Елде бір күнде 1544 адамнан коронавирус табылды. Алматыда Covid жұқтырғандар 11 мыңнан асты
28 шілде күні Қазақстанда коронавирус инфекциясы 1544 адамнан анықталды. Вирус жұқтырған 760 адамда аурудың клиникалық белгілері байқалмаған. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Алматы қаласында - 271, Нұр-Cұлтан қаласында - 250, Шығыс Қазақстан облысында - 193, Қарағанды облысында 129 адамнан коронавирус табылған. Қалған облыстарда бір тәулікте анықталған вирус жұқтырғандар жүзден аспайды.
Аймақтар бойынша жағдай мынадай:
- Алматы қаласы - 11 236 (+271 адам жаңадан қосылды),
- Атырау облысы - 10 111 (+58),
- Нұр-Сұлтан қаласы – 10 570 (+250),
- Қарағанды облысы – 8 305 (+129),
- Шығыс Қазақстан облысы – 5 864 (+193),
- Батыс Қазақстан облысы - 5 560 (+80),
- Шымкент қаласы – 4 784 (+51),
- Алматы облысы – 4 188 (+73),
- Жамбыл облысы – 3 391 (+52),
- Ақтөбе облысы – 2 980 (+22),
- Павлодар облысы – 2 987 (+50),
- Қызылорда облысы – 2 859 (+52),
- Солтүстік Қазақстан облысы – 2 912 (+63),
- Маңғыстау облысы – 2 792 (+49),
- Түркістан облысы – 2 698 (+35),
- Ақмола облысы – 2 473 (+51),
- Қостанай облысы – 2 482 (+65).
Ресми дерек бойынша, 86 192 адамға коронавирус жұққан. 56 638 адам жазылған. 28 шілде күнгі мәлімет бойынша, COVID-тан 793 адам қайтыс болған.
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасына аптасына бір рет жариялап отыр. Кейбір сарапшылар Қазақстандағы коронавирустан қайтыс болғандардың санына күмәнмен қарайды. Билік коронавирус жұқтырған кем дегенде 319 марқұмды "өліміне басқа дерт себеп болды" деп ресми статистикаға қоспай отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдерін анализінен коронавирус табылған науқастарды ресми статистикаға қосуға шақырған.
Елде клиникалық белгілері коронавирусқа ұқсас пневмониядан қайтыс болғандардың нақты статистикасы жоқ. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы ұсынған мәліметі бойынша, елде 1-15 шілдеде 1555 адам пневмониядан көз жұмған.
Елде коронавирустан қайтыс болғандар 800-ге жуықтады
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі елде 20-26 шілде аралығында коронавирустан 208 адам қайтыс болғанын мәлімдеді. Министрлік жанындағы өлім себебін тексеретін арнайы комиссия 208 адамның өліміне коронавирус себеп деп тапқан. Осылайша, елде ресми мәлімет бойынша, 793 адам Covid індетінен көз жұмды.
Марқұмдардың арасында 26 жастағы (Түркістан облысында) және 29 жастағы науқастар (Алматы қаласы мен Алматы облысы) бар. Өткен аптада қайтыс болғандар мына аймақтарда:
- Қарағанды облысы - 56
- Алматы қаласы - 38
- Жамбыл облысы - 28
- Шығыс Қазақстан облысы - 23
- Батыс Қазақстан облысы - 12
- Нұр-Сұлтан қаласы - 10
- Алматы облысы - 10
- Маңғыстау облысы - 8
- Ақмола облысы - 7
- Солтүстік Қазақстан облысы - 6
- Атырау облысы - 4
- Қостанай облысы - 3
- Түркістан облысы - 2
- Ақтөбе облысы - 1
Ресми дерекке сай, Қазақстанда Covid індетінен қайтыс болған 793 адам мына аймақтарда:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 205
- Қарағанды облысы - 137
- Алматы қаласы - 111
- Ақмола облысы - 38
- Түркістан облысы - 38
- Жамбыл облысы - 35
- Батыс Қазақстан облысы - 34
- Шымкент қаласы - 31
- Маңғыстау облысы - 31
- Шығыс Қазақстан облысы - 28
- Павлодар облысы - 23
- Атырау облысы - 22
- Ақтөбе облысы - 19
- Алматы облысы - 14
- Солтүстік Қазақстан облысы - 14
- Қызылорда облысы - 7
- Қостанай облысы - 6
Сарапшылар Қазақстандағы коронавирустан қайтыс болғандардың санына күмәнмен қарайды. Билік коронавирус жұқтырған кем дегенде 319 марқұмды "өліміне басқа дерт себеп болды" деп ресми статистикаға қоспай отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдерін анализінен коронавирус табылған науқастарды ресми статистикаға қосуға шақырған.
Бұдан бөлек, денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасына аптасына бір рет жариялап отыр. Елде клиникалық белгілері коронавирусқа ұқсас пневмониядан қайтыс болғандардың нақты статистикасы жоқ. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы ұсынған дерегіне сай, елде 1-15 шілдеде 1555 адам пневмониядан көз жұмған.
Қазақстанның оңтүстік аймағында шілде айында жақындарының қайтыс болғаны туралы анықтама алғандар күрт көбейген.
Еңбек министрлігі 1,8 млн адамның 42 500 теңге алғанын хабарлады
Карантин кезінде табысынан айрылғандарға берілетін 42 500 теңге (шамамен 100 доллар) көлеміндегі қаржылай көмек 1,8 млн адамға берілді. Бұл туралы 28 шілдеде билік өкілдері хабарлады.
"28 шілде [таңертеңгі] сағат 9-дағы ақпарат бойынша, 2,2 млн адамнан әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан бір реттік төлем тағайындау туралы өтініш келіп түсті...1,9 млн адамға төлем тағайындалды. 1 млн 820 мың азаматқа ақша аударылды" делінген еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдемесінде.
Бұған дейін үкімет карантин шаралары қайта күшейгендіктен табыссыз қалған азаматтарға шілде айында да қаржылай көмек берілетінін хабарлаған еді. Оны жұмысшылар, жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, фрилансерлер ала алады.
Үкіметтің мәліметінше, 2 млн 233 мың адамның 822,1 мыңына төлем проактивті форматта (автоматты түрде) тағайындалған, 554,3 мыңы - электронды үкімет порталы арқылы, 287,6 мыңы - 42500.enbek.kz, 569,6 мыңы мобильді қосымша және банк сайттары арқылы өтініш берген.
Азаматтар категориясы бойынша жіктесек, 822,1 мың өтінішті бірыңғай төлем жиынтығын төлеушілер түсірген, 170,4 мың жұмыс беруші жалдамалы жұмысшылары үшін өтініш берген, 1 млн 241 мың өтініш өзге категорияға жататын азаматтардан (жеке кәсіпкерлер, өзін жұмыспен қамтығандар да бар) келіп түскен. Атаулы әлеуметтік көмек немесе жәрдемақы, зейнетақы алатындарға 42 500 теңге төленбейді. Өтініш қабылдау 1 қыркүйекке дейін жалғасады.
5 маусымда жарияланған карантин алғашында 14 күнге созылады деп айтылған еді, кейінірек билік карантин шараларын 2 тамызға дейін созды. Бастапқыда үкімет жұмысын тоқтатқан компания жұмысшыларына мемлекет әлеуметтік төлем төлемейді деп мәлімдеген еді, бірақ кейінірек төлейтіні белгілі болды.
Наурыз бен мамыр айларында жарияланған карантин кезінде де тұрғындарға 42 500 теңге берілген. Үкіметтің айтуынша, алғашқы айда - 4,5 млн адам, екінші айда 2 млн-нан астам адам 42,5 мың теңге алған.
Ресми мәлімет бойынша, ол кезде 42 500 теңге алуға 8 млн-нан астам адам өтініш берген. Сол уақытта кейбір тұрғындар құжаттарды рәсімдеудің қиын екеніне шағымданған. Мамыр айында үкімет төтенше жағдай кезінде табыссыз қалып, қаржылай көмек алмағандардың өтініші қайта қаралады деп айтып, жергілікті штабтарға құжатпен баруға кеңес берген. Кейбір азаматтар мемлекет берген қаржылай көмек - 42 500 теңгенің мардымсыз екенін айтқан.
Денсаулық сақтау министрі 28 шілде күнгі үкімет отырысында мемлекеттік комиссиядан 3 тамыздан бастап ірі сауда орындары мен қызмет көрсету орындарына жұмыс істеуге рұқсат беруді сұраған.
Оқи отырыңыз: Еңбек министрі 42 500 теңге кімге берілетінін, кімге берілмейтінін айтты
Қазақстан мен Қырғызстанда Құрбан айт кезінде мешіттерде намаз оқылмайды
Қырғызстанда Құрбан айт мерекесі кезінде мешіттерде намаз оқылып, қоғамдық шаралар өткізілмейді. Бұл туралы Қырғызстанның мұсылмандар діни басқармасы хабарлады. Басқарма коронавирус індеті таралмас үшін осындай шешім қабылдап отырғанын айтты. Биыл Құрбан айт мерекесі шілденің 31-і мен 2 тамыз аралығында өтеді.
"Барлық мұсылмандарды түсіністікпен қарауға және Құрбан айт мерекесін отбасында атап өтуге шақырамыз" делінген мүфтият мәлімдемесінде.
Өткен аптада Қазақстанның мұсылмандар басқармасы 2 тамызға дейін карантин күшінде болғандықтан Құрбан айт кезінде мешіттерде намаз оқылмайды деп мәлімдеген еді. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 27 шілдеде құрбандыққа шалынатын малдарды заңсыз тасымалдауды тоқтату үшін Алматыға кіреберісте блокпост қойылатынын айтқан. Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, қала аумағында мал союға тыйым салынған. Алматы қаласының кіреберісіндегі блокпостар 27 шілде мен 2 тамыз аралығында істейді.
Жыл сайын Меккеге қажылық жасау аяқталған кезде әлем мұсылмандары Құрбан айт мерекесін атап өтеді. Бұл күні олар құрбандыққа мал сойып, етін жағдайы нашар отбасыларға таратады. Өткен айда Сауд Арабиясы билігі коронавирус індетіне байланысты шетел азаматтарының Мекке мен Мәдинаға қажылық жасай алмайтынын хабарлаған.
10 шілдеде Қырғызстанның мұсылмандар басқармасы мешіттерде жұма намазын оқуға тыйым салған болатын. Мешітке барушылар санитарлық нормаларды қатаң сақтауы қажет.
Ал Қазақстанда діни орындар 5 маусымнан бастап жабық. 3 тамызда елде карантин шаралары жұмсаруы мүмкін, алайда ресми орындар мешіттер жабық күйде қалады деді.