Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

07:28 28.8.2020

Қазақстанда бір күнде 165 адамнан коронавирус табылды

27 тамызда Қазақстанда 165 адамнан коронавирус табылған. Ауру белгісі бар – 111, ауру белгісі білінбеген 54 адам анықталған. Бұл туралы жұма таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында – 26, Алматыда – 26, Қарағанды облысында – 19, Нұр-Сұлтанда 14 адамнан вирус табылған. Қызылорда облысында науқас тіркелмеген. Бір күнде 540 адам жазылған.

Коронавирус жұққандарды емдейтін аурухана. Медицина қызметкерлері науқастардың жағдайын тексеріп жатыр.
Коронавирус жұққандарды емдейтін аурухана. Медицина қызметкерлері науқастардың жағдайын тексеріп жатыр.

Ресми статистика бойынша, ПТР тестімен расталған науқастар саны жөніндегі аймақтағы жағдай мынадай:

Алматы қаласында – 14 170 (+26)
Нұр-Сұлтан қаласында - 13 798 (+14),
Атырау облысында - 10 883 (+9),
Қарағанды облысында – 10 035 (+19),
Шығыс Қазақстан облысында – 8 114 (+26),
Батыс Қазақстан облысында – 6 732 (+10),
Шымкент қаласында - 5 171 (+2),
Алматы облысында – 4 891 (+2),
Жамбыл облысында – 4 071 (+3),
Солтүстік Қазақстан облысында – 3 906 (+12),
Павлодар облысында – 3 814 (+7),
Қостанай облысында – 3 383 (+10),
Маңғыстау облысында – 3 333 (+3),
Ақмола облысында – 3 367 (+9),
Қызылорда облысында -3 231 (+0)
Түркістан облысында – 3 297 (+11),
Ақтөбе облысында - 3 212 (+2).

Елде Covid жұққаны ПТР-тестімен расталғандар 105 408 адамға жеткен. Наурыз айынан бері кемінде 1554 адам Covid-тен қайтыс болған. 95 253 науқас жазылған.

Коронавирусқа байланысты адам өлімі туралы деректі министрлік бөлек жариялап жүр. Вирусқа шалдыққандар саны азайғанмен елде коронавирустан қайтыс болғандар саны азаймай отыр. 25 тамызда пневмония қоспағанда коронавирустан – 10 адам, 24 тамызда 11 адам қайтыс болған.

Қазақстанның ресми орындары берген Covid статистикасының дәлдігіне күмән келтіретін адамдар да бар. Көктем және жаз айларында денсаулық сақтау министрлігі ауру белгісі жоқ коронавирус жұққан адамдарды жалпы статистикаға қоспауға талпыныс жасаған кезде кейбір мамандар ведомство осылайша елдегі коронавирус ахуалын жасырғысы келеді деп айыптаған, ал министрлік жоққа шығарған.

19:40 27.8.2020

Қазақстанда коронавирус ахуалы қандай?

  • 27 тамызға дейін Қазақстанда 129344 адам індетке шалдығып, 1794 адам қайтыс болды. Бұл есепке анализінен коронавирус табылғандар да, анализі теріс, бірақ клиникалық белгілері коронавирусқа ұқсас пневмония да енген. Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен «коронавирустық пневмонияны» бөлек есептеп, ресми біріктірмей отыр.
  • Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда коронавирус жұқтырған және коронавирустық пневмонияға шалдыққан 99 мыңнан аса адам дерттен айықты.
  • Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, жаңа оқу жылында коронавирус жұқтырған мұғалімдерге өтемақы төленбейді.
  • 26 тамызда Шымкент қаласында ресми түрде коронавирус жұқтырған адам тіркелген жоқ.
  • Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, қаладағы инфекциялық ауруханалардағы 5781 орынның 10 пайызында науқастар жатыр.
  • Денсаулық сақтау министрлігінің 27 тамыздағы мәліметіне сай, елде 267 адамның жағдайы ауыр. Оның ішінде 47 адамның халі өте ауыр, 50 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Елде жалпы 8976 адам коронавирустан емделіп жатыр. Оның 38-і бала. 4548 адам ауруханада жатыр.
  • Қазақстан үкіметі карантин шектеулерін жеңілдетудің екінші кезеңін жариялады. 31 тамыздан бассейн, спорт залдар, діни орындар, мәдени нысандар жұмысын бастайды. Қалааралық автобустар мен жолаушылар пойызы да жүрді.
  • Ресми статистикаға сай, Қазақстанда 17 мамырдан бері төртінші күн вирус жұқтырғандар саны 200-ден төмен болды. 25 тамызда 173 адамнан, 26 тамызда 168 адамнан вирус анықталды.

16:00 27.8.2020

Қырғызстан: Вирустан көз жұмғандардың туыстары жақындарының өлімін зерттеуді талап етті

27 тамызда Бішкекте коронавирустан қайтыс болған адамдардың туыстары жиын өткізіп, биліктен індет кезінде көз жұмған мыңнан астам адамның өлімін зерттеуді талап етті. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Жиынға қатысқандардың бірі Айболот Айдосов "неге көп адам өлді?", "олардың өліміне кім жауап береді?" деген сұрақ қойды. Тағы бір адам Мира Айткулова атасын "дәрігерлер дұрыс емдемегендіктен қайтыс болды" деп санайды.

"Атама коронавирус жұғып, ауырып қалды. Онан кейін ауруханаға апардық. Ауруханаға өзі жүріп барды, емдеу алдында тыныс алуы да жақсы болатын. Менің атамды дұрыс емдемеген деп есептеймін. Қазір денсаулық сақтау министрлігіне сұрағым бар" деді Айкулова.

Науқастың жағдайын бақылап отырған медицина қызметкерлері. Көрнекі сурет.
Науқастың жағдайын бақылап отырған медицина қызметкерлері. Көрнекі сурет.

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі әзірге наразы тұрғындардың сұрақтарына жауап берген жоқ.

6,3 млн халқы бар Қырғызстанда ресми мәлімет бойынша, наурыз айынан бері коронавирустан 1058 адам қайтыс болған. Денсаулық сақтау министрлігі 18 тамызда қаза болғандардың статистикасын қайта қарап шыққанын, 437 адамның өліміне басқа ілеспе ауру себеп болды деп мәлімдеген еді. Олар бұған қоса, 8 адам өлімі екі рет есептеліп кеткенін айтқан. 18 тамызға дейін елде вирустан қайтыс болғандар саны 1498 адамға жеткен болатын.

Қырғызстанда вирус жұқтырғандардың жалпы саны 43 459 адамға жеткен. 37 мыңнан астамы жазылған.

14:15 27.8.2020

Министрлік: 50 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

Денсаулық сақтау министрлігінің 27 тамыздағы мәліметіне сай, елде 267 адамның жағдайы ауыр. Оның ішінде 47 адамның халі өте ауыр, 50 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Елде жалпы 8976 адам коронавирустан емделіп жатыр. Оның 38-і бала. 4548 адам ауруханада жатыр.

Тағы

XS
SM
MD
LG