Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

08:48 27.7.2020

Қазақстанда бір күнде 1402 адамнан коронавирус табылды

26 шілде күні Қазақстанда коронавирус инфекциясы 1402 адамнан анықталды. Вирус жұқтырған 589 адамда аурудың клиникалық белгілері байқалған. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Нұр-Cұлтан қаласында - 292, Алматы қаласында - 221, Шығыс Қазақстан облысында - 171, Қарағанды облысында 106 адамнан коронавирус табылған. Қалған облыстарда вирус жұқтырғандар жүзден аспайды.

Ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысы (23) мен Қызылорда облысында (8) тіркелген.

Аймақтар бойынша жағдай мынадай:

  • Алматы қаласы - 10 712 (+221 адам жаңадан қосылды),
  • Атырау облысы - 9988 (+37),
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 10 070 (+292),
  • Қарағанды облысы – 8 058 (+106),
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5 492 (+171),
  • Батыс Қазақстан облысы - 5 394 (+88),
  • Шымкент қаласы – 4 708 (+54),
  • Алматы облысы – 4 030 (+38),
  • Жамбыл облысы – 3 288 (+52),
  • Ақтөбе облысы – 2 947 (+25),
  • Павлодар облысы – 2 880 (+54),
  • Қызылорда облысы – 2 738 (+8),
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 2779 (+74),
  • Маңғыстау облысы – 2 699 (+45),
  • Түркістан облысы – 2 615 (+23),
  • Ақмола облысы – 2 370 (+56),
  • Қостанай облысы – 2 354 (+58).

Ресми дерек бойынша, 83 122 адамға коронавирус жұққан. 51 823 адам жазылған. 21 шілде күнгі мәлімет бойынша, COVID-тан 610 адам қайтыс болған. COVID-19 жұққан 319 адам "ілеспе аурудан" қайтыс болған.

Бірақ кейбір сарапшылар коронавирус жұққандар мен одан қайтыс болғандар бұдан әлдеқайда көп деп санайды.

08:41 26.7.2020

Қазақстанда Covid жұқтырғаны расталғандар 1,5 мың адамға артып, 82 мыңға жақындады

Карантинге жабылған балалар ойын алаңы. Алматы, 22 маусым 2020 жыл. Көрнекі сурет.
Карантинге жабылған балалар ойын алаңы. Алматы, 22 маусым 2020 жыл. Көрнекі сурет.

25 шілде күні Қазақстанда коронавирус инфекциясы 1494 адамнан анықталды. Вирус жұқтырған 856 адамда аурудың клиникалық белгілері байқалған. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Көш басында – Нұр-Cұлтан қаласы (284), Шығыс Қазақстан облысы (192) және Алматы қаласы (173). Кейінгі күндері вирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші бойынша Шығыс Қазақстан облысы өзге облыстардан алда келеді. Облыста күн сайын 150-ден астам жағдай тіркеліп отыр.

Ең төменгі көрсеткіш Ақтөбе (12) және Түркістан (21) облыстарының үлесінде.

Кеше, 25 шілде күні кейінгі апталардың ең төменгі көрсеткіші тіркелді. Маусымның ортасынан шілденің бірінші жартысына дейін індеттің тарауы күшейіп тәуліктік көрсеткіш 2 мыңға жуықтап отырған. Үкімет алдымен 5 шілдеден бастап екі аптаға карантин шараларын енгізді. Кейін карантинді 2 тамызға дейін ұзартты. Айдың ортасынан күнделік көрсеткіш 1,6 мыңға төмендеді.

Бірақ мұның бәрі тек зертханалық талдау кезінде коронавирустың бары расталған ресми дерек қана. Елде ондаған мың адам белгілері бойынша коронавируске ұқсайтын, бірақ ПТР нәтижесі коронавирустың жоқ екенін көрсеткен пневмония ауруына шалдыққан. Үкімет олардың тек 1 тамыздан бастап негізгі санаққа қоспақ.

Бұдан бөлек тест санының аздығы бар. Маусым айында денсаулық сақтау министрлігі күнделік тест саны 28 мыңға жеткенін, келесі айларда 38 мыңға жететінін айтқан. Алайда қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сәйкес, кейінгі апталарда күнделік тест саны 12-18 мың шамасында болған. Бұдан бөлек, тестің аймақ бойынша дұрыс арақатынаспен үлесірілмеу мәселесі де бар. Мұны ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та мойындаған.

Эпидемия басталғалы Қазақстанда барлығы 81 720 адамның вирус жұқтырғаны расталған. Соңғы дерек бойынша, вирустан ресми түрде 610 адам қайтыс болған. Сондай-ақ коронавирус инфекциясын жұқтырған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген 319 адам бар.

Аймақтар бойынша жағдай мынадай:

  • Алматы қаласы - 10 491 (+173 адам жаңадан қосылды),
  • Атырау облысы - 9951 (+85),
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 9778 (+284),
  • Қарағанды облысы – 7952 (+121),
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5321 (+192),
  • Батыс Қазақстан облысы - 5306 (+95),
  • Шымкент қаласы – 4654 (+39),
  • Алматы облысы – 3992 (+59),
  • Жамбыл облысы – 3236 (+53),
  • Ақтөбе облысы – 2922 (+12),
  • Павлодар облысы – 2826 (+73),
  • Қызылорда облысы – 2730 (+24),
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 2705 (+80),
  • Маңғыстау облысы – 2654 (+71),
  • Түркістан облысы – 2592 (+21),
  • Ақмола облысы – 2314 (+54),
  • Қостанай облысы – 2296 (+59).

Ресми дерек бойынша, коронавирустан жазылғандар саны 563-ке артып, 51 823-ке жетті.

12:02 25.7.2020

Covid індеті: АҚШ-та 4 күн қатарынан 1 мың адам өлген, Еуропа сақтық шараларын күшейтті

Коронавирустан қайтыс болған медқызметкерлердің құрметіне арналған акциядағы ақ аяқкиімдердің көрінісі. Калифорния, АҚШ. Көрнекі сурет.
Коронавирустан қайтыс болған медқызметкерлердің құрметіне арналған акциядағы ақ аяқкиімдердің көрінісі. Калифорния, АҚШ. Көрнекі сурет.

Әлемде коронавирус жұқтырғаны расталғандар саны 16 миллионға жақындады. Оның 9 миллионы дерттен айығып үлгерген. Өкінішке қарай, 640 мыңға жуық адам ауруды жеңе алмай, қайтыс болған. Расталған коронавирус жағдайларының төрттен бірі АҚШ үлесінде.

АҚШ-та коронавирустың өршуі тоқтар емес. Елде эпидемия басталғалы 4,1 миллион адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталған. Оның 1,2 миллионы ғана жазылып шыққан.

Елде Covid өлімі осымен төртінші күн қатарынан 1000 адамнан асып отыр. Вирус жұқтырып, салдарынан қайтыс болғандар саны 146 мыңға жуықтады. Кейінгі бес күнде вирус жұқтырғаны анықталғандардың тәуліктік көрсеткіші 68 мың шамасында болған. Індетті ең қатты зардап шегіп отырғаны – елдің оңтүстігі мен батысындағы Флорида, Техас және Калифорния штаттары. Коронавируске қарсы күрестің үйлестірушісі доктор Дебора Биркстің мәлімдеуінше, егер оңтүстіктегі штаттарда індеттің өршуі тоқтамаса, вирус жағдай тұрақтаған солтүстік штаттарына қайта соққы беруі мүмкін.

Еуропа елдері коронавирустың тарауы баяулаған соң, маусымның ортасында карантин шектеулерін алып тастап, шекарасын Еуропа елдерінің азаматтарына ашқан болатын. Бірақ әлемдік ахуалдың ушығуына байланысты Германия, Франция, Австрия секілді елдер сақтық шараларын қайтадан күшейте бастады.

Коронавирус індетін бақылау алғандай көрінген Австралияда вирус жұқтырғандар саны қайтадан көбейе бастады. Халық саны бойынша елдің екінші ірі штаты Викторияда бір күнде 357 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталып, бес Covid өлімі тіркелді. Өткен аптаның жұмасында вирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші 300 шамасында болатын. Сәрсенбі күні бұл көрсеткіш рекордқа жетіп, 483 адамды құрады.

Австралия – вирус жұқтырғандар мен ауру салдарынан қайтыс болғандар арасындағы арақатынас бойынша ең төменгі көрсеткішті ұстап отырған елдердің бірі. Елде вирусты жұқтырғаны расталғандар саны – 13 950, аурудан қайтыс болғандар саны – 145. Індеттің тарауы күшейген соң, үкімет алты апталық карантин шектеулерін енгізіп, маска тағуды міндеттеді. Үкімет талабын орындамағандарға 143 доллар айыппұл салынады.

Ішкі Қытайда 24 шілде күні 34 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған. Оның 24-і Шыңжаң өлкесінің үлесінде. Алдыңғы күні тәуліктік көрсеткіш 21 болған. Сонымен қатар елде клиникалық белгілері байқалмаған 74 жағдай тіркелген. 23 шілде күні симптомсыз жағдайлар саны 43 болатын.

Оңтүстік Кореяда бір күнде 113 жағдай тіркелген. Бұл – наурыздан бергі ең ірі көрсеткіш. Вирус жұқтырғаны расталғандардың жалпы саны – 14 092. 24 шілде күні тіркелген жағдайлардың 86-сы шетелден келгендердің үлесінде.

09:02 25.7.2020

Қазақстанда Covid жұқтырғандар саны 80 мыңнан асты

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

24 шілде күні Қазақстанда 1740 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды. Вирус жұқтырған 924 адамда аурудың клиникалық белгілері байқалған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Нұр-Cұлтан және Алматы қалаларында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында вирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші екі жүзден асқан. Атырау, Қарағанды және Павлодар облыстарының әрқайсында жүзден аса адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталған. Ең төменгі тәулік көрсеткіші Түркістан облысында тіркелген, онда коронавирус бар болғаны 19 адамнан анықталған.

Өткен тәулікте 1772 адам коронавирустан жазылып шыққан.

Елде барлығы 80 226 адамның коронавирус жұқтырғаны зертхана талдауы негізінде дәлелденген. Оның ішінде 51 260 науқас дерттен айыққан, 610 адам қайтыс болған. Сондай-ақ коронавирус инфекциясын жұқтырған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген 319 адам бар.

Аймақтар бойынша жағдай мынадай:

  • Алматы қаласы – 10318 (+220 адам жаңадан қосылған),
  • Атырау облысы - 9866 (+156),
  • Нұр-Сұлтан қаласы -9494(+251),
  • Қарағанды облысы - 7831(+150),
  • Батыс Қазақстан облысы - 5211 (+91),
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5129 (+215),
  • Шымкент қаласы – 4615 (+39),
  • Алматы облысы - 3933 (+53),
  • Жамбыл облысы - 3183 (+61),
  • Ақтөбе облысы - 2910 (+36),
  • Павлодар облысы - 2753 (+109),
  • Қызылорда облысы -2706 (+80),
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 2625 (+85),
  • Маңғыстау облысы - 2583 (+64),
  • Түркістан облысы - 2571 (+19),
  • Ақмола облысы - 2261 (+51),
  • Қостанай облысы - 2237 (+60).

Қазақстан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша карантин жарияламаған Швециядан озып, осы індет бастау алды деген Қытайдан кейінгі 27-орынға шықты. Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, індеттің өршуі қаңтар және ақпан айларына келген Қытайда 86 мың адамның коронавирус жұқтырғаны расталған.

Тағы

XS
SM
MD
LG