Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

14:50 11.8.2020

Арменияда мектептер жаңа оқу жылын 15 қыркүйекте бастайды

Армениядағы мектептер жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта 15 қыркүйекте бастайды, мектептерде барлық санитария-гигиена талаптары сақталуы тиіс. Бұл туралы Арменияның білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Араик Арутюнян хабарлады. Оның сөзіне қарағанда арнайы кәсіптік білім беру мекемелері, музыка және көркем өнер мектептері де қалыпты форматқа көшеді. Ол жоғары оқу орындары мен өзге де білім беру мекемелеріне байланысты шешім алдағы уақытта қабылданатынын айтты.

Наурыз айында Армения билігі коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жариялап, карантин енгізген кезде барлық білім беру мекемелерінде сабақ тоқтап, мектептер мен жоғары оқу орындары қашықтан оқи бастаған еді. Содан бері елде төтенше жағдай бірнеше рет тоқтап, қайта күшіне енді. Қазіргі шектеу шаралары 12 тамызда аяқталуы тиіс, алайда билік бұдан соң тағы бір айға ұзартуды жоспарлап отыр.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, Арменияда эпидемия басталғалы бері 40,4 мың адамға вирус жұққан, 796 адам қайтыс болған.

08:49 11.8.2020

Өткен тәулікте коронавирустық пневмонияға шалдыққан 57 адам анықталған, 9 адам қайтыс болған

Қазақстанда 10 тамызда белгілері коронавирусқа ұқсайтын пневмонияға шалдыққан 57 адам анықталған, 9 адам қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

1-10 тамыз аралығында пневмонияның осы түріне шалдыққан 13 337 адам анықталған. 173 адам қайтыс болған.

Жаз айларында елде пневмонияға шалдығу күрт өршіп кетті. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан тамызға дейін ауруға 256 мың адам шалдыққан. Бұл – өткен жылдың алғашқы жеті айымен салыстырғанда 3,3 есе көп көрсеткіш. Былтыр осы аралықта өкпе ауруынан 2,3 мың адам қайтыс болса, биыл төрт мыңнан астам адам көз жұмған.

Жергілікті медицина мамандарының қысымы мен халықаралық қауымдастықтың назарынан кейін Қазақстан билігі 17 шілде күні 1 тамыздан бастап коронавирус пен ауру белгілері бойынша соған ұқсайтын пневмония дерегін біріктіріп жариялауға уәде етті. Алайда 2 тамыздан бастап жарияланған пневмония дерегі коронавирус статистикасынан бөлек жарияланып келеді. 10 тамызда денсаулық сақтау министрлігі өкілдері "пневмонияны" коронавирус дерегіне қоспайтынын мәлімдеді.

Коронавирус статистикасына тамызға дейін тіркелген 256 мың пневмония жағдайының бір де бірі кірмеген.

07:54 11.8.2020

Денсаулық министрлігі коронавирус жұқтырғандар 100 мыңнан асқанын хабарлады

Қазақстанда өткен тәулікте 722 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Елде коронавирус жұқтырғандар 100 164 адамға жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтанда – 156, Алматыда – 120 адамнан коронавирус табылған. Бұл екі қала вирус жұқтырғандар саны жағынан (екеуінде де 13 мыңнан асады) республикада алда тұр. Қалған қалалар мен облыстарда олардың саны 10 мыңға жетпейді.

Бір күнде 1179 адам жазылған. Барлығы 73 702 адам (73 пайызы) айыққан.

Эпидемия басталғалы бері коронавирустан 1269 адам қайтыс болған деп айтылады. Бұған коронавирус жұққан, бірақ арнайы комиссия "Covid-тен емес, өзге ілеспе аурудан қайтыс болды" деп шешім шығарған жүздеген адамның өлімі енбеген. Кейбір мамандар Қазақстанның ресми орындары таратқан коронавирус статистикасына күмән келтіреді.

Қазақстан билігі вирус жұқтырғандардың жалпы саны 100 мыңнан асты дегенмен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, елде вирус жұқтырғандар саны 111 мыңнан асқан. Халықаралық ұйым белгілері коронавирусқа ұқсайтын пневмонияға шалдыққандарды да елдің Covid статистикасына қосып есептеп отыр.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі басында "пневмонияны" Covid статистикасына қосатынын айтқанмен 10 тамызда бұл ниетінен айнығанын білдірді.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 1-9 тамыз аралығында 13 280 адамның коронавирустық пневмонияға шалдыққаны расталған, 164 адам қайтыс болған.

16:29 10.8.2020

Министрлік өкілі елде "қиын кезең артта қалды" деп мәлімдеді

10 тамызда Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахмет брифинг өткізіп, елдегі індет жағдайына қатысты мәліметтер айтты.

  • Министрлік өкілі елде індетке байланысты қиын кезең "артта қалды" деп хабарлады.
  • Ресми статистика бойынша, наурыздан бері елде коронавирус инфекциясын 99 442 адам жұқтырып, науқастардың шамамен 72 пайызы, яғни, 72 523 дерттен айыққан. Қазір 4713 адам емделіп жатыр. Науқастардың арасында 246 адамның жағдайы нашар. 70 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
  • Тамыз айының алғашқы он күнінде анализі теріс, бірақ клиникалық белгілері Covid індетіне ұқсас пневмонияға 13 280 адам шалдыққан. 164 адам қаза болған. Елде коронавирус анықталғандар саны 99442 адамға жетті. 1269 адам Covid індетінен қайтыс болды.
  • Министрлік өкілі елдегі коронавирус пен коронавирустық пневмония санын біріктірмейтінін айтты. Сарапшылар Қазақстандағы коронавирус індетінің статистикасына күдік келтіреді. Билік коронавирус жұқтырған кем дегенде үш жүз марқұмды "өліміне басқа ауру себеп болды" деп ресми статистикаға қоспады. Бұдан бөлек, мауым мен тамыз арасында коронавирустық пневмонияға шалдыққандар мен қайтыс болғандар ешқандай статистикаға енбей қалды.
  • Министрлік өкілі Қазақстан індеттің екінші толқынына дайындықты бастағанын хабарлады. “Екінші толқын бола қалған жағдайға екі жүз мың науқасқа елу түрлі дәрі-дәрмек қоры әзірленбек” деді Қожахмет.
  • “Симптомы бар тұрғындар жергілікті мекенжайы бойынша емханаға барып тест тапсыруына болады. Нәтиже оң болса парацетамол, ибупрофен сияқты дәрілер тегін беріледі” деп уәде етті министрлік өкілі.
  • Бағдат Қожахмет “Елде аруханада орындар 60 пайызға, жан сақтау бөлімдерінде 58 пайызға азайды” деді.
  • Министрлік мәліметінше, елде R көрсеткіші (бір адамның қанша адамға вирус жұқтыратынын есептейтін өлшем бірлік) 1,2-ден 0,84-ке азайған.
  • Былтыр қазан мен наурыз айларының аралағында миллионға жуық қазақстандық ЖРВИ жұқтырған, биыл бұл көрсеткішке Covid қосылып, ауырғандар саны “артуы мүмкін”.
  • Елде наурыздан бері 2257 балаға коронавирус жұққан. 114 бала ауруханада емделіп жатыр.

Тағы

XS
SM
MD
LG