Қазақстанда коронавирус ахуалы қандай?
- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебінше, Қазақстанда 127 464 адам індетке шалдығып, 1781 адам қайтыс болды. ДССҰ есебіне анализінен коронавирус табылғандар да, анализі теріс, бірақ клиникалық белгілері коронавирусқа ұқсас пневмония да енген.
- Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен «коронавирустық пневмонияны» бөлек есептеп отыр.
- Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 17-23 тамыз арасында елде Covid індетінен 108 адам қайтыс болған. Оның басым бөлігі – Алматы қаласы (32), ШҚО (17) және Нұр-Сұлтанда (16).
- Министрліктің мәліметінде Нұр-Сұлтанда 26 жастағы ер адам індеттен көз жұмғаны айтылады.
- Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда коронавирус жұқтырған және коронавирустық пневмонияға шалдыққан 97955 адам дерттен айықты.
- Министрліктің хабарлауынша, Қазақстанда қазір індетке шалдыққан 5 мыңдай адам ауруханада емделіп жатыр.
- Министрліктің хабарлауынша, Қазақстанда 308 адамның жағдайы ауыр. Оның ішінде 61 адамның жағдайы өте мүшкіл. 47 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
- Қазақстанда 17 мамырдан бері екінші күн вирус жұқтырғандар саны 200-ден төмен болды. 24 тамызда елде 175 адамнан, 25 тамызда 184 адамнан вирус анықталды.
- Қазақстанда 27 тамыздан бастап Түркияға, 12 қыркүйектен бастап Шарм-эл-Шейх қаласына (Египет) рейстер ұша бастайды. Қазір елден Дубайға (БАӘ), Франкфуртқа (Германия), Минскіге (Беларусь), Киевке (Украина) рейстер ұшып жатыр.
Қырғызстанда өткен тәулікте коронавируспен байланысты адам өлімі тіркелмеген
24 тамызда Қырғызстанда 119 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Бұл туралы коронавируспен күрес жөніндегі республикалық штаб хабарлады.
Штабтың мәліметінше, өткен тәулікте ең көп науқас Жалалабад облысында (39) анықталған. Ең төмен көрсеткіш Нарын облысында (3) тіркелген. Елде вирус жұқтырғандар 43 245 адамға жетті.
Өткен тәулікте коронавируспен байланысты адам өлімі болмаған. Эпидемия басталғалы бері вирустан 1057 адам қайтыс болған.
Қырғызстан шілде айының ортасынан бері белгілері коронавирусқа ұқсайтын пневмонияға шалдыққандарды Covid статистикасына қосып, жариялап келеді.
Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 14 адам қайтыс болды
24 тамызда Қазақстанда белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға 18 адам шалдыққан, 3 адам қайтыс болған. 31 адам жазылған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Қазақстан үкіметі коронавирустық пневмония есебін 1 тамыздан бастап жүргізіп келеді. Тамыздың басынан осы күнге дейін коронавирустық пневмонияға барлығы 22 762 адам шалдыққан. Осы аралықта 261 адам қайтыс болған. 4 550 адам жазылған.
Ведомство мәліметінше, бір күнде Сovid жұққаны зертханалық талдаумен расталған 11 адам қайтыс болған. 807 адам жазылған. 13 наурыздан бері барлығы 1523 адам Covid-тен қайтыс болған. 93 405 науқас жазылған.
Қазір коронавирус инфекциясынан 9 963 адам емделіп жатыр. 49-ы – бала. 5 248 науқас стационарда жатыр. 308 адамның жағдайы – ауыр, 61 адамның жағдайы – өте ауыр. 47 адам жасанды тыныс алу аппаратымен демалып жатыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирус пен белгілері коронавирусқа ұқсайтын ауруға шалдыққандар есебін біріктіруге кеңес берген. Ұйым ресми сайтында екі көрсеткішті біріктіріп көрсеткен. Ондағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда 127 461 адам Covid-ке шалдыққан.
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі шілде айының ортасында бұл екі көрсеткішті біріктіретінін айтқанмен кейінірек бұл ниетінен айныған. Билік дерегі бойынша, елде 104 мыңнан астам адамға коронавирус жұққан.
Кейбір сарапшылар Қазақстанның ресми орындары берген Covid статистикаға күмән келтіреді.
Өткен тәулікте 184 адамнан коронавирус анықталды
24 тамыз күні Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПТР тестімен расталған 184 науқас тіркелді. Вирус жұқтырған 112 адамда ауру белгілері байқалған, 72 адамда Covid симптомдары болмаған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Дүйсенбі күні ең жоғары көрсеткіш – Шығыс Қазақстан облысында (30), ең төмен көрсеткіш Қызылорда облысында (1) тіркелген.
Қазақстанда эпидемия басталғалы барлығы 104 902 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Басым бөлігі жазылған. 13 наурыздан бері барлығы 1523 адам қайтыс болған.
Ресми статистика бойынша, ПТР тестімен расталған науқастар саны жөніндегі аймақтағы жағдай мынадай:
Алматы қаласында – 14 108 (+24)
Нұр-Сұлтан қаласында - 13 747 (+9),
Атырау облысында - 10 845 (+12),
Қарағанды облысында – 9 978 (+20),
Шығыс Қазақстан облысында – 8 037 (+30),
Батыс Қазақстан облысында – 6 701 (+11),
Шымкент қаласында - 5 167 (+2),
Алматы облысында – 4 879 (+4),
Жамбыл облысында – 4 063 (+6),
Солтүстік Қазақстан облысында – 3 872 (+11),
Павлодар облысында – 3 791 (+14),
Қостанай облысында – 3 356 (+10),
Маңғыстау облысында – 3 322 (+7),
Ақмола облысында – 3 343 (+12),
Қызылорда облысында -3 228 (+1)
Түркістан облысында – 3 262 (+7),
Ақтөбе облысында - 3 203 (+4).
Дегенмен Қазақстанның ресми органдары берген Covid статистикасына инфекция жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастар ғана кіреді. Белгілері коронавирусқа ұқсайтын бірақ ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен пневмонияға шалдыққандар бөлек есептеліп, жарияланып келеді. Ресми статистика бойынша, пневмонияның бұл түріне 1-23 тамыз аралығында 22 мыңнан астам адам шалдыққан. 258 адам қайтыс болған.
Елде жылдың алғашқы жеті айында барлығы 256 мың адам өкпе ауруына шалдыққан. Бұл – өткен жылдың дәл осы мерзіміндегі науқастар санынан 3,3 есе көп көрсеткіш. Денсаулық сақтау министрлігі мұның ішінде коронавирустық пневмонияның үлесін қанша екенін айтпады.