Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

07:42 30.7.2020

Қазақстанда бір күнде 1472 адамнан коронавирус табылды

29 шілде күні Қазақстанда коронавирус инфекциясы 1472 адамнан анықталды. Вирус жұқтырған 644 адамда аурудың клиникалық белгілері байқалмаған. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Нұр-Cұлтан қаласында - 226, Шығыс Қазақстан облысында - 211, Алматы қаласында - 208, Қарағанды облысында 107 адамнан коронавирус табылған. Қалған облыстарда бір тәулікте анықталған вирус жұқтырғандар жүзден аспайды.

Аймақтар бойынша жағдай мынадай:

  • Алматы қаласы - 11 444 (+208 адам жаңадан қосылды),
  • Атырау облысы - 10 175 (+64),
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 10 796 (+226),
  • Қарағанды облысы – 8 412 (+107),
  • Шығыс Қазақстан облысы – 6 075 (+211),
  • Батыс Қазақстан облысы - 5 639 (+79),
  • Шымкент қаласы – 4 839 (+55),
  • Алматы облысы – 4 257 (+69),
  • Жамбыл облысы – 3 443 (+52),
  • Ақтөбе облысы – 3 004 (+24),
  • Павлодар облысы – 3 052 (+65),
  • Қызылорда облысы – 2 913 (+54),
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 2 977 (+65),
  • Маңғыстау облысы – 2 836 (+44),
  • Түркістан облысы – 2 721 (+23),
  • Ақмола облысы – 2 532 (+59),
  • Қостанай облысы – 2 549 (+67).

Ресми дерек бойынша, елде барлығы 87 664 адамға коронавирус жұққан. 57 815 адам жазылған. 28 шілде күнгі мәлімет бойынша, COVID-тан 793 адам қайтыс болған.

Осы аптада денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанын, вирус жұқтырғандар азайып, ауруханалардағы орындардың босағанын айтқан.

Оқи отырыңыз: Цой "карантин енгізілгелі вирус жұқтырғандар 29% азайды" дейді. Рас па?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 29 шілдеде вирус қаупі сейілмегенін айтып карантин шараларын тағы екі аптаға созған.

15:22 29.7.2020

Індеттің кесірінен жарты миллион өзбек мигранты шетелге шыға алмай қалған

Коронавирус індеті кезінде енгізілген шектеу шараларының кесірінен шамамен 500 мың өзбек мигранты шетелге жұмыс істеуге бара алмай қалған. Бұл туралы осы апта басында Өзбекстанның еңбек және халық қатынасы министрлігінің баспасөз хатшысы Рахимжон Махкамов хабарлады.

Новосибирск әуежайынан Өзбекстанға ұшу үшін төлқұжаттарын тексертіп тұрған өзбек мигранттары. 23 мамыр 2020 жыл.
Новосибирск әуежайынан Өзбекстанға ұшу үшін төлқұжаттарын тексертіп тұрған өзбек мигранттары. 23 мамыр 2020 жыл.

Оның сөзіне қарағанда шетелге шыға алмай қалған 76,2 мың мигрант елде жұмысқа орналастырылған. Атап айтқанда, 68,7 мың адам қоғамдық жұмысқа тартылған. Оларға жалақы төлеу үшін қоғамдық жұмыс қорынан 21,8 млрд сом (2,1 млн доллар) бөлінген.

2020 жылы қаңтар-маусым айларында өзге елдерде жұмыс істеп келген 219 657 адам Өзбекстанға оралған. Олардың 122 805-і – Ресейден, 63 636 – Қазақстан, 22 697 - Оңтүстік Корея, 7 144 мигрант Түркиядан келген.

Министрліктің айтуынша, шетелген оралғандардың жартысы жұмысқа орналастырылған.

Эпидемия басталғанға дейін Ресейде шамамен екі миллион өзбек мигранты бары айтылған. Қазақстанның ресми органдарының мәліметінше, 2019 жылы Қазақстанда 394 мың өзбек мигранты болған.

12:09 29.7.2020

Тоқаев карантин шараларын екі аптаға ұзартуды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссияға "карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету арқылы екі аптаға ұзартуды тапсырды". Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты сәрсенбі күні өткен отырыста Тоқаев ​"шектеу шараларының оң ықпалын арттыру" қажеттігін және шекаралас көрші мемлекеттердегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсуі мүмкін екенін айтқан.

Аурухана алдында тұрған ер адам. Алматы, шілде айы 2020 жыл.
Аурухана алдында тұрған ер адам. Алматы, шілде айы 2020 жыл.

Бір күн бұрын денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мемлекеттік комиссияға елде эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келе жатқандықтан карантин шараларын 3 тамыздан бастап біртіндеп жұмсартуды ұсынған еді. Ол бұған дейін жұмысына тыйым салынған ірі сауда орталықтары, базарлардың шектеулі режимде жұмыс істеуіне рұқсат беруге болатынын айтқан.

Сәрсенбі күнгі отырыста мемлекеттік комиссия жетекшісі, премьер-министр Асқар Мамин 5 шілдеден бастап карантин қайта күшейгеннен кейін елде вирус жұқтырғандар 29 пайызға азайғанын, стационарларда емделіп жатқан науқастар қатары 43 пайызға қысқарғанын айтқан. Оның айтуынша, реанимация палаталарындағы науқастар 27 пайызға азайған. Жазылғандар көбейген. Жедел жәрдемін шақыртушылар сиреген.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда шамамен 86,1 мың адамнан коронавирус табылған. Вирус жұқтырғандар саны жағынан Қазақстан әлемде 27-ші орында тұр.

Эпидемия басталғалы бері 56 мыңнан астамы жазылған. 800-ге жуық адам қайтыс болған. Денсаулық сақтау министрлігі 28 шілдеде елде бір аптада 208 адам коронавирустан қайтыс болды деп мәлімдеді.

Сарапшылар Қазақстандағы коронавирустан қайтыс болғандардың санына күмәнмен қарайды. Билік коронавирус жұқтырған кем дегенде 319 марқұмды "өліміне басқа дерт себеп болды" деп ресми статистикаға қоспай отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдерін анализінен коронавирус табылған науқастарды ресми статистикаға қосуға шақырған.

11:24 29.7.2020

АҚШ барлау қызметі: Ресей COVID-19 туралы жалған ақпарат таратты

Ресейдің барлау қызметі ағылшын тіліндегі бірнеше сайтты пайдалана отырып, коронавирус індеті туралы жалған ақпарат таратты. Бұл туралы Америка барлаушыларының мәліметіне сүйенген АҚШ ақпарат құралдары хабарлады.

Ресейдің COVID-19 туралы жалған ақпарат таратқаны туралы Еуроодақ плакаты.
Ресейдің COVID-19 туралы жалған ақпарат таратқаны туралы Еуроодақ плакаты.

Есепке сәйкес, Ресейдің әскери барлаушылары кемінде үш ресурс: InfoRos.ru, Infobrics.org және OneWorld.press сайттарында 150-ден астам мақала жариялап, коронавирус туралы конспирологиялық теорияларды насихаттаған. Атап айтқанда, коронавирус америкалық әскери зертханада биологиялық қару ретінде жасалды деген қытай тұжырымын дамытып, таратқан. Құжатта Денис Тюрин және Александр Старунскийдің аты-жөндері аталады, олар осы материалдардың шығуына тікелей атсалысқан. Америка барлаушыларының айтуынша, олардың Ресей барлаушыларына қатысы бар.

InfoRos.ru сайты Ресей үкіметіне тиесілі, қалған екі сайт ресми түрде тәуелсіз ақпарат порталдары деп аталады. New York Times дереккөзінің айтуынша, АҚШ федералдық тергеу бюросы тағы бір интернет-басылым - Strategic Culture Foundation сайты мен Ресейдің сыртқы барлау қызметі арасындағы байланысты зерттеп жатыр. Мамыр айында ол сайтта танымал Кремль сыншысы Барак Обама әкімшілігіне жұмыс істеген Эвелин Фаркасты қаралайтын мақала жарияланған. Фаркас маусым айында демократтардың ішкі сайлауында жеңіліп қалған.

InfoRos.ru сайты Ресей барлаушыларына қатысы жоғын айтып, айыптауды жоққа шығарады.

Тағы

XS
SM
MD
LG