінін айтқан.

8 қыркүйекте Ресей денсаулық сақтау министрлігі вакцинаның алғашқы партиясы азаматтық айналымға енгізілді деп мәлімдеген. Қазан айында жаппай вакцинация басталады.

"Левада-центр" орталығының жақында жүргізген сауалнамасына сәйкес, респонденттердің 38 пайызы егер "Спутник V" вакцинасы тегін әрі міндеттелмесе, салуға дайын екенін жеткізген. Сауалнамаға қатысқандардың 54 пайызы вакцина егуге дайын емес екенін айтқан.

Тағы

XS
SM
MD
LG