Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

13:22 7.8.2020

Талғар қаласында кәсіпкерлер базарды ашуды талап етті

7 тамызда Алматы облысы Талғар ауданында елуге жуық кәсіпкер жергілікті әкімдік ғимаратының алдына жиналып, биліктен қала орталығындағы "Тәуіп" базарын ашуды талап етті.

Жиналғандардың бірі, жеке кәсіпкер Асылбек Қарабаевтың айтуынша, екі күн бұрын осыған ұқсас наразылық жиыны өткен. 5 тамыз күнгі шарада әкімдік өкілдері "7 тамыздан бастап базарлар ашылады" деп уәде берген. Алайда уәдені орындамаған.

Тағы бір кәсіпкер Ұятхан Бектемірованың сөзіне қарағанда, "Тәуіп" базары көктемде індет басталып, төтенше жағдай жарияланған кезде наурыз айынан 20 мамырға дейін жабық болған.

– Маусым-шілде айларында да толық істемедік. Адамдар ең көп келетін сенбі, жексенбі күндері жабық тұрды. Енді "тамыздың 17-сіне дейін екі апта тағы жабық болады" дейді. Біз бұған қарсымыз. Өйткені бізден басқа базарлар ашық тұр. Жабық тұрған екі айда да, осы жолы да үкімет тарапынан берілген әлеуметтік көмекті (42 500 теңге) алған жоқпыз, – дейді Ұятхан Бектемірова.

Жиналғандардың алдына аудан әкімінің орынбасары Дәркен Нұржанов шықты. Ол облыста вирус жұқтырғандар саны қайта көбейіп, эпидемиологиялық ахуал күрделенгенін айтты. Екі күн бұрын облыста 44 науқас тіркелсе, 6 тамызда олардың саны 64-ке жеткен. Соның салдарынан облыстың бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарып, 7 тамыздан бастап, барлық ашық-жабық құрылыс және киім-кешек базарларын жабу қажеттігін айтқан.

– Егер көрсеткіш қайтадан азайса базарларды ашамыз. Бұл біздің емес – облыстың шығарған қаулысы, – деді Нұржанов.

Дегенмен аудан әкімі кәсіпкерлерге карантин кезінде табыссыз қалғандарға берілетін әлеуметтік көмекті алуға жәрдемдесетінін айтты. Бұдан соң кәсіпкерлер жергілікті билік өкілдерімен бірге қаладағы сауда нысандарын аралап көрді. Қала орталығында ашық тұрған кейбір құрылыс базарларына жергілікті билік нысанды жабу қажеттігін айтып ескертті.

Аудан орталығында үлкен-кішілі 9 базар жұмыс істейді. 7 тамыз күнгі ақпарат бойынша, Талғар ауданында короновирус жұқтырған бір адам, пневмониямен 8 адам ауруханаға жатқызылған. Шілде айының соңында аудан әкімі Жолан Омаров пневмониядан көз жұмған болатын.

08:37 7.8.2020

Бір күнде 1424 адам коронавирустық пневмонияға шалдықты, 18 адам қайтыс болды

6 тамызда Қазақстанда белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға 1424 адам шалдыққан, 18 адам қайтыс болған. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі жұма күні таңертең хабарлады.

1 тамыздан бері зертханалық талдаумен расталмаған, диагнозы клиникалық белгілер бойынша қойылған коронавирустық пневмонияға 11 008 адам шалдыққан, 120 адам қайтыс болған.

Қазақстанда жаз айларында ПТР нәтижесі теріс бірақ белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония өршіп кетті. Жергілікті мамандар мен халықаралық қауымдастықтың қысымынан соң, денсаулық сақтау министрлігі 17 шілде күні 1 тамыздан бастап коронавирус пен белгілері бойынша соған ұқсайтын пневмония дерегін біріктіретінін айтқан еді.

Алайда министрлік кейінірек 1 тамызға дейін тіркелген жағдайлардың ешқайсысы бұл статистикаға кірмейді деп мәлімдеді.

Министрліктің мәліметінше, 1 қаңтар мен 2 тамыз аралығында Қазақстанда барлығы 256 541 адам пневмонияға шалдыққан. Оның 35 мыңы маусымда, 152 мыңдайы шілдеде тіркелген. Былтыр дәл осы мерзім аралығында пневмонияға 76 986 шалдыққан. Биыл өкпе ауруына шалдыққандар былтырғыдан 3,3 есе өскен. Мамандар пневмонияның мезгілсіз өршуін коронавирус індетімен байланыстырырады.

Пневмония дерегі 2 тамыздан бастап жарияланып келеді. Бірақ денсаулық сақтау министрлігі уәде еткендей, коронавирус статистикасына біріктіріліп емес, бөлек хабарланып отыр.

07:27 7.8.2020

Қазақстанда өткен тәулікте 980 адамнан коронавирус табылды

6 тамызда Қазақстанда 980 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Бір күнде 30 адам коронавирустан қайтыс болған. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Тәулік көрсеткіші бойынша әдеттегідей Нұр-Сұлтан (186) және Алматы (175) қалалары көш бастап тұр. Ең төменгі көрсеткіш Ақтөбе (2) облысында тіркелген.

Қазақстанда барлығы 96 922 адамның коронавирус жұқтырғаны расталған.

Алматы қаласында - 12 995 (+175 адам жаңадан қосылды),
Нұр-Сұлтан қаласында -12 530 (+186),
Атырау облысында - 10 511 (+44),
Қарағанды облысында - 9 160 (+85),
Шығыс Қазақстан облысында - 7 045 (+92),
Батыс Қазақстан облысында - 6 160 (+58),
Шымкент қаласында - 5 070 (+26),
Алматы облысында - 4 623 (+46),
Жамбыл облысында - 3 804 (+40),
Павлодар облысында - 3 469 (+22),
Солтүстік Қазақстан облысында - 3 419(+45),
Қызылорда облысында -3 143 (+33),
Ақтөбе облысында - 3 085 (+2),
Маңғыстау облысында - 3 063 (+33),
Қостанай облысында - 2 988 (+35),
Түркістан облысында - 2 929 (+27),
Ақмола облысында - 2 928 (+31).

Ресми мәлімет бойынша, коронавирустан жазылып шыққандар бір күнде 1 809 адамға артып, 70 680­-ге жетті. Вирустан барлығы 1 189 адам қайтыс болған. Бұл дерекке коронавирус инфекциясын жұқтырған бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген адамдар мен коронавирустық пневмониядан қайтыс болғандар кірмей отыр.

Қазақстан 2 тамызда алғаш рет зертханалық анализбен расталмаған коронавирустық пневмония дерегін жариялай бастады. Бірақ оған 1 тамызға дейін тіркелген науқастар енбеген.

Coronavirus2020.kz сайтындағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда 1 тамыздан бастап 9 584 адамның коронавирустық пневмонияға шалдыққаны расталып, дерттен 102 адам көз жұмған.

11:59 6.8.2020

Статистикаға кірмеген дерек: Коронавирустық пневмония бір күнде 1530 адамнан анықталды

Қорғаныс маскасын таққан адамдар коронавирус пандемиясы кезінде базардан сауда жасап қайтып бара жатыр. Нұр-Сұлтан, Қазақстан, 4 тамыз, 2020 жыл.
Қорғаныс маскасын таққан адамдар коронавирус пандемиясы кезінде базардан сауда жасап қайтып бара жатыр. Нұр-Сұлтан, Қазақстан, 4 тамыз, 2020 жыл.

5 тамыз күні Қазақстанда 1530 адамның коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдыққаны анықталды. Аурудың бұл түрінен бір тәулікте 16 адамның өлімі тіркелді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ресми дерек бойынша, зертханалық талдаумен расталмаған, диагнозы клиникалық белгілер бойынша қойылған коронавирустық пневмонияға 1 тамыздан бері 9584 адам шалдыққан, 102 адам қайтыс болған.

Қазақстанда жаз айларында ПТР нәтижесі теріс бірақ белгілері бойынша коронавируске ұқсайтын пневмония өршіп кетті. Жергілікті мамандар мен халықаралық қауымдастықтың қысымынан соң, денсаулық сақтау министрлігі 17 шілде күні 1 тамыздан бастап коронавирус пен белгілері бойынша соған ұқсайтын пневмония дерегін біріктіретінін айтты.

Көп ұзамай денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін тіркелген жағдайлардың ешқайсысы бұл статистикаға кірмейді деп мәлімдеді.

Министрліктің мәліметінше, 1 қаңтар мен 2 тамыз аралығында Қазақстанда барлығы 256 541 адам пневмонияға шалдыққан. Оның 35 мыңы маусымда, 152 мыңдайы шілдеде тіркелген. Былтыр дәл осы мерзім аралығында пневмонияға 76 986 шалдыққан. Биыл өкпе ауруына шалдыққандар былтырғыдан 3,3 есе өскен. Мамандар пневмонияның мезгілсіз өршуін коронавирус пандемиясымен байланыстырырады.

Пневмония дерегі 2 тамыздан бастап жарияланып келеді. Бірақ денсаулық сақтау министрлігі уәде еткендей, коронавирус статистикасына біріктіріліп емес, бөлек хабарланып отыр.

Тағы

XS
SM
MD
LG