Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

10:25 30.8.2020

Covid пен пневмония. Бір күнде 11 өлім тіркелді

Жедел жәрдем көлігі пандемия кезінде. Ақтөбе.
Жедел жәрдем көлігі пандемия кезінде. Ақтөбе.

29 тамыз күні ПТР тестімен расталмаған, диагнозы ауру белгілері бойынша қойылған коронавирус пневмониясы (U07.2 коды) 543 адамнан анықталды. Пневмонияның бұл түрінен екі адам қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрлік сондай-ақ ПТР тестімен расталған коронавирустан (U07.1 коды) қайтыс болғандардың дерегін де жариялады. Кеше, 29 тамыз күні коронавирус жұқтырғаны зертханалық талдаумен расталған тоғыз адамның өлімі тіркелген.

Аурулардың халықаралық жіктемесінде Covid ауруына екі код берілген: зертханалық талдаумен расталған ауруға U07.1 коды, зертханалық талдаумен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын ауруға U07.2 коды тағайындалады.

Қазақстан үкіметі эпидемия басталғалы тек U07.1 кодына сүйеніп, наурыз айында-ақ бекітілген U07.2 елемей келді. Үкімет тек 1 тамыздан кейін ғана ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмонияға U07.2 кодын бере бастады.

Ресми статистика бойынша, U07.1 коды 13 наурыздан бері 105 684 адамға тағайындалған. Оның ішінде 96 135 адам жазылған, 1581 адам қайтыс болған. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған, бірақ "ілеспе аурудан аурудан" қайтыс болды деген жүздеген адамның барын хабарлаған.

Тамыздың басынан бері U07.2 коды 25 658 адамға тағайындалған. Бұл адамдар қоздырушысы белгісіз вирустық пневмонияға шалдыққан. Ауру белгілері олардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсеткен. U07.2 коды бойынша, 1-29 тамыз аралығында 284 өлім тіркелген.

Қазақстанда 2020 жылдың алғашқы жеті айында 256 мың адам пневмонияға шалдыққан. Бұл – өткен жылдың алғашқы жеті айындағы пневмония шалдыққандар санынан 3,3 есе көп көрсеткіш. Пневмонияға шалдыққандар коронавирус статистикасына қосылмаған. Министрлік 256 мыңның нешеуі бактериялық, нешеуі зең, нешеуі вирустық пневмония екенін айтпады. Коронавирус болуы мүмкін дегені – қоздырушысы белгісіз вирус пневмониясы. Министрліктің бар айтқаны, 1-8 шілде аралығында 56,8 мың адамнан пневмония анықталған, оның 39,7 мыңында коронавирус белгілері байқалған.

09:17 30.8.2020

ПТР тестімен расталған дерек. Қазақстанда бір күнде 126 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Пандемия кезіндегі дәрігерлер.
Пандемия кезіндегі дәрігерлер.

29 тамыз күні Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғаны зертханалық талдаумен расталған 126 науқас тіркелді. Вирус жұқтырған 74 адамда ауру белгілері болған, 52 адамда симптомдар байқалмаған.

Тәулік көрсеткіші бойынша, көш басында Шығыс Қазақстан (24 науқас) және Қарағанды (17) облыстары, Алматы қаласы (16) және Солтүстік Қазақстан облысы (12). Алматы, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында ешқандай науқас тіркелмеген.

Covid инфекциясын жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастардың жалпы саны – 105 684.

Қазақстан үкіметі 1 тамыздан бастап ПТР тестімен расталмаған, диагнозы ауру белгілері бойынша қойылған коронавирус пневмониясының есебін жүргізіп келеді. 1-28 тамыз аралығында пневмонияның бұл түрі 25 115 адамнан анықталған.

15:58 29.8.2020

Қырғызстанда 3 күн қатарынан коронавирустан ешкім қайтыс болмады

Коронавирус науқастарына қарап отырған дәрігер. Қырғызстан, 29 тамыз 2020 жыл.
Коронавирус науқастарына қарап отырған дәрігер. Қырғызстан, 29 тамыз 2020 жыл.

28 тамыз күні Қырғызстанда 125 адамнан коронавирус анықталған. Оның ішінде инфекция жұқтырғаны зертханалық талдаумен расталған науқастар да, клиникалық белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония науқастары да бар. Бұл туралы Қырғызстанның коронавируспен күрес жөніндегі республикалық штабы хабарлады.

Жалал-Абад облысында 31 адамның, Бішкек қаласында 30 адамның, Баткен облысында 23, Ыстық-Көл және Ош облыстарында 13 және 12 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды.

Өткен тәулікте Covid өлімі тіркелмеген. Эпидемия басталғалы Қырғызстанда коронавирус ауруынан барлығы 1058 адамның қайтыс болған. Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі 18 тамыз күні Covid статистикасын қайта қарап, өлім санын үштен бірге азайтып көрсеткен. Нәтижесінде 18 тамыз күні таңертең коронавирустан 1498 адам қайтыс болды деп айтылса, сол күні кешке қайтыс болғандар саны 1053 болып қалды. Министрлік вирус жұқтырған 437 адамның басқа аурудан қайтыс болған деді.

Бір күн ішінде үш медқызметкердің вирус жұқтырғаны анықталған. Қырғызстанда барлығы 3126 медқызметкердің коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталған. Оның 2440-ы айығып шыққан.

Тәулік ішінде 247 адам жазылып шыққан. Эпидемия басталғалы елде барлығы 43 712 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталса, оның 37 973-і дерттен айыққан.

09:51 29.8.2020

Covid пен пневмония. Науқастар қатарына бір күнде 683 адам қосылды, 13 адам қайтыс болды

Коронавирус пандемия кезінде жұмыс жатқан дәрігер.
Коронавирус пандемия кезінде жұмыс жатқан дәрігер.

28 тамыз күні Қазақстанда 683 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Оның ішінде 150 адамның инфекция жұқтырғаны зертханалық талдау негізінде анықталған, 483 адамға ауру белгілері бойынша диагноз қойылған. Вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған 9 адам, ауру белгілері бойынша анықталған 4 адам қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ресми деректер бойынша, Қазақстанда карантин шектеулерін қайта енгізгелі коронавирустың тарауы баяулап, инфекция жұқтырғандар қатар азая бастаған. Карантин шектеулері екінші рет 5 шілде күні енгізілген болатын. Ол күндері күніне шамамен 1,5 мың адамнан коронавирус анықталып жүрді. Бұлардың бәрі зертханалық талдаумен расталған науқастар. Вирус жұқтырғандарды ауру белгілері бойынша анықтау тек 1 тамыздан басталды.

Қазақстанда эпидемия басталғалы барлығы 105 558 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған. Диагнозы ауру белгілері бойынша қойылған науқастары саны – 25 115. Қайтыс болғандар саны – 1854.

Қазақстанның ресми дерегіне күдік келтіретіндер көп. Ел үкіметі тамызға дейін тек ПТР тестінің нәтижесіне сүйеніп келді. Ал бұл тестің сапасы мен санына сұрақ көп болатын. Жергілікті дәрігерлер барлық белгілері бойынша коронавирустың бары анық бола тұра, ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен жағдайлар көп болды дейді. Мұны Денсаулық сақтау министрлігі де мойындады. Мекеме дерегінше, 1-8 шілде аралығында 60 мыңға жуық адамнан пневмония анықталса, оның 40 мыңға жуығында коронавирустың ауру белгілері болған. Бұл адамдар коронавирус жұқтырғандар дерегіне қосылмаған. Қазақстан президенті Қасым-Жомар Тоқаев ПТР тестілерінің өңірлер бойынша дұрыс таратылмай отырғанын, соның салдарынан індеттің шынайы ахуалын білу қиын екенін айтты.

Тағы

XS
SM
MD
LG