Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

13:22 10.8.2020

Иран президенті шектеу шаралары 2021 жылдың қаңтарына дейін күшінде қалады деді

Иран президенті Хасан Роухани коронавирус індетіне байланысты енгізілген шектеу шаралары 2021 жылдың қаңтар айының соңына дейін күшінде қалады деп мәлімдеді.

"Осындай жағдайда өмір сүріп жатқанымызға алты ай болды, енді өзімізді кемінде тағы алты айға дайындауымыз керек" деді президент. Роуханидің 9 тамыз күні жариялаған мәлімдемесінде осындай мәлімет айтылады.

Иран президенті Хасан Роухани.
Иран президенті Хасан Роухани.

Иран басшысының сөзіне қарағанда билікте әзірге шектеу шараларын жұмсарту жоспарда жоқ.

"Біз қалыпты жағдай мен шектеу шараларын сақтау арасында алтын ортасын табуымыз керек" деді.

Иран соңғы екі айда коронавирусқа байланысты шектеулерді жұмсартып, соның салдарынан вирус жұқтырғандар күрт көбейіп, күніне 200-ге дейін адам қайтыс болған. Соңғы мәлімет бойынша, мұнда 324 мыңнан адамға коронавирус жұққан, 18 264 адам қайтыс болған. Бұған дейін Иран үкіметі жариялаған мәліметтерге күмән де болған.

Жақында британдық BBC сайты анонимді түрде жіберілген құжаттарға сүйене отырып, Иран үкіметінің коронавирустан қайтыс болғандар санын бірнеше есеге кемітіп көрсеткенін хабарлаған еді.

Иран денсаулық сақтау министрлігі осыған дейін коронавирус жұққандар саны мен вирустан қайтыс болғандар дерегін жасырмай хабарлап отырғанын айтқан.

11:04 10.8.2020

Еңбек министрлігі 2,2 млн адамның 21 250 теңге алғанын хабарлады

Қазақстанда карантин кезінде табыссыз қалғандарға берілетін әлеуметтік көмекті тамыз айында 2,2 млн адам алған. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Бұл жолы қазақстандықтарға тамыз айының екі аптасы үшін 21 250 теңгеден берілген.

"10 тамыз сағат 10.00-дегі жағдай бойынша, шілде айында мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 508 мың адамнан өтініш қабылданған. Төлем мөлшері ең төменгі жалақы – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 257,3 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 241,6 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды" делінген министрлік хабарламасында.

Азаматтар категориясы бойынша жіктесек, 835,1 мың өтінішті бірыңғай төлем жиынтығын төлеушілер түсірген, 231,1 мың жұмыс беруші жалдамалы жұмысшылары үшін өтініш берген, 1 млн 441 мың өтініш өзге категорияға жататын азаматтардан (жеке кәсіпкерлер, өзін жұмыспен қамтығандар да бар) келіп түскен. Атаулы әлеуметтік көмек немесе жәрдемақы, зейнетақы алатындарға 42 500 теңге төленбейді. Өтініш қабылдау 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

Елде карантин 16 тамызда аяқталуы тиіс. Осыған дейін мемлекеттік комиссия өкілдері коронавирус ахуалы тұрақталғанын, 17 тамыздан бастап біртіндеп шектеу шараларын алып тастайтынын хабарлаған еді. Дегенмен кейбір облыстарда шектеу шаралары күшейіп, кейбір сауда орындары жабылған. Карантин ұзартыла ма, жоқ па, әзірге белгісіз.

Қазақстанда коронавирус індеті қайта өршігеннен кейін елде 5 маусымнан бастап карантин шаралары күшейген еді. Содан бері екі апта сайын созылып келеді.

Наурыз бен мамыр айларында жарияланған карантин кезінде де тұрғындарға 42 500 теңге берілген. Үкіметтің айтуынша, алғашқы айда - 4,5 млн адам, екінші айда 2 млн-нан астам адам 42,5 мың теңге алған. Шілде айында 1,8 млн адам әлеуметтік көмек алған.

Бұған дейін кейбір кәсіпкерлер әлеуметтік көмектің мардымсыз екенін айтып, биліктен сауда орындарын ашуды талап еткен еді. Несиелерін төлей алмай отырғанын айтқан саудагерлер банкроттық алдында тұрмыз деп шағымданған. Ал билік өкілдері эпидемиологиялық ахуалға байланысты шешім қабылданады деп мәлімдеген.

Оқи отырыңыз: Талғар қаласында кәсіпкерлер базарды ашуды талап етті

09:08 10.8.2020

Денсаулық министрлігі коронавирустық пневмонияға шалдыққандар күрт азайғанын хабарлады

Қазақстанда 9 тамызда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 159 адамнан анықталған. Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 1011 болатын. Министрлік дүйсенбі күнгі хабарламасында көрсеткіштің күрт азаюының себебін түсіндірмеген.

Бірақ соған қарамастан пневмониямен байланысты адам өлімі азаймай отыр. Аурудың бұл түрінен бір күнде 12 адам қайтыс болған.

Қазақстан үкіметі коронавирустық пневмония есебін 1 тамыздан бастап жүргізіп отыр. Тамыздың басынан осы күнге дейін пневмонияның бұл түрі 13 280 адамнан анықталған. Осы аралықта аурудан 164 адам қайтыс болған.

Жаз айларында елде пневмонияға шалдығу мезгілсіз өршіп кетті. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан тамызға дейін ауруға 256 мың адам шалдыққан. Бұл – өткен жылдың алғашқы жеті айымен салыстырғанда 3,3 есе көп көрсеткіш. Былтыр осы аралықта өкпе ауруынан 2,3 мың адам қайтыс болса, биыл төрт мыңнан астам адам көз жұмған.

Жергілікті медицина мамандарының қысымы мен халықаралық қауымдастықтың назарынан кейін Қазақстан билігі 17 шілде күні 1 тамыздан бастап коронавирус пен ауру белгілері бойынша соған ұқсайтын пневмония дерегін біріктіріп жариялауға уәде етті. Алайда 2 тамыздан бастап жарияланған пневмония дерегі коронавирус статистикасынан бөлек жарияланды.

Коронавирус статистикасына тамызға дейін тіркелген 256 мың пневмония жағдайының бір де бірі кірмеді.

07:51 10.8.2020

Пневмониясыз статистика. Қазақстанда бір күнде 741 адамнан коронавирус табылды

9 тамызда Қазақстанда 741 адамнан коронавирус инфекциясы табылған. Бір күнде коронавирустан 23 адам қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Биліктің жариялаған мәліметіне сәйкес, коронавирус жұққандар саны жағынан Алматы (13 433), Нұр-Сұлтан (13 049), Атырау облысы (10 606) алда тұр. Қалған қалалар мен облыстарда вирус жұққандар 10 мыңға жетпейді.

Қазақстан билігі барлығы 99 442 адамға вирус жұққанын айтып отыр. Алайда бұл – вирус жұққаны зертханалық талдаумен расталған адамдар саны. Бұл статистикаға белгілері коронавирусқа ұқсайтын пневмонияға шалдыққандар (13 мыңнан астам адам) енгізілмеген. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметінше, Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны 110 мыңға жуықтаған. Демалыс күндері ДДСҰ коронавирустық пневмонияны да коронавирусқа қосып есептей бастаған еді. Билік әзірге коронавирус пен "пневмонияны" бөлек есептеп, жариялап жүр.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің сайтында Қазақстан билігі берген дерек (98 мыңнан астам) жарияланып тұр.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда пневмонияны қоспағанда коронавирустан барлығы 1269 адам қайтыс болған. Бұған коронавирус жұққан, бірақ арнайы комиссия "Covid-тен емес, өзге ілеспе аурудан қайтыс болды" деп шешім шығарған жүздеген адамның өлімі енбеген. Кейбір мамандар Қазақстанның ресми орындары таратқан коронавирус статистикасына күмән келтіреді.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 1-8 тамыз аралығында 13 121 адамның пневмонияға шалдыққаны расталған, 152 адам қайтыс болған.

Тағы

XS
SM
MD
LG