Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

18:33 4.9.2020

Қазақстанда коронавирус ахуалы қандай?

  • 4 қыркүйектегі ресми дерек бойынша, Қазақстанда 133 мыңға жуық адам індетке шалдығып, 1893 аса адам қайтыс болды. Бұл есепке анализінен коронавирус табылғандар да; анализі теріс, бірақ клиникалық белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққандар да енген.
  • Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде коронавирус жұқтырған және коронавирустық пневмонияға шалдыққан 104 мыңнан аса адам дерттен айықты.
  • Министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметов 4 қыркүйекте өткен брифингте «елде барлығы 2,5 млн коронавирус тесті жасалғанын» айтты. Министрлік алдағы уақытта бір күнде 64 мың тест жасауды жоспарлайды.
  • Алматы қаласы бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің сөзінше, қалада коронавирус жұқтыру көрсеткіші екі есе азайды.
  • Министрліктің хабарлауынша, Қазақстанда Covid індетіне шалдығып, ауыр халде жатқандар саны азайып келеді. Қазір елде коронавирус жұқтырған 5924 адам емделіп жатыр. Олардың 3119-ы ауруханада, 2805-і үйде. Вирус жұқтырып емделіп жатқандар арасында 34 бала бар.
  • 144 науқастың жағдайы ауыр. Оның 19-інің халі өте ауыр. 25 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
14:16 4.9.2020

Amnesty: Әлемде кемінде 7 мың дәрігер коронавирустан қайтыс болған

Халықаралық Amnesty International үкіметтік емес ұйымының хабарлауынша, әлемде кемінде жеті мың медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болған. Ұйым алдыңғы шепте індетпен күресіп жүрген адамдарда қорғаныш құралдары жеткілікті болуы қажет деп санайды.

"Денсаулық сақтау саласында істейтін кез келген жұмысшының қауіпсіз ортада жұмыс істеуіне құқығы бар. Олар сол үшін өте жоғары құн төлемеуі тиіс. Пандемия басталған уақыттан бері қаншама ай өтсе де, Мексика, Бразилия, АҚШ сияқты елдерде медицина қызметкерлері әлі күнге дейін адам қорқатын темппен өліп жатыр. Ал Оңтүстік Африка мен Үндістанда инфекцияның жылдам тарауы мемлекеттерге қажетті шара қолдану қажеттігін көрсетіп отыр" деді ұйымның экономикалық және әлеуметтік әділет жөніндегі басшысы Стив Кокберн.

Мексикада індет кезінде 1320 медицина қызметкері қаза болған. 610 мыңнан астам адамға вирус жұққан және коронавирустан 66 мың адам қайтыс болған. Әлемде 97 632 медицина қызметкеріне коронавирус жұққан.

Amnesty International ұйымының мәліметінше, коронавирустан көбірек зардап шеккен елдердегі дәрігерлер өлімі көрсеткіші төмендегідей:

  • АҚШ — 1 077 медицина қызметкері;
  • Ұлыбритания — 649;
  • Бразилия — 634;
  • Ресей — 631;
  • Үндістан — 573;
  • Оңтүстік Африка — 240;
  • Иран — 164.

Amnesty International коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерлерінің саны қатты азайтылып көрсетіледі деп санайды.

10:06 4.9.2020

Қазақстанда пневмонияға шалдыққан тағы 481 адам анықталды, 4 адам қайтыс болды

3 қыркүйекте белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққан 481 адам анықталды. Бір күнде пневмонияның осы түрінен 4 адам қайтыс болған, 58 адам жазылған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

1 тамыздан бері елде коронавирус пневмониясына шалдыққандар 26 803 адамға жеткен, 305 адам қайтыс болған, 5 831 адам жазылған.

Бір күнде коронавирус инфекциясынан 6 адам қайтыс болған. Наурыз айынан бері коронавирустан қайтыс болғандар саны 1 612 адамға жетті.

Қазір коронавирус инфекциясынан 5 924 адам емделіп жатыр. 34-і – бала. Стационарда – 3 119 науқас, амбулаторлық жағдайда 2 805 адам емделіп жатыр. 144 адамның жағдайы – ауыр, 19 адамның жағдайы өте ауыр, 25 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Ал пневмониядан қанша адамның емделіп жатқаны туралы мәлімет жоқ. Бұған дейін министрлік аймақ бойынша пневмонияға шалдыққандар саны туралы мәлімет беретінін айтқан. Бірақ аймақтағы ахуал жайлы ақпарат бермеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пен белгілері коронавирусқа ұқсас науқастар есебін біріктіруге кеңес берген. Екі есепті қосқанда елде науқастар саны 132 924 адамға жетеді. Адам өлімі 1900-дан асады.

07:15 4.9.2020

Қазақстанда бір күнде 89 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

3 қыркүйекте Қазақстанда 89 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. 68 адамда ауру белгісі байқалған, 21 адамда Covid симптомы білінбеген. Бір күнде 618 адам жазылған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында – 16, Нұр-Сұлтанда – 13, Алматыда 10 адамнан вирус анықталған. Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында және Шымкент қаласында жаңа науқас тіркелмеген.

Коронавирусты емдейтін ауруханада. Шілде айы, 2020 жыл.
Коронавирусты емдейтін ауруханада. Шілде айы, 2020 жыл.

Ресми мәлімет бойынша, елде коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталған адамдар саны 106 121 адамға жеткен. Наурыз айынан бері 1606 адам қайтыс болған. Бірақ бұл мәліметке белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққандар кірмеген. Эпидемия басталғалы бері 98 585 адам (шамамен 91 пайызы) жазылған.

Ал ДДСҰ мәліметінше, Қазақстанда коронавирусқа 131 695 адам шалдыққан, 1878 адам қайтыс болған. Халықаралық ұйым пневмонияға шалдыққандарды да есепке енгізіп отыр. Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, Қазақстан вирус жұқтырғандар саны жағынан әлемдегі алғашқы отыз елдің қатарына кіріп отыр.

Тағы

XS
SM
MD
LG