Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

12:41 1.9.2020

Еуропада оқушылар мектепке оралды, ата-аналар мен мұғалімдер алаңдайды

Еуропада коронавирус жұқтырғандар азаймаса да, Англия, Франция және Бельгияда оқитын миллиондаған оқушы 1 қыркүйекте мектепке оралды. Көптеген мұғалім мен ата-ана білім беру мекемелері қайта ашылса, коронавирус қайта өршіп кетуі мүмкін деп қорқады. Бірақ үкімет індеттен зардап шеккен экономика қалпына келуі үшін ата-аналарды үй шаруасынан босатып, жұмыс істеуіне мүмкіндігінше жағдай жасап жатыр. Билік сонымен бірге мемлекет жүйелі түрде даму үшін балалардың мектепке оралғаны дұрыс деп санайды.

Сыныпты дезинфекциялап жатқан маман. Көрнекі сурет.
Сыныпты дезинфекциялап жатқан маман. Көрнекі сурет.

Францияда 11-18 жас аралығындағы оқушылар мектептің ішінде де, сыртында да маска тағып жүруге міндетті. Мектептер бірқатар шектеулер болса да, әдеттегідей жұмыс істеуге көшкен.

Алты ай карантиннен кейін Англия мен Уэльстегі оқушылар да сабаққа оралды. Үкімет білім орындарында әлеуметтік қашықтық сақталатынын айтып отыр.

Ұлыбританиядағы миллионға жуық студент те оффлайн оқуға дайындалып жатыр. Бұған дейін оқытушылар үкіметті оқу корпустарын ашпауға көндіруге тырысқан. Олардың пікірінше, университеттер ашылса, денсаулық сақтау саласы ірі дағдарысқа ұшырауы мүмкін. Ғылыми қызметкерлер індет өршігеннен кейін қайта онлайн оқуға көшкен АҚШ университеттерінің тәжірибесін алға тартады.

Қазақстанда 1 қыркүйекте 3,3 млн мектеп оқушысы жаңа оқу жылын бастады. Биыл пандемия кесірінен оқушылардың 20 пайызы (бастауыш сынып және шағын мектеп оқушылары) ғана әдеттегідей форматта оқиды.

Оқи отырыңыз: UNICEF: Әлемде балалардың үштен бірінің қашықтан оқуға мүмкіндігі болмаған

09:09 1.9.2020

Қазақстанда бір күнде коронавирус пен "пневмониядан" 8 адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұққаны тест арқылы расталған 6 адам және белгілері Covid-ке ұқсас пневмонияға шалдыққан 2 адам көз жұмған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, наурыз айынан бері коронавирустан барлығы 1594 адам қайтыс болған. 1-30 тамыз аралығында вирус пневмониясынан 292 адам көз жұмған. Соңғы бір айда пневмонияның осы түріне шалдыққандар саны 25 724-ке жеткен, 5591 адам жазылған.

Коронавирус жұққан науқастарды емдеп жатқан медицина қызметкерлері. Көрнекі сурет.
Коронавирус жұққан науқастарды емдеп жатқан медицина қызметкерлері. Көрнекі сурет.

Қазір коронавирус инфекциясынан 7 379 адам емделіп жатыр. 30-ы – бала. Стационарда – 3811 науқас, амбулаторлық жағдайда 3568 адам емделіп жатыр. 197 адамның жағдайы – ауыр, 35 адамның жағдайы өте ауыр, 42 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пен белгілері коронавирусқа ұқсас науқастар есебін біріктіруге кеңес берген. Екі есепті қосқанда елде науқастар саны 131 596 адамға жетеді. Адам өлімі 1900-ға жуықтайды.

07:58 1.9.2020

Өткен тәулікте 77 адамнан коронавирус табылды

31 тамызда Қазақстанда 77 адамнан коронавирус табылды. 59 адамда ауру белгілері байқалған, 18 адамда ауру симптомы жоқ болған. Бұл туралы 1 қыркүйекте таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысы (17) мен Қарағанды облысында (14) ғана оннан астам науқас анықталған. 4 облыс (Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе облыстары) пен бір қалада (Шымкент) жаңа науқас тіркелмеген.

Коронавирус жұққандарды емдейтін аурухана қызметкері. Көрнекі сурет.
Коронавирус жұққандарды емдейтін аурухана қызметкері. Көрнекі сурет.

Бір күнде 602 адам жазылған. Елде коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталған адамдар саны 105 872-ге жеткен. 96 899 адам (немесе 91 пайыздан астамы) жазылған.

Елде коронавирус жұққаны тест арқылы расталған адамдар қатары сирегенмен коронавируспен байланысты адам өлімі азаймай отыр. 30 тамызда коронавирустан – 7 адам, белгілері Covid-ке ұқсас пневмония түрінен 6 адам қайтыс болған. Наурыз айынан бері коронавирустан – 1588 адам, пневмонияның аталған түрінен 290 адам қайтыс болған. Кейбір сарапшылар вирус пневмониясын коронавирустан "әлдеқайда қауіпті" деп санайды.

20:01 31.8.2020

Коронавирустан әлемдегі ахуал қандай?

  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуінше, коронавирус айында әлемдегі 90 пайыз елдің денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына кесірін тигізген. Пандемия кезінде басқа дертке шалдыққандар, қатерлі ісікпен ауыратындар емделе алмай қалған.
  • Әлемде коронавирус жұқтырғандар 25 миллионнан асты. 846 мың адам қайтыс болды.
  • АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар алты миллионға жуықтады.
  • Ресейде вирус жұқтырғандар бір миллионға жуықтады. Қазір елде індетке шалдыққандар 995 мыңнан асып кетті. 17 мыңнан аса адам қайтыс болды.
  • Венесуэла президенті Николас Мадура ел азаматтарын Ресей вакцинасын сынақтан өткізуге ерікті ретінде шақырды.
  • Үндістанда 30 тамызда 78512 адамнан коронавирус табылды. Қазір бұл елде 3,62 млн адам індетке шалдыққан. Үндістан вирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ пен Бразилиядан кейінгі үшінші орында тұр.
  • Қытай билігінің хабарлауынша, 30 тамызда елде 17 адамнан вирус табылған. Вирус жұқтырғандардың барлығы шеттен келген.
  • Оңтүстік Кореяда екі күн қатарынан вирус жұқтырғандар 300-ден төмен. 30 тамызда елде 248 адамнан вирус табылған. Елде 20 мыңға жуық адамнан вирус табылды. 324 адам қайтыс болды.
  • Мексикада 595 мыңнан аса адамға коронавирус жұғып, 64158 адам қайтыс болды.
  • Бразилияда 3,8 млн адамнан вирус табылды. 120 мың адам көз жұмды.

Тағы

XS
SM
MD
LG