Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

18:40 13.8.2020

Қазақстан билігі 17 шілдеден бастап карантинді жеңілдетпек

Қазақстан билігі коронавирус індетінің тарауына байланысты шілденің басында жарияланған карантин шараларын 17 тамыздан бастап жеңілдете бастайды. Елде карантин қалай өзгереді?

  • 17 тамыздан бастап елде сауда орталықтары, сауда үйлеріндегі бутиктер, жабық базарлар жұмысын бастайды. Базарларда келушілер үлесі 30 пайыз болуы тиіс. Бұдан бөлек, сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтар, косметикалық қызмет көрсететін орындар алдын ала жазылу арқылы келушілерді қабылдайды.
  • Бассейні жоқ фитнес орталықтар, моншалар мен сауналар 50 пайыз толымдылықпен жұмысын бастайды. Балаларға арналған түзету кабинеттері, білім беру орталықтары алдын ала жазылу бойынша, бір топта бес адамды қабылдайды. Балабақшалардағы кезекші топтар жұмыс істейді. Бір топта 15 адамнан артық болмауы тиіс. Сырттағы аттракциондар да келушілерді қабылдай бастайды. Жұрт маска тағып, арақашықтық сақтауы шарт.
  • Қалалардағы қоғамдық көліктер де жұмысқа оралады. Автобус жүргізушілері көлікті соңғы аялдамада дезинфекция жасап, желдетуі тиіс.
  • Дүйсенбіден бастап сыртта жеке және топтық жаттығулар жасауға (бес адамнан артық емес), ұлттық құрама, спорт командалары үшін 30 адам жиналып, жаттығуға рұқсат.
  • Той, ас беру, спорт жарыстары, отбасылық шаралар өткізуге қойылған шектеу сақталады. Барлар, түнгі клубтар, караоке, фудкорт, кинотеатр, ойын-сауық орындарыны жұмысын әлі бастамайды. Театр, музей, концерт орталықтары жабық күйінде қалады. Конференция, көрме, форум өткізуге тыйым сақталады. Бассейндер, жағажайлар, аквапарктер жабық болады. Мешіт пен шіркеу де әзірге жабық күйінде қалады.
  • Жолаушылар пойызы мен қалааралық автобустардың қозғалысына шектеу сақталады.
  • Үкімет эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру үшін демалыс күндері шектеу шаралары сақталады деп мәлімдеді. Бірақ нақты қандай шектеу шаралары сақталатынын ашып айтпады. Қазақстан билігі маусымның ортасында елде індет өрши бастаған түсте демалыс күндері толық карантин жариялап, сауда орындарының және қоғамдық көліктердің жұмысын шектеген еді.
  • Үкімет жұмыс берушілерге қызметкерлердің кемінде 80 пайызына үйден жұмыс істеуге мүмкіндік беруді сұрайды.
  • Үкімет эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру үшін демалыс күндері шектеу шаралары сақталады деп мәлімдеді. Бірақ нақты қандай шектеу шаралары сақталатынын ашып айтпады. Қазақстан билігі маусымның ортасында елде індет өрши бастаған түсте демалыс күндері толық карантин жариялап, сауда орындарының және қоғамдық көліктердің жұмысын шектеген еді.
13:12 13.8.2020

Алматы облысы: Тұрғындармен кездесу видеосы жарияланғаннан кейін санитар дәрігердің үстінен тәртіптік іс қозғалды

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановқа қатысты тексеру басталғанын хабарлады. Бұған дейін Instagram-дағы парақшалардың бірінде Сыдымановтың Талдықорған қаласындағы кәсіпкерлермен кездесуінен үзінді кадрлар жарияланған болатын. Онда шенеуніктің карантин шараларына шағымданған кәсіпкерлерге "басты қатырмаңдар, жұмыс істеңдер" деп айтқаны көрінеді.

13 тамызға қараған түні денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов Алматы облысының бас санитар дәрігеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді.

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

"Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың кәсіпкерлермен кездесуі кезінде азаматтарға дөрекілік көрсеткен видеосын көрді" деп жазды Қожахметов Facebook-тағы парақшасында.

13 тамызда таңертең жергілікті ақпарат агенттіктері мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің ресми өкіліне сүйене отырып, "мемлекеттік қызметкерге қатысты тәртіптік іс қозғалып, этика жөніндегі кеңес отырысында талқылау тапсырылды" деп жазды. Агенттік өкілдері оның қорытындысы көпке жарияланады деді.

50 жастағы Ерғали Сыдымановтың Алматы облысының бас санитар дәрігері қызметіне тағайындалғаны 12 тамызда белгілі болған еді. Сыдымановқа дейін облыстың бас санитар дәрігері болған Қайрат Баймұхамбетов өткен айда пневмониядан қайтыс болған.

Соңғы аптада Қазақстанның түрлі аймағында ондаған кәсіпкерлер мен жұмысшылар карантин шараларының кесірінен табыссыз қалғанына шағымданып, жұмыс істеуге рұқсат беруді сұраған еді. Олардың айтуынша, кейбір жекелеген кәсіпорындар шектеуге қарамастан жұмыс істеп жатыр. Ал жергілікті билік санитар дәрігерлердің қаулысына сүйеніп, жұмыс істеп жатқан нысандарды жабуға уәде берген.

5 шілдеде енгізілген карантинге сәйкес, елде қызмет көрсету, бөлшек сауда, жолаушылар тасымалдаумен айналысатын бірқатар кәсіпорындар жұмыстарын тоқтатқан. 13 тамызда мемлекеттік комиссия карантин шараларын біртіндеп жұмсарту жоспарын қарайды.

09:37 13.8.2020

Қазақстанда бір күнде коронавирус пен вирустық пневмониядан 29 адам қайтыс болған

Қазақстанда 12 тамызда белгілері коронавирусқа ұқсайтын пневмонияға шалдыққан 972 адам анықталған, 7 адам қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, 1-12 тамыз аралығында коронавирустық пневмонияға шалдыққан 15 732 адам анықталған. 188 адам қайтыс болған.

Ведомство бір күнде коронавирус инфекциясынан қайтыс болған адамдар саны туралы да хабарлады. 12 тамызда коронавирустан 22 адам қайтыс болған. Елде коронавирустан кемінде 1335 адам көз жұмған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдеріне оның ішінде Қазақстанға да коронавирус пен белгілері коронавирусқа ұқсайтын, бірақ зертханалық талдаумен расталмаған пневмония түрін біріктіруге кеңес берген. Ресми сайтында да халықаралық ұйым Қазақстандағы Covid статистикасын солай біріктіріп көрсеткен. Егер екі көрсеткішті қосса, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар – 117 104 адамға жетеді.

Бірақ бұл да толымсыз дерек. Өйткені, бұл дерекке 1 тамызға дейінгі тіркелген пневмония мен одан қайтыс болғандар есебі кірмеген. Ал Қазақстанда пневмония негізінен маусым және шілде айларында өршіген. Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін коронавирустық пневмония есебі бөлек жүргізілмегендіктен оған жалпы пневмонияны қоспаймыз деген болатын.

Ресми мәлімет бойынша, жыл басынан тамызға дейін пневмонияға (пневмонияның барлық түріне) 256 мың адам шалдыққан. Бұл – өткен жылдың алғашқы жеті айымен салыстырғанда 3,3 есе көп көрсеткіш. Былтыр осы аралықта өкпе ауруынан 2,3 мың адам қайтыс болса, биыл төрт мыңнан астам адам көз жұмған.

08:38 13.8.2020

Өзбекстанда 15 тамыздан бастап карантин шаралары жұмсартылады

15 тамыздан бастап Өзбекстанның барлық аймақтарында көлік қозғалысына рұқсат етіледі, ішкі әуе және теміржол қатынасы қалпына келеді. 12 тамызда президент Шавкат Мирзияев осылай деп мәлімдеді.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шипажай, пансионат, қонақүй, мұражай, балалар сауықтыру лагерьлері, сұлулық салоны, шаштараз, қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы қалпына келеді.

Үйде санитария талаптарын сақтай отырып, 30 адамнан аспайтын отбасылық шараларды өткізуге болады.

17 тамыздан бастап аймақтар арасында автобустар жүре бастайды. 20 тамыздан бастап құрылыс базарлары, азық-түлік емес сауда орындары, ірі дүкендер, спорт залдар, фитнес клубтар, бассейндер жұмыс істей бастайды.

Республикалық комиссия әрбір нысанға қойылатын санитания талаптарын анықтауы тиіс.

Тағы

XS
SM
MD
LG